Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет56/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   83

133 
 
жазаға  тартылмады  және  қазіргі  уақытқа  дейін  мемлекеттік  мекемелерде  еңбек 
қызметін жүзеге асырып келеді. 
А.Баянбаева  өз  өтінішінде  ҚР  Жоғарғы  Сот  Төрағасының  жеке  қабылдауына 
көмек көрсетуді сұрайды.  
Тергеу  барысында  қылмыстық-процестік  нормаларды  бұзу  және  қатыгез 
қарым-қатынас жасау. 
Омбудсмен  мекемесіне  тергеу  барысында  қылмыстық-процестік  нормаларды 
бұзу,  азаптауларды  және  қатыгез  қарым-қатынастың  басқа  нысандарын  қолдану 
туралы шағымдар әлі де түсіп жатыр, адвокаттар болмағанда тергеу өткізу фактілері 
тіркелді.  
Осылайша, азаматша В.Синякова ұлына қатысты сот үкімімен, тергеу және сот 
отырыстары 
барысында 
қылмыстық-процестік 
заңнаманың 
жіберілген 
бұзушылықтарымен  келіспейді.  Өтініш  берушінің  мәлімдеуінше,  оның  ұлының 
қылмысқа  қатыстылығы  туралы  жалған  айғақтарды  сотталған  А.Сычковазаптаулар 
нәтижесінде  берді.  Бұған  қоса,  оның  кінәсіздігінің  объективтік  дәлелдері,  оның 
пікірінше, сот назарға алмады.  
Адам  құқықтары  жөніндегі  ұлттық  орталықтың  қарауында  С.Соколинскийдің 
ҚР  ҚК  191-бабының  2-бөлігі  бойынша  қылмыстық  жауапкершілікке  заңсыз  тартылу 
шағымымен  өтініші  болды.  Өтініш  берушінің  мәлімдеуінше,  ол  тергеу  барысында 
берген  мойындау  айғақтары  полиция  қызметкерлерінің  тарапынан  заңсыз  қысым 
жасау  арқылы  алынды.  Бұл  арада,  сот  сараптамасының  нәтижелері  жәбірленушінің 
үйінде  табылған,  шабуыл  жасаған  тұлғаның  саусақ  іздері  С.Соколинскийдің  саусақ 
іздеріне сәйкес келмейтінін көрсетті. 
Азаптауларға  қарсы  Қазақстан  ҰПТ  коалицияның  пікірі  бойынша,  азаптаулар 
құрбандарының  әділ сотқа  қолжетімділік  құқықтарын  жүзеге  асыруда едәуір кедергі 
азаптаулар  туралы  көрінеу  жалған  сөз  жеткізгені  үшін  қылмыстық  жауапкершілік 
туралы  ескерту  болып  табылады.Жәбірленушілер  азаптаулар  тиісті  деңгейде 
тергелетініне  күмәнданып,  оларға  қатысты  жасалған  қылмыс  туралы  айтуға 
қауіптенеді.  Осыған  байланысты  құқық  қорғау  ұйымдары  азаптаулар  туралы  айтқан 
тұлғаларды  көрінеу  жалған  сөз  жеткізгені  үшін  қылмыстық  жауапкершілікке  тарту 
мүмкіндігін жоюға шақырады. 
Сондай-ақ, 
азаматтық 
қоғам 
өкілдерінің 
пікірі 
бойынша, 
соттар 
сотталғандардан  азаптаулар  туралы  түсетін  шағымдарды  әрдайым  назарға  ала 
бермейді.
22
 
Әлеуетті  азаптау  құрбандарын  қылмыстық  жауапкершілікке  тартылу  туралы 
ескерту  тәжірибесі  халықаралық  стандарттарға  толық  дәрежеде  сәйкес  келмейді. 
Осылайша,  БҰҰ  Әйелдерге  қатысты  кемсітушілікті  жою  жөніндегі  комитеті 
Қазақстанға «Көрінеу жалған сөз жеткізу» бабының қағидалары жүзеге асырылғанда, 
егер өтініш жәбірленушілердің әділ сотқа қолжетімділік құқығын жүзеге асыру үшін 
іс  жүзінде  кедергі  болса,  онда  олардан  қандай  да  бір  өтінішке  қол  қоюды  талап 
етпеуін қамтамасыз етуге»  кеңес берді.
23
 
Азаптауларға  қарсы  ұлттық  превентивтік  тетіктің  (ҰПТ)  қатысушылары 
превентивтік  келулердің  2016  жылғы  қорытындылары  бойынша  шоғырландырылған 
баяндамада  аталған  басқа  маңызды  мәселе  құқық  қолдану  тәжірибесінің 
сотталғандардың  адами  абыройын  сақтауға  және  қорғауға,  олардың  әділ  сотқа 
                                                             
 
 


134 
 
қолжетімділік  құқықтарын  қамтамасыз  етуге  қатысты  конституциялық  қағидаттарға 
және халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі болып табылады. 
Осылайша,  Шығыс  Қазақстан  облысы  Семей  қаласы  №2  сотының 
25.01.2016ж.үкімімен  қолда  бар  құралдардың  көмегімен  өз-өзін  жарақаттаған, 
сотталғандарР.Арахамия,  А.Иконников,  А.Юрьевич,  А.Нұрахметов  ҚР  Қылмыстық 
кодексі  428-бабының  3-бөлігімен  (қоғамнан  оқшаулауды  қамтамасыз  ететін 
мекеме  әкімшілігінің  заңды  талаптарына  топтасып  бағынбауды  ұйымдастыру
қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі болып танылды.  
Жоғарыда  аталған  тұлғалар  өз  денсаулықтарына  зақым  келтірген  кезде  бас 
бостандығынан  айыру  жерінде  болғандықтан,  сот  олар  ҚР  ҚК  428-бабының  3-
бөлігімен қарастырылған қылмысты жасады деп санап, үкімдер жиынтығы ережелері 
бойынша оларға бас бостандығынан айыру түрінде жаңа жаза қолданып, оны жазасын 
өтеп жатқан мерзімге қосты.
24
 
Бұл  кезекте,  қорғау  тарабы  атағандай,  сот  ҚР  Конституциялық  Кеңестің 
27.02.2008ж.  №2  «Алматы  облысы  Қапшағай  қалалық  сотының  өтініші  бойынша 
Қазақстан  Республикасы  Қылмыстық  кодексінің  361-бабы  бірінші  және  төртінші 
бөліктерінің  конституциялылғын  тексеру  туралы»  нормативтік  қаулысын  назарға 
алмады. 
Осылайша,  нормативтік  қаулы  Конституциялық  Кеңес  дене  мүшелерін 
зақымдау  пікір  (қарсылық)  білдірудің  нысаны  болып  табылуы  және  бас 
бостандығынан  айрылған  адамдардың  өз  құқықтарын  қорғауының  тәсілі  ретінде 
қарастырылуы  мүмкін  деп  пайымдайды.  Мұндай  жағдайларда  дене  мүшелерін 
зақымдағаны  үшін  жауаптылыққа  тартуды,  Негізгі  Заңның 20-бабымен кепілдік 
берілген  сөз  еркіндігінің  құрамдас  бөлігі  болып  табылатын  пікірін  еркін  білдіру 
құқығын шектеу деп бағалаған жөн. 
Аталған нормативтік қаулыға сәйкес қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін 
мекемеде  бағып-күтілетін  тұлғалар  тобының  мекеменің  қалыпты  қызметін 
тұрақсыздандыру мақсатымен  дене мүшелеріне зиян келтіру актісін жасағаны үшін 
қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын   ҚР Қылмыстық кодексі 361-бабының 1, 
4 бөліктері (1997 жылғы редакцияда)Конституцияға сәйкес келмейді және қолдануға 
келмейді деп танылды. 
Алқа билер сотының қатысуымен соттың істі қарауы. 
Елбасының  «Бес  институционалдық  реформаны  жүзеге  асыру  жөніндегі  100 
нақты қадам» Ұлт Жоспарының 21-қадамыалқа билер соты қолданылатын салаларды 
кеңейтуді  және  заңды  түрде  алқа  билер  соты  міндетті  түрде  қатыстырылатын 
қылмыстық істердің категорияларын анықтауды қарастырады. 
Азаматтық  және  сараптамалық  қоғам  өкілдерінің  пікірі  бойынша,  соттың 
анағұрлым  жоғары  тәуелсіздігін  қамтамасыз  ету  және  әділ  соттың  қосымша 
кепілдіктерін  құру  мақсатында  алқа  билер  институтын  оның  соттылығын  кеңейту 
бөлігінде  дамыту,  сот  ісін  жүргізудің  қылмыстық-процестік  нысанын  және  алқа 
билерге  үміткерлерді  сотқа  дейін  іріктеу  процедурасын  жетілдіру  бойынша  әрекетті 
шараларды қабылдау қажет. 
Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған алқа билердің шешім қабылдау 
процесіне  қысым  жасау  және  араласу  туралы  хабаламалар  азаматтардың  сотпен 
қорғалуына  және  соттың  істі  әділ  қарауына  құқығын  жүзеге  асыруды  қиындататын 
тежеуші факторлардың барын дәлелдейді. 
                                                             
 


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау