574
Дамыған елдердің білім беру жүйесінде кеңінен қолданыла бастаған
«құзыреттілік», «құзырет» терминдері, біздің еліміздің білім беру жүйесіне яғни, жаңа
білім стандарты ұстанған басты бағыт болып ене бастады. Мұндай аса жауапты білім
деңгейіне жету үшін оқу-тәрбие үдерісін соған сай ұйымдастыра білетін, ортада қарым-
қатынасқа түсе алатын коммуникативті құзыреттілігі қалыптасқан тәрбиеші
мамандарды даярлау міндеті тұр.
«Құзыреттілік» терминінің мәніне филологиялық тұрғыдан келсек онда, «Қазақ
тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде» «құзыр» ұғымына «қайсыбір
тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деген анықтама
берілсе[51] С.И. Ожегов сөздігінде «құзыреттілік – белгілі бір мәселені жан-жақты
білу» дейді[4].
«Шет тілдері сөздігі» «құзыретті» түсінігіне «құзырларға – қызметтік өкілеттікке
ие» деген анықтама берген[53]. Ал жалпы педагогикалық әдебиеттерде «құзыреттілік»
аясында білім алушылардың мына негізде әрекеттің күрделі түрлерін жасай алу қабілеті
түсіндіріледі:
нәтижесі – білімдер болып табылатын танымдық іс-әрекет тәжірибесі;
нәтижесі іскерліктер түрінде болатын іс-әрекет тәсілдерін іске асыру
тәжірибесі;
нәтижесі проблемалық жағдайда шешім қабылдай алу іскерлігі болып
табылатын
шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі.
Бізге педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді талдау кезінде құзыреттіліктің
түрлі мағыналық деңгейде қолданғанын көріміз. Оны ғалымдар былай жіктеп
қарастырады: субъектінің қоғамдық-практикалық тәжірибесінің қалыптасқандығы
деңгейі (Ю. Н. Емельянов); қызметтік талаптарды іске асырудың адекваттылығы (Л. И.
Анциферова); белсенділіктің арнайы және дара формаларын меңгергендігі деңгейі (Л.
П. Урванцев, Н. В. Яковлев).
Құзыреттілікке берілген анықтамалардың әртүрлілігі мен көптігіне қарай біз, оның
кең мағыналылығына көз жеткіземіз. Солай бола тұра бұл ұғымды неғұрлым кең
сипаттаған ғалымдар Н. Ф. Талызина, Р. Х. Шакуров, А. И. Щербаковтар т.б. болды[55].
Олардың пікірінше, құзыреттіліктің негізгі сипаттамасы – маманда кәсіби іс-әрекетті
атқаруды қамтамасыз ететін білімдер, іскерліктер, дағдылар мен тәжірибенің бірыңғай
кешенінің қалыптасқан деңгейі болып табылады. Демек, «құзыреттілік» және
«құзыреттілік тұғыры» ұғымы туралы әр қилы анықтамаларды Шет ел, Ресей және
Қазақстандық ғалымдар берген болатын.
Құзыреттілікке берілген анықтамалардың әртүрлілігі мен көптігіне қарай біз, оның
кең мағыналылығына көз жеткіземіз. Солай бола тұра бұл ұғымды неғұрлым кең
сипаттаған ғалымдар Н. Ф. Талызина, Р. Х. Шакуров, А. И. Щербаковтар т.б. болды[55].
Олардың пікірінше, құзыреттіліктің негізгі сипаттамасы – маманда кәсіби іс-әрекетті
атқаруды қамтамасыз ететін білімдер, іскерліктер, дағдылар мен тәжірибенің бірыңғай
кешенінің қалыптасқан деңгейі болып табылады. Демек, «құзыреттілік» және
«құзыреттілік тұғыры» ұғымы туралы әр қилы анықтамаларды Шет ел, Ресей және
Қазақстандық ғалымдар берген болатын, ол кесте 1 берілген.
575
№
Ғалымдар
Анықтама
1
Аронов
А.М.
Құзыреттілікті белгілі бір әрекетке даярлығы
2
Аганина
К.Ж.
Құзыретті болашақ маман дайындауға қатысты
«өзінің ішкі және сыртқы ресурсын іс-әрекетінде табысқа
жетуде іске асыра алуы
3
Голуб Г.Б.
Құзыреттілік тұғырда оқушының белгілі бір өнімі бар
іс-әрекеті жатыр, іс-әрекет ойлау әрекетінің бөлігі, ал
құзыреттілік бұл іс-әрекеттің жіктелген субъектіленген іс-
әрекеті.
4
Давыдов
В.В.,
Дударева
Э.А
Құзыреттіліктің көрсеткіші рефлексияның болуы.
5
Кенжебеков
Б.Т.
Кәсіби құзіреттілік – бұл кіріктірілген іргелі білімдер,
адамның қабілеттері мен жинақталған біліктіліктерінің,
оның кәсіби маңызды сапаларының, технологияны
жоғары
деңгейде
меңгеруінің,
мәдениеті
мен
шеберлігінің,
ұйымдастырудағы
шығармашылық
әрекетінің, өзін-өзі дамытуға дайындығының бірігуі
Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» (ББД) сияқты ұғымдарды
қамтиды. Бірақ, бұл ББД-ның жаңаша жай ғана жиынтығы емес. Құзыреттілік оқыту
нәтижесін (білім және білік) ғана емес, сонымен бірге ол оқушы-лардың
шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдар-ларының жүйесін де
көрсетеді. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде күнделікті
өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу
қабілеттілігі. Ол ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады. Сонымен,
оқытудағы құ-зыреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз
етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, оқыту сапасын
бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек, «құзырет» және
«құзыреттілік» ұғымдарын мектептегі педагогикалық тәрбиеге енгізу білім берудің
мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді.
Дегенменде педагогикалық әдебиеттерде құзыреттіліктің келесідей түрлері
кездеседі:
түрлі ақпарат көздерінен білімдер алу тәсілдерін меңгеруге негізделген
өзіндік танымдық
іс-әрекет саласындағы құзыреттілік;
азаматтық-қоғамдық іс-әрекет саласындағы құзыреттілік (азамат,
сайлаушы,
тұтынушы
ролін орындау);
әлеуметтік-еңбек іс-әрекеті саласындағы құзыреттілік (өзінің кәсіби
мүмкіндіктерін
бағалай алу, өзін-өзі ұйымдастыру дағдылары т.б.);