578
Ақпараттық құзыреттілік өзі туралы оқушылар мен олардың ата-аналарының,
басқа ұстаздардың жұмыс тәжірибесі жөнінде ақпаратты білу мөлшерін қамтиды.
Регулятивтік құзыреттілік оқытушының өз іс-әрекетін басқара білу
мүмкіншілігін білдіреді. Оған мақсаттылық, жоспарлау, тұрақты белсенділік пен өзін
көрсете білуі, рефлексия, іс-әрекетінің бағасы енеді. Іс-әрекеттің негізгі факторы –
ізгілік, құндылық болып табылады.
Интеллектуалды-педагогикалық құзыреттілікті талдау, синтез, салыстыру,
қорытындылау, нақтылау сияқты қарастыра білудің кешені, аналогия, қиял, ойлау
қабілетінің икемділігі мен сындылығы ретіндегі зерденің қасиеті түрінде қарастыруға
болады[6].
Болашақ маман дайындау мәселесі оның тұлғалық сапалары мен қасиеттерін
қалыптастырудың мазызын көрсетеді. Тұлғалық-бағдарлық бағытта білім беру нәтижесі
білім, біліктілік және дағды жүйесінде, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесіне және
эмоционалды көңіл-күйді көрсете білуге, ерікті қарым-қатынасқа педагогикалық
бейімделген тұлғаны қалыптастыру ретінде түсіндіріледі.
Сондықтан маманның кәсіби құзыреттілігінің арнайы, әлеуметтік және
тұлғалық түрлеріне ерекше мән беріледі. Арнайы - өзінің мамандығына сәйкес білімі,
біліктілігі, дағдысы, жаңа білім мен білікті өз бетімен меңгеру, өз еңбегінің нәтижесін
бағалау, біліктілігінің болуы. Әлеуметтік–тіл туралы білімінің, коммуникативті
мәдениетінің, басқамен ынтымақтастыққа қабілеттілігінің, өзінің іс-әрекетінің
нәтижесіне, қоршаған ортаға дайындығының болуы. Тұлғалық - өзін-өзі тану бойынша
біліктілік, дағдысын жетілдіруге кәсіби іс-әрекет тұлғаның дамуына дайындығының
болуы. Бұл үшін, біріншіден, ақпараттық қоғамда кез келген маманның іс-әрекеті
күшейтіледі, екіншіден, білім парадигмасының өзгеруі кәсіби білім, біліктілік пен
дағдыға маманның дайындығын қалыптастырудың, ойлаудың әдіснамасын дамытудың
қажеттілігін көрсетеді, үшіншіден, ізгілікті және әлемдік интегративті үрдістер
тенденциясы алдымен көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың қажеттілігін
айқындайды.
Қорытындылай келе, білім саласындағы қызмет атқаратын педагогтардың
талабы таудай дарынды-жеке тұлғаны дамыту, яғни Ушинскийдің «Бала балқытылған
алтын, оны қандай қалыпқа құйып, қандай мүсін жасаймын десе де мұғалімнің
қолында» деген сөзі аталған міндетті жүзеге асыру жолында ұстазды үлкен асуларға
жетелейді, жауапкершілігін арттырады. Біздің басты мақсатымыз – балалардың өз
бетінше білім алатын шығармашылық деңгейін көтеру. Бұл мақсатты жүзеге асыруда
әрбір мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі білім стандарты талабына сәйкес
инновациялық негізде еңбек етуге тиісті.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P100000488_Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен
және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2020 жылдарға арналған "Балапан"
бағдарламасын бекіту туралы.
2.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы//Егемен Қазақстан. – 2007. –
Б. 3-4.– 15тамыз.
579
3.Кенжебеков Б.Т. Жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби
құзыреттілігін қалыптастыру: пед.ғыл.докт....автореф.: 21.05.05. - Қарағанды:
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, 2005. - 40 б.
4.Ожегов С.И. Словарь русского языка. – Москва: Русский язык, 1986. - 797с.
5.Бейсенбекова Г.Б. Николаева В.В. Қазнғапова С.Ө. Жаңа формациядағы
тәрбиешінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру. Қазақстандағы және әлемдегі
мектепке дейінгі білім беру: тәжірибе, қазіргі жағдайы және болашағы халық.аралық
ғыл.прак. конференция материалдары жинағы. Алматы, Қыздар университеті. 7-8
қараша 2014ж. - Б.- 474- 476
6.Барсай Б.Т. Құзыреттілік – педагогтің кәсіби дайындығының маңызды сапасы
//Білім-
Образование. - Алматы, 2008. -№ 1.- Б.41.
ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ - НӘТИЖЕЛІ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗІ.
Казангапова С.О.
Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі
Казангапова М.О.
№8 ЖОБМ, Балқаш қаласы.
Мемлекетіміздің дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы еліміздің
жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін туындатуда. Осыған орай қазіргі кезде
жасалып жатқан реформалар даму институттарының қалыптасуына немесе өсуден
тұрақты даму кезеңіне өтуге және саяси бағыттардағы осындай өзгерістер өмірдің
барлық саласындағы шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін,
технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің
мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез келген
үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқытудың жаңаша
технологиясын меңгерудің өзі педагогтың шығармашылықты талап етеді. Ал
шығармашылықпен жұмыс жасау үшін тәрбиеші өзінің кәсіби біліктілігін арттырып
отыруы қажет. Тәрбиешінің өз кәсіби қызметтерін шығармашылықпен атқаруына әр
деңгейдегі әдістемелік жұмыстарды иновациялық бағытта ұйымдастырып өткізудің
ықпалы мол. Біліктілігін арттырушы тәрбиеші өзінің білімін, жалпы дүниетанымын
кәсіби және әдіснамалық деңгейін жоғарлатады, психологиялық–педогогикалық,
сонымен қатар әдістемелік сауаттылығын жетілдіреді. Ең бастысы бұл білімдер мен
білік дағдыларды құзырлылық ұстанымдарының талаптарына сәйкес өздерінің меңгеруі
және сол жолдар арқылы өздерінің ойлау жүйесін, шығармашылығын
өнертапқыштығын, рефлексиялық машығының дамуына жол ашады. Сол кезде ғана
тәрбиешінің өзіне-өзі баға беру деңгейі артып, өзін-өзі анықтап, үздіксіз өзін-өзі
дамытуға деген қажеттілік туады[1].
Дамыған елдердің білім беру жүйесінде кеңінен қолданыла бастаған
«құзыреттілік», «құзырет» терминдері, біздің еліміздің білім беру жүйесіне яғни, жаңа