106
Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған ортамен
таныса отырып, танымдық қызығушылығын арттырумен байланысты болып
табылады.
Таным білім беру саласының базалық мазмұнында үш жастағы бала ересектерге
еліктей отырып ойын образдарын жасай келе, белсенді түрде қимылдап, қоршаған
әлемімен танысады. Айналасында болып жатқан барлық оқиғаларға назар аударып ,
мән беріп, ересектің соңынан сөйлемдер мен сөздер қайталап отырады. Мысалы:
заттардың қасиеттеріне , табиғатқа , жан – жануарлар әлеміне деген қызығушылығын
қалыптастыру. Мазмұны: заттардың температурасын сезіне білуге: қар суық , салқын
, шай ыстық . Сыртқы белгілеріне қарай жыл мезгілдерін ажырата білуге және атауға
үйрету. Заттармен іс–әрекеттерді орындау: қуыршақты киіндіру , ойыншықтарды
жинастыру , киімін тазалау , қоршаған ортадағы тәртәпсіздікті бақылау. Киімдердің
атауын айта білуін жетілдіру. Заттардың не үшін, неге арналғандықтарын түсіну.
Баланың танымдық даму ойын барысында, табиғат пен құбылыстарға бақылау
жасау, заттарды қарап , зерттеу кезінде, табиғат күн тізбесіндегі ауа райы жағдайын
бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге
асада.
Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы
эмоционалдық қызығушылықпен қабылдайтын қарым- қатынастар арқылы
қалыптасады. Әрбір жеке бала – қоршаған ортаның кішкентай зерттеушісі. Бала
белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да серуен арқылы бақылау мен зерттеу
сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады. Серуен: тәрбиешінің
көмегімен атқарылатын іс-әрекет. Серуен барысында балалардың табиғатқа
қызығушыықтарын арттыра отырып, бақылау жұмыстарын өткізу.
Біріншіден, арнайы бағдарламаны пайдалану оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау
кезінде жеңілдік туғызса, екіншіден, бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар
сақталады. Балалардың танымдық құдіреттілікті меңгеру, бақылау нәтижесі
тәрбиешінің қолданатын әдіс-тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей
байланысты болып келеді. Қоршаған ортамен таныстыруда балалардың бір-біріне
деген ыстық лебіздерін, ойларын, алақандарының жылуын, жылы тілектерін бір-біріне
беру, айтудан бастауға болады. Мәселен: -Сәлеметсіз бе балақайлар! -Бүгін күн
қандай тамаша! деген жылы сөздер бала жүрегіне әсер етіп, көңіл- күйін бір сергітіп
тастайды. Tабиғатты күтіп баптау ертеңгілік қабылдаудан басталады. Ертеңгілік
балалармен топтағы өсімдіктерді күтіп баптау туралы жұмыс жүргізіледі. Балаларға
гүлдердің шаңын сүртіп, су құйып тұрса оның әдемі болып өсетінің, ал күтіп баптамаса
оның солып, өліп қалатының әңгімелейді. Балалар аулада құстардың тіршілігін, жазы
күндері жердегі құрт - құмырсқаларды да бақылап оларға тіспеуді үнемі айтып
отырамыз. Мысалы: ағаштардағы құрт-құмырсқаны құстардың жейтінін, сөйтіп
ағаштардың әдемі болып өсуіне жағдай жасайтындығы туралы түсінік беріледі. Кейбір
балалар суды ағызып ойнағанды ұнатады. Бірақ балаларға судың да шектеулі екендігі,
ол бітіп қалса, сусыз қандай жағдай болатындығын айтып түсіндіреміз және үйде де,
топта да суды ластамау, таза суды пайдалану қажеттілігін айтып отырамыз.
Ауа туралы балаларға түсінік бере отырып, оның көзге көрінбейтіні, бірақ
онымен біздің, басқа да тіршілік иелерінің дем алатындығын айту қажет. Ауа таза
107
болмаса ауыратындығымызды айтып, оны таза ұстау үшін топтың, үйдің таза болуы,
топта ойыншықтарын жинау керектігі, кез-келген нәрсені жерге тастап үйді шашпау,
кез – келген нәрсені жерден алмау керектігі туралы айтылып, ескертіп отырылады.
Ауамен дем алатынымызды, қандай дене мүшелерімізбен дем ала-алатынымызды,
мысалы: ауызды басса мұрынмен, мұрынды басса ауызбен дем алатынымызды
тәжірибе жасау арқылы көрсету қажет. Мұндай жаттығуды балалар өте қызыға
орындайды.
Заттарды қолдану дағдыларын дамыту. Заттардың тағайындалуын қалыптастыру.
Заттардың құрылысымен өздеріне тән белгілері арқылы білу және есте ссақтау үйрету:
киім, ойыншықтар, ыдыстар, жануарлар, құстар. Қоршаған ортадағы құбылыстар,
затармен нысандарды зерттеуде, ойыншықтарды жуу және жинаймен айналысқанды
баланың өзіндік тілегін колдау қажет.
Баланың жан-жақты дамуы, оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы
негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда «Сезіну – танып білу – жүзеге асыру» - осы үш
бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс – тәсілдерді таңдап алудың
маңызы зор.
Қазіргі кезде экологиялық білім беру ЮНЕСКО деңгейінде жүзеге асып отыр.
Экологиялық білім мен тәрбие беруде педагог – экологтардың зерттеу
жұмыстарының маңызы жоғары . Концепция бойынша, еліміздің азаматтарына ,
мектептерде, жоғарғы оқу орындарында экологиялық білім және тәрбие беруге үлкен
көңіл бөлініп отыр.
Бүгінде білім беру саласының алдында тұрған міндет – жас ұрпаққа экологиялық
тәрбие мен білім беру, баларды қоршаған ортаны қорғауға , табиғи ресурстарымызды
ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу. Қазақстанда экологиялық білім мен тәрбие беру білім
беру саласының барлық деңгейлерін қамтып отыр, соның ішінде мектепке дейіңгі
білім беру саласы да бар. Сондықтан, біз балаға жастайыннан экологиялық білім
беруіміз қажет. Осы ретте, балабақша жасындағы бүлдіршіндердің санасында
қоршаған орта, табиғи құбылыстар туралы ұғым қалыптастырғанымыз жөн.
Органикалық дүние туралы ұғымдар балаға түсінікті қарапайым тілде жеткізілуі тиіс.
Балаға табиғаттың күрделі екенің, өлі және тірі бөліктен тұратынын, тірі табиғаттың
бір бөлшегі екенін ұғындыруымыз керек. Сонымен бірге адамзат өзінің іс – әрекеттері
арқылы өзінің табиғатқа кері әсер етіп жатқанын да бала білуі қажет. Балабақшадағы
экологиялық білім беру тәжірибелік бақылаулармен ұштастыра жүргізілсе ғана
нәтижелі болмақ.
Халық даналығынан туған «Орман – жер сәулесі, ел дәулеті», «Атаңнан мал
қалғанша, тал қалсын », «Күте білсең, жер жомарт», т.б. аталы сөздер бала құлағына
жастайынан сіңіп, ұлттық рухын қалыптастырады. Табиғат сұлулығы рухани
қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, баларды мейірімділікке,
адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Бала үшін табиғат
– бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорының байыту көзі. Бұл
– балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы
фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай
болып өсуі – бізге, яғни ересектерге байланысты.