Қазақстан 2018 адам қҰҚЫҚтары жөніндегі баяндама



жүктеу 3,91 Mb.
Pdf просмотр
бет14/19
Дата28.12.2019
өлшемі3,91 Mb.
#25282
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

 

 

 



 

 

   



 

 

 



 

 

 



 

 

келтіру жəне құжаттарды бұрмалау бар; пара алғаны үшін тағайындалатын айыппұл мөл-



шерін  айтарлықтай  қысқартты;  жəне  сыбайлас  жемқорлық  қылмыстары  үшін  ескіру 

мерзімін қайта бекітті. 

 

Сыбайлас жемқорлықпен күресуге Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері жəне 



сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  агенттігі,  ҰҚК  жəне  Мемлекеттік  қызмет  істері 

жөніндегі өкілетті органның тəртіптік комиссиясы жауапты. ҰҚК арнаулы органдардың, 

сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  бюролардың  жəне  əскери  қызметкерлердің  сыбайлас 

жемқорлыққа  қатысты  қылмыстарын  тексереді.  Ресми  статистикаға  сəйкес,  жылдың 

алғашқы жеті айында 1024 сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық тіркелді. 

Ең  жиі  жасалған  қылмыстар  қатарына  пара  алу  (52%),  қаржы  ұрлау  (21%)  жəне  билікті 

асыра пайдалану (17%) кірді. Үкімет 663 лауазымды тұлғаны сыбайлас жемқорлықпен ай-

налысқаны үшін айыптап, 1370 істі сотқа жіберді. 

 

12  шілдеде  Астана  қаласының  соты  Инвестициялар  жəне  даму  министрлігінің  Геология 



жəне жер қойнауын пайдалану комитетінің бұрынғы төрағасы Базарбай Нұрабаевты жеті 

жарым жылға бас бостандығынан айыруға, мүлкін тəркілеуге жəне мемлекеттік қызметке 

оралуға  өмір  бойына  тыйым  салу  туралы  үкім  шығарды.  Соттың  айтуынша,  Нұрабаев 

кəсіпкерлерден еліміздің түрлі аймақтарындағы жер қойнауын пайдалану жөнінде келісім-

шарт жасасу үшін жүйелі түрде пара алып отырған. Ол 2017 жылы наурызда 20 мың доллар 

көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталды. 

 

 

Қаржылық      əшкерелеу:        Заң        мемлекеттік        лауазымды        тұлғалардан,        үкіметтік 



лауазымдарға  үміткерлерден  жəне  мемлекеттік  қызметтен  босатылғандардан  жыл  сайын 

салық органдарына  елдегі  жəне  шетелдегі  табыстары  мен  активтерін  жариялауды  талап  

етеді. Мұндай   талап олардың жұбайларына, асырауындағы адамдарға   жəне   ересек   ба-

лаларына да қойылады. Бұл  заң   парламент   мүшелеріне   жəне   сот төрешілеріне де 

қатысты.   Салық декларациясы   жұртшылық   үшін   қол   жетімді   емес.   Заң   талаптарды   

сақтамағаны   үшін əкімшілік айыппұл салады. 

 

5-бөлім.  Адам  құқықтарының  болжалды  бұзылуын  халықаралық  жəне  үкіметтік 

емес тергеуге қатысты үкіметтің көзқарасы 

 

Адам   құқықтарын   қорғайтын   ҮЕҰ-ға   кейбір   шектеулер   барына   қарамастан,   көпте-



ген отандық жəне халықаралық құқық қорғау ұйымдарына адам құқықтарын қорғау туралы 

істер  бойынша  тергеу  жүргізуге  жəне  жариялауға  еркіндік  берілген.  Халықаралық  жəне 

жергілікті  құқық      қорғау      ұйымдарының      хабарлауынша,  үкімет      ҮЕҰ-дың      арнайы  

мəселелер   жөнінде   іс- əрекеттеріне мониторинг жүргізді, сондай-ақ ҮЕҰ кеңселеріне, 

қызметкерлерге  жəне  отбасы  мүшелеріне    полициялық    тексеріс  жүргізіп  қана  қоймай,  

қысым  көрсеткен. Үкіметтік қызметкерлер көбіне олармен бірігіп жұмыс істемеді немесе 

сұрақтарына жауап бермеді. 



 

 

 



 

 

   



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Сыртқы  істер  министрлігінің  демократия,  адам  құқықтары,  заң  үстемдігі жəне  заңнама-

лық  жұмыс  туралы  диалог  үшін  консультативтік-кеңес  беру  органы  (ККБО)  жыл  бойы 

жұмысын жалғастырды.   ККБО   құрамына   бақылаушылар   ретінде   үкіметтік   ми-

нистрліктер,   беделді халықаралық    жəне    жергілікті    ҮЕҰ,    сондай-ақ    халықаралық    

ұйымдар    кіреді. ҮЕҰ қауымдастығы, жалпы алғанда, ККБО жұмысына оң пікір білдірді, 

бұл  платформа  түйткілді  мəселелер  бойынша  үкіметпен  көбірек  байланыс  орнатуға 

мүмкіндік бергенін айтты.  Алайда  үкімет  пен  ҮЕҰ  үкіметтің  арнайы  саналатын  мəсе-

лелер  бойынша ұсыныстарымен келіспеді, ал кейбір адам құқықтары мəселелері талқы-

ланбады. ҮЕҰ мəлімдеуінше, үкіметтік органдар кейбір   ұсыныстарды   қабылдады,   де-

генмен   ҮЕҰ-ның   мəліметтері   бойынша, қабылданған ұсынысдар мəнді емес, техника-

лық болды. 

 

Адам  құқықтарын  қорғау  жəне  құқық  үстемдігі  жөніндегі  Қазақстандық  халықаралық 



бюро, «Қадір Касиет», «Құқықтық медиа орталығы» жəне «PRI» адам құқықтарын қорғай-

тын ең айтулы үкіметтік емес ұйымдардың қатарында  болды.   Кейбір ҮЕҰ   кеңсе   мен 

техникалық   құралдарды   сатып   алу   кезінде   кездейсоқ   қиындықтарға   тап   болды. 

Үкімет басшылары  дөңгелек  үстелдер, демократия  мен  адам  құқықтары  жөніндегі  басқа  

да қоғамдық іс-шараларға қатысып, үкіметтік емес ұйымдарды шақырып отырды. 

 

Біріккен  Ұлттар  Ұйымы  немесе  басқа  халықаралық  органдар:   Үкімет   БҰҰ   арнайы 



баяндамашыларын   елге   шақырып,   адам   құқықтарын   қорғаумен   айналысатын   ҮЕҰ-

мен кездесті. Үкімет адам құқықтарын қорғаумен айналысатын басқа халықаралық ҮЕҰ-

дар мен көп   жақты   институттарға   елге   келуге   жəне адам   құқықтарын қорғау жөніндегі 

жергiлiктi  топтармен,  үкiмет    қайраткерлерімен    кездесуге    кедергi    келтiрмеді.  Ұлттық  

қауіпсіздік туралы заң шетелдіктерге, халықаралық ұйымдарға, үкіметтік емес ұйымдарға 

жəне басқа да коммерциялық   емес   ұйымдарға   саяси   қызметті   жүзеге   асыруға   тыйым   

салады.      Үкімет  халықаралық  ұйымдарға  тіркелмеген  субъектілерді  қаржыландыруға 

тыйым салды. 

 

Адам  құқықтары  жөніндегі  уəкілетті  мемлекеттік  органдар:  Адам  құқықтары  жөніндегі 



Президент комиссиясы Президент тағайындайтын қоғамның     мүшелері кіретін консуль-

тативтік-кеңесші орган.  Комиссия    адам    құқықтары    жөніндегі    халықаралық конвен-

циялардың  орындалуын  бақылайды,    шағымдарды    қарайды,    тексереді,    мəселелерді 

қарастырады,  зерттейді  жəне  БҰҰ  БЖКБ,  ЕҚЫҰ,  Халықаралық  көші-қон  ұйымы  жəне 

ЮНИСЕФ    секілді    бірнеше    халықаралық    ұйымдармен    тығыз    қарым-қатынаста    

адам құқықтары   мəселелері   бойынша   есептер   жариялайды.   Комиссияның   адам  

құқықтарының бұзылуына қатысты мəселерді шешуге немесе есептерде көрсетілген ұсы-

ныстарды орындауға заңды құқығы жоқ.  

 

Жақында   енгізілген   конституциялық өзгерістерге  сəйкес,   адам   құқықтары   жөніндегі 



омбудсмен    Сенат    тарапынан    сайланады,    алайда    ағымдағы    омбудсменді    президент 


жүктеу 3,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау