Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет417/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   413   414   415   416   417   418   419   420   ...   472

 

877 


 

-  Білім қазынасын балабақшадағы тәрбиеленуші бүлдіршіндердің бойына сіңіріп, 

олардың болашақтарына игі ықпал ету міндетіміз.  Еліміздің болашағы ертеңгі тәртіпті 

де тәрбиелі ұрпақ екені даусыз. Елбасы Н. Назарбаев «Қазіргі заман талабына сай жан 

–  жақты  жетілген,  бойында  ұлттық  санамен  ұлттық  психология  қалыптасқан, 

имандылық  әдебі  парасаты  бар  ұрпақ  тәрбиелеу,  өсіру,  білім  беру  бүгінгі  таңда 

отбасының, балабақшаның, барша елдің, халықтың міндеті»  - деп атап көрсетті. Жас 

ұрпақтың  жан  –  жақты  қалыптасуының  негіздері  мектепке  дейінгі  мекемеден  бастау 

алады. Оқу тәрбие үрдісінің тиімділігін көтеру мәселесі мектепке дейінгі мекемелерде 

біліктілікті  жоғары  мамандармен  қамтамасыз  етуге  байланысты.  Оңтайландыру 

мәселесіне келгенде, тағы бір оқу – тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыратын жол айтуға 

болады: ол ата – аналарды білім беру үрдісіне қосу. Бұл идея жаңа емес. Ата – аналар 

баланың  жетілуіне  аз  жауапкершілікте  емес,  оларға  қосымша  бала  тәрбиелеуге 

тәсілдеме беруді жүзеге асыру керек. Одан да басқа бұл тәсілдеме тәжірибелік қызметті 

ұйымдастыруда біржақтылықтан босатады, ата – аналарға оқыту мен бала тәрбиелеуде 

толығымен  қатысуға  мүмкіндік  береді.  Қазіргі  ата  –  аналар  балаларына  барлық 

жағдайды  жасауға  тырысады.  Сұрағанын,  аузынан  шыққанын  алдына  тосуға  әзір. 

Тәрбиенің орнына байлықтың, мансаптың дәмін татып үлгерген тентек бала дүниенің 

парқын  да  біле  білмесі  анық.  Ол  аз  болғандай,  баланың  күні  бойы,  теледидар  мен 

компьютердің  алдында  қозғалмай  отыруы  әдетке  айналдырғанына  да  мән  бермейтін 

болдық.  Өкінішке  орай  біз  қазіргі  таңда  балаға  тәлімберіп  теледидардан  алшақ 

ұстаудың орнына, жығылғанға жұдырық етіп DVD, немесе компьтер ойындарын сатып 

алып  береміз.  Бір  зиялы:  «Қазіргі  таңда  ата  –  аналар  балаларын  тәрбиелемейді,  тек 

қаржыландырады» - деген екен. Олай болса баланы тек қаржыландыруды емес, оның 

бойындағы жағымды қасиеттерді қалыптастыру отбасының, қоғам мен балабақшаның 

міндеті болмақ.Мектепке дейінгі мекеменің алдына қойылатын маңызды міндеттерінің 

бірі  –  баланың  кейін  мектептегі  оқу  үдерісіндегі  нәтижелілігіне  кепілдік  ететін, 

мектепке дамушылығының деңгейін қамтамасыз ету. Қазіргі мектеп алдыңғы кезеңге 

балаларды пән бойынша білім, білікпен қаруландырып қоюды емес, олардың тұлғасын 

оқу әрекеті негізінде тәрбиелеуді ұсынып отыр. Баланың оқу әрекетін игеру жетістіктері 

мен  оқу  жағдайына  үйлесімділігі  олардың  мектепке  жалпы  дайындығымен 

айқындалады. Балаларды мектепке даярлау – ол балабақшадан басталады. Білім беру 

ұйымы баланың қалауын, жеке басының бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып 

таңдауға құқысы бар деген баптары ұстаз бен ата – аналарға арналып, мектеп пен ата – 

ана  алдына  зор  жауапкершілік  жүктейді.  Білім  беру  ісінің  жаңартылуы,  ең  алдымен, 

барлық деңгей бойынша балаға деген көзқарастың өзгертілуі. Өйткені бала өзіндік ішкі 

құрылымы  бар  тіршілік  иесі.  Сондықтан  білімнің  көп  деңгейлік  жаңа  үлгісіндегі 

балалар үшін де, даралық ерекшеліктері мен ақыл – ой қабілетін дамыту өте қажет. 

Мектепке бару – бала өміріндегі ең үлкен жаңалық, шешуші кезең. Өмір мен іс – 

әрекеттің жаңа күйіне, қоғамдағы жаңа орынға көшу  және өсіп жетілуінің бір сатысы. 

Баланы жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін әрине, алдымен тәрбиеші, ұстаз болсын өзінің 

жеке  басы  соған  сай  болуы  тиіс.  Бұл  тұрғыдан  қазақтың  белгілі,  ағартушы  тұңғыш 

ұстазы  Ы. Алтынсарин өз сөзінде былай деген: «Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның 

жеке басының өнегесіне негізделген. Ешқандай жарғы да, бағдарлама да оның орнын 

баса алмайды» Бүгінгі таңда мұғалім болу, тәрбиеші болу оңай жұмыс емес. Басқа ешбір 



 

878 


 

мамандық  адамға  дәл  мұғалімге  қойылатындай  талаптар  қоймайды.  Педагогтық 

қызметтің  жетістігін  бағалау  өте  қиын.  Әрбір  бала  жанып  тұрған  шырақ.  Біз  сол 

балалардың  өшіп  қалмауына  кедергі  жасамауымыз  керек.  Олардың  бойындағы 

қасиеттерін танып біліп, бағалап- ескеріп, жан – дүниесін түсінуге тырысамыз.Қазіргі 

заман  отбасындағы  қарым  –  қатынасты  тәлім  –  тәрбиелік  ықпалы  тұрғысынан 

қарастырсақ,  онда  бұл  отбасының  іргесін  нығайтатын  тұрақты,  күнделікті  өмірдегі 

өзара түсіністік келісім, достық сипатындағы байланыстар деуге болады. Отбасы қарым 

–  қатынасының  дұрыс  болмауынан  келіп  шығатын  тәрбиедегі  қателіктерді 

төмендегідей  жіктеуге болады 

 

Баланың қуанышы, күйзелісі, ішкі жан – дүниесіндегі көре тұра мән бермеу, не 



оны байқамау 

 



Баланың  жүріс  –  тұрысын  бақылаусыз  қалдыру,  кетірген  қателіктеріне 

ескертулердің болмауы 

 

Ана – анаға дегенін істету (ауырған жағдайда) 



 

Тәрбиедегі қарама – қайшылық 



Сондықтан  да  оқыту  мен  тәрбиелеуде  отбасының  басым  ролін  мойндай  отырып 

бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір тәрбиеші ата – аналармен қарым – қатынас жасауда 

түрлі  тәсілдерді,  қазіргі  технологияларды  пайдалана  отырып,  ата  –  ананың 

қызығушылығын  арттыру  мақсатында  жұмыс  жасаса,  ата  –  ананың  балабақшаға, 

тәрбиешіге  деген  көзқарасы  өзгереді.  Балабақша  бала  тәрбиесіндегі  маңызды  рөл 

атқарады.  Мұнда  ол  білім  алады,  өзге  балалармен  бірлесіа  әркеттену,  өз  әрекетін 

ұйымдастыру  әскерлігін  меңгереді.  Алайда,  баланың  бұл  дағдыларды  қаншалықты 

нәтижелі меңгеру отбасының балабақшаға қарым – қатынасына байланысты. 

Ата  –  ананың  білім  беру  үдерісіне  белсенді  араласуы  арқылы  ғана 

баланыңүйлесімді дамуы іске асады. 

 Отбасы  тәрбиесіндегі  кездесетін  сәтсіздіктер  ата  –  аналардың  педагогикалық 

сауатсыздығынан  және  оларда  тәрбие  жұмысын    жүргізуге  қажетті  тәжірибенің 

жоқтығынан  болады.  Балаларды  тәрбиелеудің  дұрыс  жол  табу  үшін  ата  –  аналарға 

көмектесу тәрбиешілердің міндеті. Ата – аналармен жақынырақ танысып, тобасының 

әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін, ата 

-  аналардың  ұсыныс  пікірлерін,  ойын  бөлісу  мақсатында  сауалнамалар,  анкеталық 

сұрақтар алуға болады. 

 Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата  – аналармен бірлесе 

отырып  жасаған  тиімді.  Себебі,  ата  -  аналар  заман  талабына  сай  өзекті  мәселелерді, 

отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата 

– аналардың ұсыныс – пікірлерімен санаса отырып ата - аналарға арналған әңгімелермен 

консультациялар,  сұрақ  –  жауап  кештері,  тәрбие  жұмысын  алмасу  жөніндегі 

конференциялар,  ата  –  аналарды  педагогикалық  әдебиеттермен  таныстыру  әдіс  – 

тәсілдері  қарастырылады.  Отбасы  мен  балабақша  арасындағы  байланысты  күшейтіп, 

бағытты  жұмыс  жүргізу,  ұйымдастырылатын  іс  –  шараларға,  ата  –  аналар  және  топ 

жиналыстарына  ата  –  аналарды  тартудың  маңызы  зор.  Тәрбиеші  ата  –  аналармен 

жоспарлы жұмыс жүргізеді, оның мазмұны 3 негізгі блоктан тұрады. Ата  – аналарды 

оқу  –  тәрбие  үрдісіне  қатыстыру,  ата  –  аналардың  психологиялық  –  педагогикалық 




жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   413   414   415   416   417   418   419   420   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау