44
Қазақстанда ТТЖ рұқсат алу және кейін ҚР азаматтығын алу үшін И.М. оның жеке
басын куәландыратынбірқатар құжаттарды, соның ішінде өтініш берілген күні әрекет
ету мерзімі 180 күнтізбеік күннен асатын азаматтығы жоқ тұлғаның құжатын беруі
тиіс.
И.М.айтуынша, ол азаматтығы жоқ тұлғаның жаңа куәлігін рәсімдеу мақсатында
Өзбекстан Елшілігіне жүгінді, алайда оның өтініші күткен нәтижелер бермеді.
ҚР ІІМ Көші-қон комитеті Өзбекстан Республикасының құзыретті органдарына
И.М. реадмиссиясы туралы сұрау жібергені мәлім болды. Алайда, өзбек билігі тарапынан
жауап әлі күнге дейін келмеді.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің мекемесі, өз кезегінде, Өзбекстан Республикасы
Олий Мәжілісінің Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдегі әріптестеріне, сондай-ақ
Өзбекстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталығына бұл мәселені
шешуде көмек көрсету өтінішімен хаттар дайындады.
Қалыптасқан жағдайда И.М. жағдайы өте осал екенін және ол
азаматтықсыз тәуекеліне ұшырайтын тұлғалардың санатына жататынын атап
өткен жөн. Жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өтініш беруші
Өзбекстанның уәкілетті органдарына азаматтығы жоқ тұлғаның жаңа құжатын
алуға жүгіну үшін шекарадан өтуге және Өзбекстанға баруға құқығы жоқ. Өз
кезегінде, Қазақстан Республикасының заңнамасы бұл мәселені шешудің басқа
жолдарын қарастырмайды.
Ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған кезде,
бұл Қазақстан Республикасының аумағында дүниеге келген балалардың
азматтықсыз тәуекелін тудыратын жағдайға да ерекше назар аударған жөн.
«Оңтүстік-Шығыс, Оңтүстік және Орталық Азиядағы көші-қон үдерістеріндегі балаларды
қорғау» жобасы бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысы
2018 жылғы қазанда Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл кеңсесі БҰҰ
Балалар қорының Өкілдігімен (ЮНИСЕФ) бірлесіп,«Оңтүстік Шығыс,
45
Оңтүстік және Орталық Азияда көші-қон процестерінде балаларды қорғау»
бағдарламасы бойынша Үйлестіруші кеңестің отырысын өткізді. Іс-шара
шеңберінде халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар атынан қатысушылар
құжатталмаған балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін атады.
Атап айтқанда, ата-анасының құжаттары жоқ балалар туу туралы куәлікті алу
мәселесіне тап болады. Кейін бұл білімге және медициналық көмекке
қолжетімділік, еркін жүріп-тұру және т.б. сияқты адамның негізгі
құқықтарының болмауын немесе олардың қатты шектелуін білдіреді.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Ресей Федерациясының Челябинск облысында
дүниеге келген, Қазақстан аумағында тұратын Ю.Н. оны және оның жаңа туған баласын
құжаттауда көмек көрсетуді сұраумен өтініші түсті.
Өтініш берушінің айтуынша, ол Ресей Федерациясы азаматшасының мерзімі өткен
төлқұжатын ұзарту мақсатымен Ресей Федерациясының Елшілігіне жүгінді. Алайда, ескі
құжат алынып, белгіленген беру ережелердің бұзылуына байланысты оның орнына жаңа
құжат берілмеді. Істі қарау нәтижесінде Ю.Н. ол Ресей Федерациясының азаматшасы
болып табылмайтыны туралы анықтама берілді.
Бұл кезекте, өтініш берушінің жаңа туған нәрестесі анасында құжат болмауы
себебінен тіркелмеді.
Бұл өтінішті қарау шеңберінде ҚР ІІМ тиісті сұрау жіберілді. Уәкілетті органның
ақпараты бойынша Ю.Н. тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне оны
азаматтығы жоқ тұлға деп тану туралы өтінішпен жүгінуге кеңес берілді. Ана
құжатталғаннан кейін оның кәмелетке толмаған баласын құжаттау мәселесі
қарастырылатын болады деп мәлімделді.
Қолданыстағы тәжірибеге сәйкес баланың туу фактісін куәландыру үшін
туу туралы медициналық куәлік толтырылады.Бұл құжатта баланың туған жері
және күні, жынысы, дене массасы, бойы, анасы туралы деректер (тегі, аты-жөні,
білімі және тұрақты тұрғылықты жері) көрсетіледі. Анасы туралы деректер
оның жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады. Алайда,
жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ тұлғалар баланың құжаттарын
рәсімдеу мәселелеріне тап болады. Демек, ұлттық заңнамада ата-анасының
жағдайына қарамастан, бала туылғаннан кейін оның туылғанын бірден тіркеу
кепілдігі жоқ.
Осыған байланысты құжатталмаған ата-ананың баласына құжатты Ресей
Федерациясында беру тәжірибесіне жүгінген жөн. РФ Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 1687
«Туудың медициналық критерийлері, туу туралы құжаттың нысаны және оны
беру тәртібі туралы» бұйрығына 3-қосымшасының 20-тармағына сәйкес
медициналық нысанды толтырғанда, анасының жеке басын куәландыратын
құжаты болмаған жағдайда,баланың туу туралы медициналық куәлігін
медицина персоналы «анасының сөзінен» белгісімен анасының сөзімнен
толтырылады. Бұндай тәжірибе толық құжаттардың болмауына қарамастан,
баланың туылуын бірден тіркеу құқығын қорғауға мүмкіндік береді.
Есептік жылы Омбудсмен мекемесі сондай-ақ жеке сәйкестендіру
нөмерімен (ЖСН) құжаттардың болмауы нәтижесінде түзеу мекемелерінде
46
күтілетін және экономикалық және әлеуметтік игіліктерге қолжетімділіктері
шектелген шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайына да назар аударды.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Қырғыз Республикасының азаматы, Жамбыл
облысының аймағында орналасқан түзеу мекемесінде күтілетін сотталған Т.Э. мүддесінде
оның құқықтарын қорғауда көмек көрсетуді сұраумен Қырғыз Республикасы Омбудсменінің
өтініші түсті.
Бұл өтініштің негізінде Жамбыл облысы бойынша ҰПТтобымен арнайы
превентивтік бару өткізілді, соның қорытындысы бойынша ҚР Бас прокуратурасына есеп
жіберілді.
Есепте мекемеге барғанда сотталғанның медициналық картасы зерттеп қаралды,
соған сәйкес ол мекемеге түскенде медициналық қаралымнан өтті және дені-сау деп
танылды деп мәлімделді. Сотталғанның айтуынша, ол 3-топ мүгедегі (оң аяғының тізе
буынынан жоғары ампутация) болып табылады. Алайда, оның осы фактті растайтын
құжаттары, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжаттары болмады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы
30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу
қағидаларына сәйкес куәландыру (қайта куәландыру) мүгедектікті және/немесе еңбек ету
қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеуге және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау
шараларын айқындауға арналған өтініш бойынша ЖСН көшірмесі және салыстырып
тексеру үшін түпнұсқасы талап етіледі.
Сотталған шетелдік азаматтардың ЖСН-мен құжаттары болмаған
жағдайда, оларды қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындарына еңбек
қызметіне тартуға болмайды.Соның нәтижесінде сотталғандардың банктік отты
ашуға, еңбекақы алуға, азық-түлік өнімдерін және ең қажетті заттарды сатып
алуға, ақша аударымдарын іске асыруға мүмкіндіктері болмайды. Сонымен
қатар, ЖСН сондай-ақ арнайы медициналық көмекті алу және әлеуметтік
қорғау үшін қажет.
Қазақстан Республикасының «Сәйкестендіру нөмерлерінің ұлттық
тізілімдері туралы» Заңы 9-бабының 6-тармағына сәйкес Жеке сәйкестендiру
нөмiрiн қалыптастыруҚазақстан Республикасының азаматтары үшін оларға
жеке басын куәландыратын құжаттарды беру кезінде; шетелдiк үшiн
шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат беру немесе
тіркеу куәлiгiн беру кезiнде; этникалық қазақтар үшін оралман мәртебесін
беру кезінде жүзеге асырылады.
Нәтижесінде жабық мекемедегі тұлғаның жағдайы оның белгісіз
құқықтық мәртебесімен қиындайды. Сотталғанды жазасын азаматтығы тиесілі
мемлекеттің аумағында ары қарай өтеу үшін ауыстыру бұл мәселенің шешімі
болатыны сөзсіз. Алайда, бас бостандығынан айыратын және бас бостандығын
шектейтін орындарда азаматтардың саны басым Орталық Азия өңірінің
көптеген елдері жасалған қылмыстың ауырлығын ескере отырып,олардың
мүддесіне зиян келтіру мүмкіндігіне сілтеме жасап, өз азаматтарын
қабылдаудан бас тартады.
Осылайша,сотталған шетелдік азаматтар мекеме әкімшілігіне және басқа
сотталғандарға тәуелді болу жағдайына түсіп, қатыгез және абыройды
Достарыңызбен бөлісу: |