Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет21/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   83

51 
 
Қанағатсыз тұрмыстық жағдайлар, тұрғын-үйлердің техникалық жай-күйі 
азаматтардың өтініштерінде көтерілетін өзекті мәселелер болып табылады. 
 
Омбудсменге  Астана  қаласы  Сарыарқа  ауданы  Өндіріс  ауылы  №  6  үйінің 
тұрғындарынан үйдің апаттық жағдайы, жергілікті атқарушы органдардың әрекетсіздігі 
мәселелері бойынша өтініш түсті.  
 
Ұлттық құқық қорғау мекемесінің сұрауына Астана қ. әкімдігі 2015 жылы бұл үйдің 
техникалық  зерттеп  қаралғаны,  соның  нәтижесінде  оның  нақты  тозуы  47%-ды 
құрайтыны анықталғаны туралы ақпараттандырды. 
 
ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес тұрғынжайды ескі  және апаттық деп тану 
үшін  штатында  инженерлік-зерттеу  жұмыстарын  орындау  үшін  аккредиттелген 
қызметкерлері  бар  мамандандырылған  ұйыммен  жасалған  үй-жайдың  техникалық  жай-
күйі туралы пайыздық қатынастағы (61%-дан жоғары)  қорытындысы, сондай-ақ Астана 
қ. Төтенше жағдайлар департаментінің қорытындысы болуы қажет. 
 
Жоғарыда  аталған  әкімдік  кейінге  жоспарланған  жұмыстар  шеңберінде  тұрғын-
үйдің  апаттылығын  анықтау  бойынша  оған  қайтадан  зерттеу  жасалатын  болады  деп 
мәлімдеді. 
 
Аталған мән-мәтінде уәкілетті органдардың еліміздің өңірлерінде тұрғын-
үй  қорының  техникалық  жай-күйіне  жүйелі  негізде  мониторинг  жасауы,  бұл 
процеске  тәуелсіз  сарапшыларды,  бұл  саладағы  азаматтық  қоғам  өкілдерін 
тартуы маңызды мәнге ие. 
Өткен  жылы  еліміздің  бірқатар  елді-мекендерін  су  басуы  нәтижесінде 
азаматтардың  тұрғын-үйлері  қирады.  Атап  айтқанда,  Ақмола,  Қарағанды, 
Солтүстік  Қазақстан  облыстарының  аймақтарын  су  басты.  Зардап  шеккен 
халыққа медициналық, психологиялық, гуманитарлық көмек көрсетілді. 
Ұлттық  құқық  қорғау  мекемесіне  азаматтардың  көктемгі  су  басу 
нәтижесінде,  соның  ішінде  өткен  жылдарда  да,  тұрғын-үйдің  қирауына 
байланысы қиындықтар туралы өтініштері түсті. 
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Б.В. 2017 жылғы көктемде оның үйін су басуына 
байланысты  Атбасар  қ.  жергілікті  атқарушы  органдарының  тұрғынжайды  беруден  бас 
тартуына келіспеуі туралы өтініші түсті. Су басудың нәтижесінде тұрғын-үй тұру үшін 
жарамсыз  деп  танылды.  Б.В.  зейнетте,  үйдісу  басуына  байланысты  пәтер  жалдауға 
мәжбүр болды.  
Уәкіл  мекемесінің  сұрауына  Ақмола  облысының  әкімдігі  Атабасар  қ.,  Челюскин 
көшесі, № 49 иеліктегі үйдің техникалық қорытындысына сәйкес апаттық деп танылғаны 
туралы  ақпараттандырды.Төтенше  жағдай  нәтижесінде  үйсіз  қалған  азаматтарды 
тұрғынжаймен  қамтамасыз  ету  жөніндегі  комиссияның  шешімі  негізіндеБ.В.  салынып 
жатқан 45 қабатты тұрғын-үйде 2 бөлмелі пәтер берілетін болады. 
Сонымен  бірге,  «Тұрғын-үй  қатынастары  туралы»  ҚР  Заңына  сәйкес  белгіленген 
заңнамалық  тәртіппен  жалғыз  тұрғын  үйі  «апаттық»  деп  танылған  ҚР  азаматтары 
тұрғынжайды  алғанда,  меншік  құқығындағы  «апаттық»  тұрғын-үйді  азаматтық 
заңнамаға сәйкес коммуналдық меншікке береді.  
Жоғарыда  аталған  әкімдіктің  мәлімдеуінше,  сот  атқарушысының  жер  учаскесіне 
тыйым  салуына  байланысты  мүлікке  меншік  құқықты  тоқтату  мүмкін  болмай  тұр. 


52 
 
Мүлікті  тыйым  салудан  босату  үшін  өтініш  берушіге  сотқа  жазбаша  өтініш  жасау 
қажеттілігі түсіндірілді.
 
 
Аталғанның бәрі жергілікті атқарушы органдарының су басу нәтижесінде 
зардап шеккен халыққа көмек көрсету бойынша түсіндіру, құқықтық жұмысты, 
сондай-ақ тасқанға қарсы қорғандарды салу бойынша пәнменді шараларды, бұл 
бағытта жайындық жұмыстарын өткізу қажеттілігін дәлелдейді.  
Өтініштердің  басқа  тобы  тұрғын-үй  алу  үшін  ипотекалық  несиені 
рәсімдеген  мәселелік  қарыз  алушыларға  қатысты  болды.  Өтініштердің 
авторлары  қиын  өмір  жағдайлары  туралы  мәлімдеді,  солардың  нәтижесінде 
олар төлеуге қабілетсіз және мәжбүрлеп шығару қаупіне төнді. Сот банктердің 
кепілдікке  берілген  мүлікті  өткізу  арқылы  қарызды  өтеу  туралы  талап 
арыздарын қарағанда, жиі шешімді солардың пайдасына қарай шешеді. 
Бұл  жағдайларға  байланысты  Омбудсмен  ҚР  Жоғарғы  Сотының 
Төрағасына  кепілдікке  берілген  мүліктен  банктік  қарызды  өндіріп  алу  сот 
тәжірибесі  мәселесі  бойынша  өтініш  жіберді,  оның  толық  мәтінімен  Есептің 
қосымшасында танысуға болады.  
Қолданыстағы  заңнамаға  сәйкес  банктер  банктік  қарыз  шартымен 
қарастырылған, қарызды өндіріп алу бойынша кез келген шаралардықолдануға, 
соның  ішінде  соттан  тыс  немесе  сот  тәртібімен  кепілдікке  берілген  мүлікті 
өндіріп алуға құқылы. 
Омбудсмен,қабылданған  сот  шешімдеріне  және  банктердің  қарызгер 
міндеттемелерін 
орындау 
қажеттілігі 
туралы 
талап 
арыздарының 
негіздемелеріне  қарсылық  білдірмей,  сонымен  бірге  соттардың  барлық 
жағдайларды,  сондай-ақ  мерзімін  ұзарту  немесе  банктік  қарыз  бойынша 
міндеттерді  орындау  тәртібін  өзгерту  мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  бұндай 
істерді  жеке  тәртіппен  қарау  маңызын  атады.  Бұл  жағдайда  қолдауға  мұқтаж, 
халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын, кепілдікті қамтамасыз 
ету  үшін  жалғыз  үйін  берген  және  қиын  материалдық  жағдайдағы  қарыз 
алушыларға ғана назар аударылды. 
Бұған дейін бұл мәселе Омбудсменнің тиісті органдарға, соның ішінде ҚР 
Ұлттық Банкіне жүгінудің мәні болғанын атап өткен жөн.   
Негізгі  халықаралық  құжаттарда  кез  келген  адамның  мүлікті,  соның 
ішінде  жерді  иелену  құқығы  жарияланған.Мемлекеттің  азаматтарды  жерді 
иелену құқығымен қамтамасыз ету бойынша заңнамалық және өзге шараларды 
жасаумен  бірге  жер  қатынастарын  реттеу  саласында  талас  мәселелер 
туындайды. 
Есептік  жылы  Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкілге  түскен  өтініштердің 
жалпы санынан жер мәселелері бойынша 1,7% өтініш түсті. Өтініштерде өтініш 
берушілер  жер  учаскелерін  беру,  құқық  белгілеуші  құжаттарды  рәсімдеу,  жер 
учаскелерін  мемлекет  мұқтажы  үшін  алу  кезінде,  жергілікті  атқарушы 
органдардың  әрекетімен  келіспеуін,  сондай-ақ  жер  таластары  бойынша  сот 
актілерімен келіспеуін білдірді. 


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау