660
Мектепке дейінгі тәрбие біртұтас білім берудің бастапқы кезеңі ретінде баланың
жеке басын дамытуға, денсаулығын нығайтуға және мектепке оқуға дұрыс дайындауға
бағытталған.
Баланы мектепке балабақшада ғана дайындап қоймай, ата-аналарын да кіріктірген
жөн. Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындау, ауқымды мәселе.Ол
көптеген жұмыстарды талап етеді, яғни балабақша мен мектеп арасында өзара
байланысты орнату керек. Көптеген ата-аналар баласы мектепке бару үшін тек әріптерді
танып, санау керектігін алға қояды. Жоқ, бұл мүлде қате, теріс пікір деп санаймын.
Себебі тәрбиеші сонымен қатар тәрбие жұмысын да өз мойынына алады.Бұл деген өте
күрделі де жауапты іс. Сондықтан балабақшада тәрбиешімен бірлесе психолог жұмыс
жүргізеді.
Мектепке дейінгі білім беру, мектепке келер алдында барлық балалардың алғашқы
қадамдары біркелкі басталуы үшін қажет.
Осы жастағы балаларды оқыту мынадай әрекеттерді қалыптастыруға бағытталған:
Талапты,дербес болуға,сабақ түрлерін таңдай білуге,ерекше ойлай білуге
қабілетті,әртүрлі ойындарды ойнай білуге,өзінің құрдастарымен және үлкендермен
дұрыс қарым-қатынаста болуға,өзінің қиялындағы және нақты өмірді ажырата
білуге,нұсқалаларды
орындай
білуге,ережелерді
қадағалауға,басқалалардың
қызығушылығын ескере отырып,өзара тіл табыса білуге,өзінің эмоциясын ұстай білуге.
Осындай жас ұрпақты тәрбиелеп, мектеп табалдырығына оң қадаммен шығарып салу
үшін тәрбиеші қандай болуы керек?
Ендігі жерде осы сауалға көп жылдардан алған тәжірибемді басшылыққа ала
отырып, мен былай деп тұжырымдадым.
Осындай қасиеттерді бойына сіңіре білген тәрбиеші мына төмендегідей
талаптарды игере білуі қажет:
-баланың даму заңдылықтарын білу;
-баланың даму деңгейін анықтау әдісін;
-мемлекеттік стандарт талаптарын;
-өз білімін жаңарту;
-жаңа технологиялармен жұмыс істеу тәсілдерін;
Тәрбиеші
психолог
тәрбиелі
біліміді
ұйымдастырушы
зерттеуші
өнерлі
661
-отбасымен байланыс жасау;
Енді мектеп жасындағы баланың мінез-құлқы мен қабілетіне тоқталатын болсақ,
бала бес жасқа келе өз іс-әрекетінің өзгеге,өзіне қалай әсер ететіндігін байқайды. «Егер
мен жаман іс-әрекет жасасам,өзіме де,өзгеге де қиын болады» деген ойды түсіне
бастайды.Баланың қызығушылығы мен бағалау құндылықтары қалыптасып, ұл мен
қызға тән өзіндік ерекшелігі баріс-әрекеттерді жасауға бейімделеді,соны
жасайды.Мысалы: ұл бала-транспорт түрлеріне әуестігін білдірсе, ал қыз бала
әдемілікке,әсемдікке құмар екендігін аңғаруға әбден болады.
Көркем шығарманы қабылдауы мен музыкаға ықыласының, қиялының
қызығушылығы мен білуге құштарлығының күрт артуы байқалады.
Бұл баланың қабілеті мен талантын анықтауға мүмкіндік береді.Мектеп
жасындағы баланың өзара қарым-қатынасы қалыптасып,толық ынтымақтастықты
едәуір сыни тұрғыдан бағалай алады,балаларда достар пайда болады.Осы жастағы
балалар ұзақ әңгімелерді түсініктемелерді қабылдай алады.Зейіні едәуір тұрақталып,өз
бетінше есте сақтау қабілеті пайда болады.Пікір айту,ой тұжырымын жасау іскерлігін
игереді. Мектеп алды жасындағы балаларда аяушылықсезімі пайда болады.Ертегі
кейіпкерлеріне де жаны ашиды.Адамның түрлі сезімдерін түсініп,жанашырлық таныту
сезімдері пайда болады.
Ал енді келесі кезекте мектеп жасынадейінгі балаларды оқытудағы әдістерге
келетін болсақ, ол-балаға білімді,іскерлікті дағдыны игерту мен таным қабілетін игерту
дамыту үшін қолданылатын тәрбиеші жұмысының әдістері:
Оқыту әдістері ол-көрнекілік,бақылау,сөздік, тәжірибелік және ойын әдістері.
-көрнекілік әдістері-баланың ұғымын кеңейтіп,оқуды түсінікті, қызықты, нақтылы
етеді және ойы мен бақылампаздығын дамытады.
-бақылау әдістері бұл-баланың өздігінен қандай іс-әрекет жасауға қабілетті
екендігін білуге қажет әдістің түрі.
-сөздік әдісі-сөйлеу мәнерінің жақсаруына, қайталап айтып беру, әңгімелеу,
әңгімелету, тілдерінің толық дамуына үлкен рөл атқарады.
-тәжірибелік
әдістері-балаланың
ойлау
қабілеттерін
дамытып,ойлап
табу(фантазиясын)кеңейтеді.
-ендігі кезектегі ойын әдісі арқылы балаланың сабаққа деген ынтасының
жоғарлауына көмектеседі.
Осындай
әдістер
барысында
дидактикалық
құралдарды
жиі
пайдалану,слайд,техникалық
құралдарды
пайдалану,қимыл-қозғалыс
арқылы
пайдалану өте тиімді.
Мектеп жасындағы балаларды оқытуда өткізетін сабағыңыз нәтижелі болуы үшін,
төмендегі ережелерді есте сақтаңыз:
-Тәрбиеші өте жинақы болуы қажет. Балалардың алдында қоятын мақсат нақты,
айқын болуы және мақсатқа жетудің жолдарын ретімен, бірізділікпен жүргізе білу.
-Балаларға ұрыспау,олардың білмегендігіне ренжімеу, мейірімді болу.Егер топтың
басым көпшілігі тақырыпты немесе сіздің айтқаныңызды түсінбеген болса, онда
кемшілікті өзіңізден іздеңіз. Сіз дұрыс түсіндіре алмадыңыз деген сөз.
- Балаланың сөзін бөлмеу,соңына дейін айтуға мүмкіндік беру. Егер дұрыс емес
жауап алсаңыз, онда сұрақты дұрыс қоя алмадыңыз.