Қазақстан 2018 адам қҰҚЫҚтары жөніндегі баяндама



жүктеу 3,91 Mb.
Pdf просмотр
бет17/19
Дата28.12.2019
өлшемі3,91 Mb.
#25282
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

 

 

 



 

 

   



 

 

 



 

 

 



 

 

https://travel.state.gov/content/travel/en/International-Parental-Child- 



Abduction/for-provid-

ers/legal-reports-and-data.html 

құжатқа  сілтеме        бойынша,  АҚШ  Мемлекеттік  департа-

ментінің балаларды ұрлау жөніндегі жылдық есебін қараңыз. 

 

Антисемитизм 

 

Еврей қауымдастығының жетекшілерінің есептеуінше, мемлекетте шамамен 10,000 еврей 



тұрады. Олардың айтуынша, үкімет немесе қоғам тарапынан антисемитизм оқиғалары тір-

келмеген. 

 

Адам саудасы 

 

АҚШ 



Мемлекеттік 

департаментінің 

 

Адам 

саудасы 

туралы 

 

есебін  



http://www.state.gov/j/tip/rls/tiprpt/ 

құжатқа сілтеме бойынша қараңыз. 

 

Мүмкіндігі шектеулі адамдар 

 

Заң   физикалық,  сенсорлық,   интеллектуалдық   жəне   ақыл-ой   кемістігі   бар   адамдарды 



жұмыспен   қамту,  білім  беру  жəне  медициналық  көмекке  қол  жетімділік  жəне  басқа 

да мемлекеттік   қызметтермен   қамтамасыз   етуде   дискриминацияға   тыйым   салады, 

алайда айтарлықтай кемсітулер əлі де бар.   Үкімет мүгедектерге  кедергі  келтіретін  кейбір  

тосқауылдарды  жою,  соның  ішінде  ақпаратқа  қол жеткізуді  қамтамасыз  ету  бойынша  

шаралар  қабылдады.  ҮЕҰ  мəлімдеуінше, мүгедектік  туралы  заң іске асқан жоқ. 

 

Заң компаниялардан жұмыс орындарының 3 пайызын мүгедектерге бөлуді талап етеді жəне   



мемлекет      2050      жылға      дейінгі      Президент      стратегиясының      бір      бөлігі      ретінде 

экономикалық   мүмкіндіктерді   күшейту   үшін  шаралар  қабылдады.  Соған  қарамастан  

мүгедектігі  бар  адамдар  қоғамға  кірігу  жəне жұмысқа  тұруда  көп  қиындықтарға  тап  

болды.  Үкімет  мүгедектердің  алдында  тұрған инфрақұрылымның  төмен  деңгейі  мен  

білімге  қолжетімділіктің  жоқтығы  секілді  екі  үлкен тосқауылды  анықтады,  ал  мүге-

дектер  қоғамдық  көлікте  жүру  қиынға  соғатынын мəлімдеді.   

 

Адам құқықтарын бақылаушылар мүгедектерге қатысты кемсітушіліктің бірнеше түрлерін 



атап  өтті:  кейбір  əуе  компаниялар  жалғыз  саяхаттағысы  келген  мүгедектерге  билет 

сатқысы  келмеді,  олардың  жанында  көмекшілердің  жүруін  талап  етті;  дəрігерлер  арбаға 

танулы əйелдерді бала тумауға шақырды; сондай-ақ қамау орындарындағы мүгедектердің 

жағдайы əлі де елеулі проблема болып қала берді. 

Үкімет  заң  аясында  мүгедектердің  дауыс  беру  құқықтарын  шектеген  жоқ  жəне  сайлау 

учаскелеріне бара алмайтын адамдарға үйде дауыс беру тəртібін ұйымдастырды.  

 

Психиатриялық стационарлардағы науқастардың  құқықтарына  қатысты  ешқандай  ере-



желер жоқ. Адам құқықтарын бақылаушылардың  пікірінше,  бұл  пациенттердің  құқықта-


 

 

 



 

 

   



 

 

 



 

 

 



 

 

рын    бұзуға  əкеліп  соқты.  ҮЕҰ  пациенттердің  жағдайының  нашарлығы  жəне  құпиялы-



лықтың  жетіспеушілігі  жайлы  хабарлады.  Психикалық  ақыл-есі  кем  азаматтар    олардың  

келісімінсіз  немесе  соттың  қарауынсыз  мемлекеттік  мекемелерге  жіберілуі мүмкін, ал 

18 жасқа толмаған  жасөспірімдер өз  отбасыларының  рұқсатымен  жіберілді. ҰАМ есебіне 

сəйкес,  ауруханалардың   көпшілігі  кең   ауқымды  жөндеуді  талап   етті.  Сонымен қатар 

қызметкерлердің  жетіспеушілігі,  санитарлық-гигиеналық    жағдайлардың    нашарлығы,  

азық-түлік өнімдерінің   тапшылығы,   халықтың   көптігі,   жарық   пен   ауаның   жетіспе-

ушілігі   сияқты мəселелер байқалды. 

 

ҰАМ    мүшелері   науқастарды азаптау  мүмкін жағдайлар   мен    белгілерді    тексеру    



үшін психиатриялық   ауруханаларға   бара   алады,  бірақ   ҰАМ   мүшелері   жетімдер   

үйін  қоса алғанда, балалар орналасқан мекемелерге бара алмады. 

 

Ұлттық / Нəсiлдiк / Этникалық азшылықтар 

 

Қазақ тілі ресми мемлекеттік тіл болып табылады, бірақ орыс тілі ұлтаралық қарым-қаты-



нас тілі болып саналады.  Заң Президенттікке үміткерлерден  қазақ  тілінде  еркін  сөйлеуді  

талап етеді.  Заң  мемлекеттік  қызметке  тұру  үшін  қазақ  тілі бойынша емтихан тапсы-

руды  талап  етеді  жəне  тілге байланысты кемсітушілікке жол бермейді. 

 

Жыныстық бағдар мен гендерлік сəйкестікке негізделген зорлық-зомбылық, дискри-



минация жəне басқа да құқық бұзушылықтар 

 

Конституцияға  сəйкес,  кез  келген  адамның  шыққан  тегіне;  кəсіптік,  əлеуметтік  немесе 



мүліктік  жағдайына;  жынысына;  нəсіліне;  азаматтығы;  тіл;  дін  немесе  наным;  тұрғы-

лықты жері;   немесе   кез-келген   басқа   жағдайлар   бойынша   ешқандай   дискримина-

цияға   жол берілмейді.  Елде бір жыныстағылардың келіскен жыныстық  қатынастары үшін  

қылмыстық  жауапкершілік қарастырылмайды. 

 

Жыныс  ауыстыру  туралы  құжаттар  бар  болса  да,  заң  трансгендер  адамнан    жеке  куəлік 



бермес  бұрын  психиатриялық    жəне    физикалық    талаптарды    орындауды    талап    етеді.  

Көптеген адамдар жылдар  бойы  сəйкес  келмейтін  құжаттармен  өмір  сүргенін,  жұмы-

спен  қамту,  тұрғын  үй  жəне денсаулық сақтауға қатысты қиындықтары жайлы баяндады. 

 

 



ЛГБТИ-ға қарсы зорлық-зомбылық əрекеттері үшін қозғалған сот істері болған жоқ.  Жы-

ныстық бағдар  мен  гендерлік  сəйкестікке  негізделген  кемсітушілік  пен зорлық-зомбы-

лық  туралы  мемлекеттік  статистика  болмағанымен,  мұндай  əрекеттер  туралы мəлімет-

тер тіркелген.    ЛГБТИ    қауымдастығындағы    ҮЕҰ-ның    сауалнамасына    сəйкес, 

респонденттердің  48  пайызы  жыныстық  бағдарына  қатысты  зорлық-зомбылық  пен жек 

көрушілікке ұшырады, ал 56 пайызы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамды білетінін 

айтты. Кең таралған қорлау түрлеріне   тіл тигізу,   зорлық-зомбылық,   жеке өмірге араласу 

жəне ұрып-соғу кірді. 

 



жүктеу 3,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау