Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет70/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   472

 

146 


 

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да 

оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән 

салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. 

Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын 

үстінде  қалыптасады.  Ойынды  зерттеу  мәселесімен  тек  психологтар  мен  педагогтар 

ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала 

тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды.  

 

Қолданылған әдебиеттер 



1. Бержанов К., Мусин С. Педагогика тарихы. -Алматы мектеп, 1992, - 12 – 14 б. 

2. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Д. Педагогика. Алматы-мектеп, 1998 – 20-22б. 

3. Бала және балабақша журналы №2. 2013 

5. Отбасы және балабақша журналы 2009. 10-12 б. 

6. Бала тәрбиесі журналы 2010, 16-17 б. 

 

 



БАЛАБАҚША МЕН ОТБАСЫНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҚАРЫМ-

ҚАТЫНАСЫ 



 

Аманжол А. 

«Бәйтерек»балабақшасы 

 

Балаларымыз  болашағымыз,  бала  тәрбиесі  еліміздің  әлеуметтік  дамуының, 

құрылымының  келешегін  айқындаушы  деп  есептейміз.  Егемен  еліміздің  көк  туын 

желбіретер ертеңгі болашақ , яғни бүгінгі бүлдіршіндер тәрбиесі аса ауқымды , назар 

салатын  басты  мәселенің  бірі.  Біздің  мемлекетіміз  бүгінгі  таңда  әлеуметтік, 

экономикалық және саяси негіздерін жаңа заманға сай жасаушы мемлекет .[1, 25 б.] 

 Мемлекетіміз  келешекте  жас  ұрпақтың  еліміздің  азаматы  болуы  үшін 

денсаулығына,  отбасына,  ойынға,  білімге  деген  құқықтарын  толығымен  қуаттап, 

қабілеттерін барынша жүзеге асыру және үлкен жетістіктерге жетуде табанды болуын 

қалайды.  

Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы 

қалыптасатын күрделі құбылыс.  Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, 

жалғасы балабақшамен байланысады, яғни бала тәрбиелене отырып білім алады.  

Отбасы  адамзат  қоғамының  ең  шағын  бейнесі.  Қоғамда  отбасы  екі  қызмет 

атқарады,  оның  бірі-дүниеге  ұрпақ  әкелу,  екіншісі-дүниеге  келген  сәбиді  тәндік 

жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға 

ретінде қалыптастыру.  

Жаңа кезеңдегі жас ұрпаққа-адамгершілік рухани тәрбие беру, білім беру өзекті 

мәселелердің бірі. Өскелең  жас ұрпақтың  бойына құнды қасиеттерді  қалыптастыру, 

рухани    бай    адамды  қалыптастыру  оның  туған  кезінен    басталуы  керек.  Тәрбиенің 

алғашқы негізі отбасынын басталып, балабақшада  әр қарай жалғасын табады. Халақ 

даналығы айтқандай  «Бұтағымен ағаш сымбатты, ұрпағымен адам қымбатты» деген 

қағиданы берік ұстанған ата-бабамыз өз ұрпағын адам деген  атқа  лайықты етіп өсіруді  



 

147 


 

мақсат  еткен  [2.45-б.].  Сондықтан    жас  ұрпақтың  бойына  жастайынан  ізгілік, 

мейірмділік,  қайырымдылық  яғыни  адамгершілік  құнды  қасиетді  сіңіріп,  өз-өзіне 

сенімділікке  тәрбилеуде ата-анамен балабақша маңызды  рөл  атқарады. 

Қазақи  ұлттық  сана,  ұлттық  психология  қалыптасқан  парасатты,  адамгершілік 

қадір  –  қасиеті  мол,  физикалық  және  моральдық  жоғары  белсенді  жеке  адамды 

қалыптастырып шығару процесі болып табылады. Тәрбиелеу мен білім берудің әрекеті 

практикалық  процесс  үстінде  қалыптастырылады.  Тәрбиелеу  мен  оқытудың 

міндеттері  баланың  осы  іс-әрекет  түрлерін  қалыптастыру  және  оны  белгілі  бір 

мақсатқа  бағыттап  отыруды  көздейді.  Ойнау,  еңбек  ету,  және  білім  алу  барысында 

ақыл-ой, адамгшершілік, физикалық және көркем тәрбие, даму процесі қатар жүреді. 

Бала  осы  кезде  белгілі  дәрежеде  білім  алады,  іскерлікке  үйренеді,  өзін  қоршаған 

ортамен  қарым-қатынас  жасауға,  қоғамдық  өмірдің  әдет  дағыларын  игеруге 

бейімделеді.Іс-әрекеттің тап осы түрлерін ғана дамыту арқылы тәрбиелеу білім беру 

міндеттерін шешуге, бала дамуын дұрыс жолмен бағыттап отыруға мүмкіндік туады. 

Жақсы ойнап, еңбек ете білетін әрі оқуға қабілетті баланы ересек адамдар мен балалар 

қоғамында өмір сүруге қажетті қасиеттерді толық игерген тәрбиелі бала деп аталуы 

мүмкін. Жоғарыда аталып өткен іс-әрекеттің әрқайсысы бала дамуына өзіндік, өзіне 

тән  үлесін  қосады.  Мысалы,  тәрбиенің  ең  маңызды  міндеті  саналатын  ақыл-ой 

тәрбиесінің өзі бала ойының: еңбегін және балалардың оқуын үнемі бағыттап отыру 

арқылы  жүзеге  асатыны  бізге  балаларды  тәрбиелеу  тәжірибесінен  таныс. 

Адамгершілікке тәрбиелеу міндеттері жөнінде де осыны айтуға болады. Бала өзін-өзі 

көрсете білсе, ендеше ойын, оқу еңбекте адамгершілікке тәрбиеленеді деген сөз. 

Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы. Қазақ  халқы «Отбасы-өмір тұтқасы» 

деген      ұғымға  сүйене  отырып,  отбасының  аса  құнды  ықпалы  мен  әсерін  өмірдегі 

ешнәрсенің  күшімен  салыстыруға  болмайды  [3.22-б.].  Балаға  отбасы    тәрбиесінің 

орыны ерекше. Ата-ана өмірге  сәби әкеліп, оны тәрбиелеп қалыптастыру және ұрпақ 

жалғастыру теңдесі жоқ орын. Әр ата-ана өз баласы үшін бір тұлға, сондықтан кез-

келген бала үлгі ата-анасынан алады. Ата-ана баласымен пікірлесуде  бейауыз сөздерді 

қолданбай,  дөрекілік  танытпай,  мейірмді  табиғи  жылы  ақылды  сөздер  айтып  өнеге 

бола  білсе,  ұрпақ  тәрбиесінде  аса  зор  табысқа  жетді.  Сонымен  қатар  балабақша 

ұжымымен ата-аналар  бірлесіп, баланы өсіріп тәрбиелеудегі басты мақсат. Қоғамдық 

өмірге «түзу кірпіш қалау» екенін ескере отырып, ал осы мақсатты жүзеге асыру үшін, 

алдындағы  қандай  болмасын  қиындықтарын  жеңу,  соған  сәби  кезінен  төмендегі 

мынадай көзқарастарды негізгі ұстаныным ретінде қабылдау. Көзқарастар мыналар: 

Баланы сәби ол әлі ештеңе білмейді, ұқпайды деп жай көзбен қарамау керек, өйткені 

ол  да  өсіп  келе  жатқан  тұлға.  Баланы  әр  уақытта  шындыққа  йрету.    Еш  уақытта 

алдамай,  ақиқаты  ашып  айтып  сол  жағдайға  дұрыс  көзқараспен  қарауға  жағдай 

туғызу.Баланың  әр  бір  ісін  бақылап  ,  оған  деген  көзқарастан  нәтиже  шығаруға 

көмектесу.  Әр отбасы өсіп келе жатқан ұрпағын жаман әдеттен қорғап, өз бойындағы 

ең  жақсы  қасиеттерін  сіңіру,  ана  уызбен  бірге  ұлттық  дәстүр  қайнарына  қондырып 

өсіру әке мен ананың ұлы борышы.   

Сондықтан  жас  ұрпақтық  тәрбилеп  дамыту,  білім  беруде  ата-анаман 

балабақшаның   бірлесіп өзара тығыз байланыста   болуы маңызды. Қазіргі кезде бала 

тәрбиесін жүзеге асыруда тәрбиелеудің дұрыс жолын табу. Ал қазіргі таңда ата-аналар 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау