Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет275/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   472

 

580 


 

білім стандарты ұстанған басты бағыт болып ене бастады. Мұндай аса жауапты білім 

деңгейіне жету үшін оқу-тәрбие үдерісін соған сай ұйымдастыра білетін, ортада қарым-

қатынасқа  түсе  алатын  коммуникативті  құзыреттілігі  қалыптасқан  тәрбиеші 

мамандарды даярлау міндеті тұр.  

Осыған  орай,  соңғы  кезде  оқу  және  тәрбие  беру  үдерісінде  олардың 

коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі алға қойылды.  

Арнайы психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдай келе біз, құзыреттілік 

теориясы  Ю.В.Койнов,  В.В.  Сериков,  Дж.Равен  және  т.б.  еңбектерінде  негізделген. 

Білім  беруді  ұйымдастыруға  құзыреттілік  тұрғыдан  келуді  жүзеге  асырудың  әдіс-

тәсілдерін меңгеру туралы мәселелер М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, В.В.Давыдов және т.б. 

ғалымдардың  еңбектерінде  қарастырылғанын  көреміз.  Ал,  Қазақстанда  кәсіби 

құзыреттілікті  қалыптастырудың  теориялық  және  практикалық  аспектілерін 

Ш.Х.Құрманалина,  Б.Т.Кенжебеков,  Г.Ж.Меңлібекова,  Б.Қасқатаева,  С.Т.Каргин  т.б. 

ғалымдар зерттегенін аңғарамыз[2]. 

«Құзыреттілік»  терминінің  мәніне  филологиялық  тұрғыдан  келсек  онда,  «Қазақ 

тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде» «құзыр» ұғымына «қайсыбір 

тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деген анықтама берілсе, 

С.И. Ожегов сөздігінде «құзыреттілік – белгілі бір мәселені жан-жақты білу» дейді[3]. 

«Шет тілдері сөздігі» «құзыретті» түсінігіне «құзырларға – қызметтік өкілеттікке 

ие»  деген  анықтама  берген.  Ал  жалпы  педагогикалық  әдебиеттерде  «құзыреттілік» 

аясында білім алушылардың мына негізде әрекеттің күрделі түрлерін жасай алу қабілеті 

түсіндіріледі: 

 нәтижесі – білімдер болып табылатын танымдық іс-әрекет тәжірибесі

 нәтижесі іскерліктер түрінде болатын іс-әрекет тәсілдерін іске асыру тәжірибесі; 

 нәтижесі  проблемалық  жағдайда  шешім  қабылдай  алу  іскерлігі  болып 

табылатын шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі[4]. 

Құзыреттілікке берілген анықтамалардың әртүрлілігі мен көптігіне қарай  біз, оның 

кең  мағыналылығына  көз  жеткіземіз.  Солай  бола  тұра  бұл  ұғымды  неғұрлым  кең 

сипаттаған ғалымдар Н. Ф. Талызина, Р. Х. Шакуров, А. И. Щербаковтар т.б. болды[55]. 

Олардың пікірінше, құзыреттіліктің негізгі сипаттамасы  – маманда кәсіби іс-әрекетті 

атқаруды қамтамасыз ететін білімдер, іскерліктер, дағдылар мен тәжірибенің бірыңғай 

кешенінің  қалыптасқан  деңгейі  болып  табылады.  Демек,  «құзыреттілік»  және  

«құзыреттілік  тұғыры»  ұғымы  туралы  әр  қилы  анықтамаларды  Шет  ел,  Ресей  және 

Қазақстандық ғалымдар берген болатын,  ол кесте 1 берілген. 

 

№  Ғалымдар 



Анықтама 

1  Аронов А.М. 

Құзыреттілікті белгілі бір әрекетке даярлығы 

2  Аганина К.Ж. 

Құзыретті  болашақ  маман  дайындауға  қатысты  «өзінің 

ішкі және сыртқы ресурсын іс-әрекетінде табысқа жетуде 

іске асыра алуы 

3  Голуб Г.Б. 

Құзыреттілік тұғырда оқушының белгілі бір өнімі бар іс-

әрекеті  жатыр,    іс-әрекет  ойлау  әрекетінің  бөлігі,  ал 

құзыреттілік бұл іс-әрекеттің жіктелген субъектіленген іс-

әрекеті. 




 

581 


 

4  Давыдов В.В.,  

Дударева Э.А 

Құзыреттіліктің көрсеткіші рефлексияның болуы. 

5  Кенжебеков 

Б.Т. 


Кәсіби  құзіреттілік  –  бұл  кіріктірілген  іргелі  білімдер, 

адамның  қабілеттері  мен  жинақталған  біліктіліктерінің, 

оның  кәсіби  маңызды  сапаларының,  технологияны 

жоғары 


деңгейде 

меңгеруінің, 

мәдениеті 

мен 


шеберлігінің, 

ұйымдастырудағы 

шығармашылық 

әрекетінің, өзін-өзі дамытуға дайындығының бірігуі 

 

Құзыреттілікке берілген анықтамалардың әртүрлілігі мен көптігіне қарай  біз, оның 



кең  мағыналылығына  көз  жеткіземіз.  Солай  бола  тұра  бұл  ұғымды  неғұрлым  кең 

сипаттаған ғалымдар Н. Ф. Талызина, Р. Х. Шакуров, А. И. Щербаковтар т.б. болды. 

Олардың пікірінше, құзыреттіліктің негізгі сипаттамасы  – маманда кәсіби іс-әрекетті 

атқаруды қамтамасыз ететін білімдер, іскерліктер, дағдылар мен тәжірибенің бірыңғай 

кешенінің қалыптасқан деңгейі болып табылады[5]. 

Жаңа сапаға қол жеткізу үшін берілетін білімдердің, іскерліктердің, дағдылардың 

санын  көбейту  шарт  емес.  Бұл  жерде  тек  берілетін  білім  көлемін  ұлғайту  арқылы 

жоғары сапаға қол жеткізу мүмкін болмайтындығын айта кету керек. Егер біз сапаға сан 

арқылы  қол  жеткізу  жолымен  жүретін  болсақ,  онда  тиісінше  қалыптастырылатын 

құзыреттіліктердің  саны  да  шекіз  болып  шыға  келеді.  Бұл  өз  кезегінде  оларды  шын 

мәнінде қалыптастыруды қиындатып, білім беруге құзыреттілік тұрғыдан келудің мәнін 

жояды.  Сондықтан  негізгі  немесе  басым  құзыреттіліктерді  іздеу  барысында  кілттік 

(базалық) құзыреттіліктер түсінігі қолданылады.  

Мектепке  дейінгі  тәрбиешінің  басты  рөлі  –  баланың  жеке  дамуына  негізделген, 

жан-жақты зерттелетін, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау, 

нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатының стратегиялық 

мақсаттарын жүзеге асыру. Осыған орай, нәтижеге бағытталған жалпы білім берудің 

жаңа  жүйесіне  ауысу  білім  беруді  басқару  жүйесіндегілерден  тәрбиешілердің  кәсіби 

біліктілігін  арттыруда  жаңаша  көзқарасты,  ал  тәрбиешілерден  негізгі  кәсіби 

құзырлылықтарын дамытуды талап етеді.  

Білім  беру  саласын  ізгілендірудің  басты  бағыттарының  бірі  -  белсенді  оқыту 

түрлері  мен  әдістерін  жетілдіру.  Ескі  мазмұнды  ығыстыра  отырып,  елімізде  білім 

берудің  ұлттық үлгісі  қалыптасуда.  Әлемнің оқыту  технологиялары  жоғары дамыған 

елдерінің  (Жапония,  Германия,  Чехия)  тәжірибесіне  назар  аударсақ,  түпкі  мақсаты-

баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру, яғни, бірінші орында баланың білім, білігі 

мен  дағдысы  емес,  тұлғаның  білім  алу  арқылы  дамуын  қояды.  Осы  мақсатқа  орай, 

бүгінгі педагогика ғылымында жаңа оқыту технологиялары: дидактикалық біліктерді 

шоғырландыру,  ізгілікті-тұлғалық  бағдарламалар,  дамыта  оқыту,  мәселелік,  тірек 

сигналдары  арқылы,  деңгейлеп  саралап  оқыту,  өздігінен  ізденіп  даму,  оқытудың 

компьютерлік,  модульдік  технологияларды  ғылыми  тұрғыда  дәлелдеп,  баламен  бірге 

жұмыс жүргізіп жүзеге асырушы мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі. 

 •Әр педагог оқытудың жаңа технологиясындағы тиімді пайдаланылған  

әдістердің бәрі бала дамуына қарай бағытталатындығын ескеруі керек.  

 •Мектепке дейінгі мекеме тәжірибесін зерттеп қорыту, тарату.  




жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау