Қазақстан 2018 адам қҰҚЫҚтары жөніндегі баяндама



жүктеу 3,91 Mb.
Pdf просмотр
бет8/19
Дата28.12.2019
өлшемі3,91 Mb.
#25282
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

 

 

 



 

 

   



 

 

 



 

 

 



 

 

Ұлттық  қауіпсіздік:  Заң    бойынша    Президенттің    денсаулығы,    қаржысы    немесе    жеке  



өмірі, сондай-ақ   пайдалы   қазбалар   қоры,   үкіметтің   шетелдік   кредиторларға   қарызы   

туралы экономикалық    мəліметтер    туралы    ақпарат    таратқан    жағдайда    жауап-

кершілікке    тарту көзделген.  Осыған  ұқсас  мəселелерді  болдырмау  үшін  бұқаралық  

ақпарат  құралдары көбіне Президентке жəне оның отбасына қатысты цензураны өздігінен 

жасайды. 

 

Заң  «Ұлттық  қауіпсіздікке  зиян  келтіретіндей  ақпаратты  қасақана  бұрмалауға, сенімсіз 



ақпарат  тарату  мақсатында  қоғамдық  жəне  жеке  санаға  ықпал  етуге»  тыйым  салады.  

Заң  сарапшылары  «сенімсіз  ақпарат»  ұғымының  қолдану  аясы  өте  кең  деп  айтқан.  Заң 

сондай-ақ  байланыс  желілерінің      иелерінен      жəне      қызмет      көрсету      мамандарынан   

лаңкестік  жағдайында    жаппай    тəртіпсіздікті    басу    мақсатында    билік    органдарының  

бұйрығына бағынуды талап етеді. 

 

Заң «экстремизмді»  үгіттейтін, дəріптейтін   немесе   «əлеуметтік   алауыздық тудыратын»     



мəлімдемелерді     жариялауға     тыйым     салады.  Халықаралық     құқық сарапшыларының  

айтуынша,  үкімет  бұл  ұғымдарға нақты анықтама бермеген. Үкімет  бұқаралық  ақпарат  

құралдарын    Президентті    сынағаны    үшін    жазамен    қорқытады;  қорқыту      жазасына   

мəжбүрлеу   шаралары   мен   азаматтық   қуыным   кіреді.   Бұл шаралар бұқаралық  ақпарат  

құралдарына    қатты    ықпал    еткенмен,    мемлекеттік    саясатты    сынау    əлі  де  жалғасты.  

Жергілікті    билік    органдарының    бұқаралық    ақпарат    құралдарына    қысым  жасауы 

жалғасты. 

 

Интернет еркіндігі 



 

Үкімет онлайн контентті жан-жақты бақылауға алды. Бақылаушылар үкіметтің оппозици-

ялық    веб-сайттарды    бұғаттағанын немесе кіруді баяулатқанын хабарлады. Бақылаушы-

лардың көбі үкімет интернет-чатта жазылған жазбаларға үкіметтің  жұмысына қатысты оң  

пікірлер  қосады  деп  санайды.  Үкімет  мемлекеттегі  интернет қызметін жеткізушілерді,   

оның   ішінде   мемлекет   меншігі   «Қазақтелеком»   компаниясын қадағалайды. Дегенмен 

веб-сайттарда    əр түрлі    пікірлер,    оның    ішінде    үкіметке    сыни көзқарастарын 

білдірген  пікірлер  көп.  Ресми  статистика  бойынша,  2018  жылы  халықтың  73  пайыздан 

астамы интернетке қол жеткізді. 

 

Қаңтар айында БАҚ туралы заңға енгізілген түзетулер өз күшіне енді. Өзгертілген заң бар-



лық онлайн комментаторларды тіркеуге жəне тіркеу туралы ақпаратты сұратқан жағдайда 

құқық  қорғау  органдарына  жіберуге  міндетті  веб-сайттарда  азаматтардың  анонимді 

түсініктеме қалдыруларына тыйым салды. Нəтижесінде онлайн бұқаралық ақпарат құрал-

дарының көпшілігі қоғамдық талқы платформаларын жабуды таңдады. 

