644
Мектепке дейінгі баланың жас ерекшелігіне тән өзіндік құндылығын мойындауға,
оған жеке тұлғаның маңызды даму кезеңі ретінде қарауға , сондай- ақ әр баланың
қоршаған ортадағы өзге адамға жеке ағдарлануымен, олармен қарым- қатынасын
жүзеге асыру ретінен хабардар болуымен, әртүрлі іс- әрекетте белсенділік танытуымен
ерекшеленетін өмірлік жолын таңдау мүмкіндіктерін кеңейту міндетін анықтап беруге
мүмкіндік туды.
Балада өзгелермен қарым- қатынасқа түсудің қарапайым түрінің тапшылық етуі
оның құрдастарымен және үлкен адамдармен өзара іс- әрекетінде үлкен қиындықтар
туғызатыны сөзсіз. Олардың қорқыныш сезімдері артып, білім алу үдерісіне үлкен
нұсқан келтіреді. Міне, сондықтан коммуникативтік білікті қалыптастыру мектепке
дейінгі кезең мен бастауыш мектепте білім беру кезеңінің сабақтастығын қамтамасыз
етудің басымдылығы, оқу әрекетінің табыстылығын қамтамасыз етудің қажетті
щарттары әлеуметтік және тұлға дамуының маңызды бағыттары болып табылады.
Дегенмен, мектепке дейінгі жастағы балалардың коммуникативтік біліктерін
қалыптастыру мәселесінің зерделенуіне және психологиялық және педагогикалық
әдебиеттерде коммуникативтік білікті қалыптастырудың жағдайына сипаттама жасай
келе, аталған аспектілердің толық ашылмағандығын анықтадық. Атап айтқанда,
коммуникативтік біліктің, оның өлшемдерінің және көрсеткіштерінің мектеп жасына
дейінгі балалардың жас ерекшелігіне сай қалыптасуының мазмұны жеткілікті
зерттелмеген. Мектеп жасына дейінгі, оның ішінде ересек топтағы балалардың,
коммуникативтік біліктерін қалыптастыруды оқу- тәрбие үдерісіне енгізудің бірізділігі,
ойын- сабақта және ойын- сабақтан тыс уақыттарда аталған іс- әрекетті ұйымдастыру
түрлері толық анықталмаған.
Бүгінгі күнге дейін мектеп жасына дейінгі ересек топтағы балалардың
коммуникативтік біліктерін заманауи білім беру технологияларын пайдаланып
қалыптастыру аспектісіне жете көңіл бөлініп, ғылыми тұрғыда теориялық және
практикалық зерттеу жұмыстары жеткілікті жүргізілген жоқ.
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазіргі заман талабына сай жалпы адамзаттық
қасиеттерді меңгере отырып, олардың зияткерлік деңгейін арттырудың, жеке тұлға
ретінде өзін- өзі тану мен жанындағы балаларды бағалаудың, қарым- қатынас
коммуникациясын, қарым- қатынас этикасын, тілдік мәдениетін қалыптастырудың
педагогикалық шарттарын анықтау аса қажет.
Мектеп жасына дейінгі баланың коммуникативтік дамуы мәселесін қарастыру
Ж.Әубәкірованың, коммуникацияның психологиялық және педагогикалық негіздері
Б.Баймұратованың, мектеп жасына дейінгі балалардың өзара бірлесіп атқаратын іс-
әрекеттерін гуманистік негізде жүзеге асыру Н.Наубаеваның еңбектерінде
қарастырылған.
Мектеп жасына дейінгі баланың коммуникативтік біліктерінің қалыптасуы және
оның дамуы адамгершілік тәрбиесінен өрбейді. Мектеп жасына дейінгі баланың
адамгершілік тәрбиесінде көркем шығармалар мен ауыз әдебиетін пайдалану бойынша
зерттеу жүргізген Ә.Әмірова («Ересектер тобындағы балаларды қазақ балалар әдебиеті
арқылы адамгершілікке тәрбиелеу»), Р.Жұмағожина («Ауыз әдебиеті үлгілерін балалар
бақшасында пайдалану»), А.Меңжанова («Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем
645
әдебиет арқылы тәрбиелеу») секілді ғалымдар мектепке дейінгі тәрбие мәселесі
бойынша қомақты үлес қосқан.
Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесі, олардың білім алуы және дамуы жайлы
теория мен практикалық тәрбие баланың әлеуметтік дамуы мәселеесімен байланысты
болып келеді. Биологиялық индивид әлеуметтік субъектіге айналып, әлеуметтену
үдерісі барысында оның маңызды болып табылатын жеке тұлғалық қасиеттері
қалыптасады. Соның негізінде биологиялық индивид әлеуметтік топтар құрамына кіре
отырып, қоғамда орныққан құндылықтарды, қолданыстағы заңдылықтарды,
қалыптасқан әлеуметтік нормаларды, озық салт- дәстүрлерді, мінез- құлық үлгілерін
игереді, сол арқылы өмір сүріп отырған қоғамға кірігуі жүзеге асатыны белгілі.
Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беруді дамытудың негізгі бағыты бала
дамуына қажетті кеңістікті жасауға және баланың жеке дамуы үдерісіне кешенді
жетекшілік етуге жағдай туғызумен байланысты болып отыр. Баланың өмір сүріп
отырған әлеуметтік ортада өзін- өзі тануына, дамуына, сол ортада мәдени түрде
коммуникациялық біліктерін қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың алғашқы
көшін мектепке дейінгі кезеңде бастау кертігі белгілі. Баланы жан- жақты тәрбиелі,
мәдениетті, ертеңгі қоғам талабына сай азамат етіп тәрбиелеу- мемлекет, білім беру
мекемелері және отбасы үшін жауапты міндет.
Мектепке дейінгі кезеңде баланың психикалық жағдайы, тұлғалық қасиеттері
дамып, іс- әрекеттің түрлі әрі кең спектрін белсенді түрде игере бастайды. Дәл осы
шақта баланаң өзіндік санасы мен өзіне баға беру қабілеті қалыптасады, алғашқы
әлеуметтену кезеңінің табалдырығынан аттап, бала мәдениет әлеміне енеді, жалпы
адами құндылықтарға бой ұрады, адамдар әлемінен, заттармен, табиғатпен және өзінің
ішкі әлемімен қарапайым қарым- қатынас орнатады. Белгілі бір іс- әрекетке араласа
отырып, мектеп жасына дейінгі бала жас ерекшелігіне сәйкес білімді, біліктер мен
дағдыларды игеріп, өзіне тән мінезінің ерекшелігін дамыытады, психикасы мен мінез-
құлқының жеке белгілерін байқатады.
Өскелең ұрпақ тәрбиесі қашанда маңыздылығын жоғалтқан емес. Бүгінгі заманның
педагогына қойылатын талап та өте жоғары. Педагог үнемі ізденісте жүрсе, ал ата – ана
бұл үдерісте қолдау көрсетіп, көмекке келетін болса, жұмыс табысты болмақ.
Қарым-қатынас - жалпы адам өмір сүруінің негізгі жағдайы. Адам қалыпты өмір
сүру үшін, өзінің психикалық қасиеттерін дамыту үшін, жеке тұлғалық
ерекшеліктерін жетілдіру үшін, сондай-ақ білім меңгеріп тәжірибе жинақтау үшін
адамдармен қарым-қатынас жасайды. Қарым-қатынас арқасында ғана адам өзінің
кім екенін танып, өзін өзгелерден ажырата алады, өзін басқалармен салыстыру
арқылы басқа адамдағы қасиеттерді меңгереді. Қоғамнан тыс адам өмір сүре
алмайды. Адам психикасының дамуындағы қарым-қатынастың ролі ерекше.
Сондықтан адам өзгелермен қатынасқа түсу арқылы ғана қалыпты өмір сүре алады.
Адам дүниеге шыр етіп келіп түскеннен бастап-ақ айналасындағылармен
қатынас жасай бастайды. Өмірінің алғашқы кезеңінде биологиялық сипаттағы
қарым-қатынас болса, одан әрі оның қарым-қатынас сипаты әлеуметтік сипатқа
түсе бастайды.
Педагогикалық шарттарды жүзеге асыру педагогтың жоғары кәсіби біліктілігімен
қатар, оның топтық өзара іс- әрекетті, оның мазмұнын анықтай алуды, топ үшін әрбір