 

Қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі «.kz» интернет домендерінің тіркелуін 



бақылап  отырды.  Билік  органдары  елден  тыс  қызмет  жасайтын  серверлердің  тіркелуін 


 

 

 



 

 

   



 

 

 



 

 

 



 

 

тоқтата немесе күшін жоя алады.  Бақылаушылар тіркеу процесін тым  қатаң  жəне  теріс 



мақсатта пайдалануға  оңай деп  сынады. 

 

Үкімет  интернет  қызметі  туралы  ережелер  енгізді.  Ережелер  бойынша,  барлық  интер-



нет-кафелерде  бақылаушы  камералардың  болуы  талап  етіледі,  интернет  қолданушылар  

міндетті  түрде    жеке    куəлігін    көрсетуге    тиіс,    интернет-кафелер    кірген    веб-сайттар  

бойынша  журнал жүргізу  керек  жəне  құқық  қорғау  органдарының  өкілдері  интернет  

қолданушылардың  аты-жөні мен кірген сайттары туралы ақпаратқа қол жеткізе алады. 

 

Бірнеше жағдайда үкімет веб-сайттарды бұғаттағанын жоққа шығарды. Блогерлер тəуелсіз 



жаңалықтар сайттарының баспашылары сияқты өз сайттарының кей-кезде бұғатталғанын 

хабарлады. 

 

13-наурызда  Астана  соты  қашқын  банкир  Мұхтар  Əблязовтың  басшылығындағы 



«Қазақстанның  демократиялық  таңдауы»  қозғалысына  тыйым  салды.  Сол  күні  Ақпарат 

жəне  коммуникация  министрі  Дəурен  Абаев  Əблязовтың  əлеуметтік  желілерге 

қолжетімділігі шектелетінін мəлімдеді. Интернет пайдаланушылар Аблязов тікелей транс-

ляцияға шыққан кешкі уақытта Facebook, Instagram жəне YouTube желілерінің бұғаттала-

тынын  хабарлады.  Үкімет  жауапкершіліктен  бас  тартты  жəне  бұған  техникалық 

қиындықтар жауапты деп мəлімдеді.  

 

Шілдеде Қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі зиянды бағдарламалық қамтама 



орналастырған 288 веб-сайттың заң бұзушылық əрекеті туралы Желілік ақпарат орталығын 

хабардар еткенін мəлімдеді. Тіркеу деректерін түзету мүмкін болмағандықтан 124 веб-сайт 

бұғатталды.  

 

Үкімет   тарапынан   қадағалау   басым   болды.   «Желідегі   еркіндік»   2018   жылғы   



есептік баяндамасында  “үкімет  интернеттің  инфрақұрылымын  мазмұнды  қадағалау  мен  

бақылауға жағдай  жасау  үшін”  орталықтандырды  делінген.  Ұлттық  жəне  жергілікті  

билік  органдары интернет-трафикті  жəне  онлайн  режиміндегі  байланыстарды  қадағалап  

отырды. «Желідегі еркіндіктің» мəлімдеуінше, “билік органдары медиа пайдаланушылар-

дың жоспарлы іс-əрекеттері туралы алдын ала білгендіктен əлеуметтік желілерді пайдала-

натын белсенділерге ара-тұра кедергі жасаған немесе жазалаған”. 

 

 

«Желідегі    еркіндік»    мемлекет    үкіметке    жыл    бойы    жедел    тергеу    жұмыс    жүйесін  



жүргізуге жағдай жасады деп баяндады. Бұл жағдай үкіметке Deep Packet Inspection (DPI) 

деп аталатын бақылау  əдістерін  қолдануға  мүмкіндік  берді  делінген.  Қазақтелеком  DPI  

жүйесін  трафикті қадағалауға  пайдаланса,  Check  Point  Software  Technologies  компани-

ясы  2010  жылы  аталмыш жүйені  инфрақұрылымның  негізі  ретінде  орнатқан.  Сондай-

ақ  есептік  баяндамада  қадағалау органы  интернетке   мониторинг   жасау   үшін   Ұлттық   

ақпараттық   кеңістікті   тексеретін автоматтандырылған жүйе деп аталатын жаңа техноло-

гия түрін қабылдағаны жайлы айтылған. 



жүктеу 3,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау