Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет260/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   472

 

549 


 

Менеджменттің  қызметі  -  басқару  процесінің  мазмұнында,  басқару  қызметінің 

түрінде, жүйе бойынша басқарудың міндеттерінің жиынтығында көрініс береді. 

Сонымен,  білім  берудегі  менеджмент  деген  не?  Ол  ең  алдымен,  білім  беру 

жүйесіндегі басқару мен тиімділік, үнемділік. Тиімділік, үнемділік дегендер – өмірдің 

өзі  қойып  отырған  талаптар.  Ысырапшылдық,  ұқыпсыздық  неге  апарып  соғатыны 

әмбеге  аян.  Үнемділік,  әсіресе,  дағдарыс  жағдайында  қажет.  Не  нәрсені  де  тиімді 

пайдалану арқылы кездескен қиындықтардан қиналмай шығып кетуге болады. 

Мектепке  дейінгі  ұйым  менеджменттің  әдістерін  зерделеу  және  қолдану 

«Қызметкерлер  арасында  игі  ниетті  қарым-қатынас  қалыптасу  үшін  қазіргі  заманғы 

МДҰ қандай болуы керек?», «МДҰ жұмысын жоспарлауды және педагогтар жұмысын 

білікті  бақылауды  қалай  жүзеге  асыру  қажет?»  деген  проблемалы  сұрақтарға  жауап 

табуға көмектеседі. 

Педагогикалық    менеджмент  –  балалар  мен  олардың  ата-аналарының 

сұраныстарын  қанағаттандыру  және  қоғамда  жеке  адамға  қойылатын  заманауи 

талаптарды  ескере  отырып,  балалардың  толыққанды  дамуын  қамтамасыз  ету 

мақсатындағы педагогикалық үдерісті басқару қағидаттарының, құралдарының, түрлері 

мен әдістерінің жиынтығы. 

Педагогтың жеке басы мен оның қызметі педагогикалық менеджменттің нысаны 

болып табылатындықтан, бұл арада бірінші кезекте, жалпы менеджменттің гуманистік 

тәсілінің талаптары – құрмет, сенім, табыс іске асырылуы мүмкін. 

Ұжымға  деген  құрметпен  қарауды  және  ақ  ниетті  қарым-қатынасты  орнатуға 

Д.Карнеги ұсынған ережелер көмектеседі: 

- адамның жақсы жағын мақтаудан бастаңыз; 

- оның қателіктерін жанама түрде көрсетіңіз

- басқаларды сынамас бұрын, өзіңізге, өз қателіктеріңізге баға беріңіз; 

- бұйырудың орнына сұрақтар қойыңыз

- адамға өзіндік ерекшелігін сақтауға мүмкіндік беріңіз; 

-  адамды  күн  сайын,  тіпті  оның  қарапайым  ғана  табысын  да  мақтаңыз  және  бұл 

ретте адал және жомарт болыңыз

- адамның жақсы атын шығарыңыз, ол үнемі сонымен өмір сүрсін; 

-  көтермелеп  отырыңыз,  сіз  адам  бойындағы  түзегіңіз  келген  кемшіліктер  тез 

түзелетіндей, оны қызықтырғыңыз келген іс жеңіл орындалатындай етіңіз; 

- сіз қалаған нәрсені орындау адамдар үшін жағымды болатындай етіңіз; 

-  сынды  бетке  айту  пайдасыз,  өйткені  адам  өзінің  жақсы  атын  сақтау  үшін 

қорғануға мәжбүр болады. 

Мектепке  дейінгі  ұйымның  тиімді  жұмысының  келесі  факторы  басшының 

педагогтарға  деген  сенімі  болып  табылады.  Бұл  құрметпен  қоса,  педагогикалық 

менеджменттің  демократияшыл  және  ізгілікті  көрінісі  мен  көрсеткішінен  тұрады. 

Сондықтан, басшы өз жұмысын педагогқа деген сенімге құруы тиіс, өйткені ол оны азат 

етеді және қанағаттандырады, күш пен сенім береді, бастамшылдығы мен дербестігін 

дамытады,  педагогикалық  ұжымда  шығармашылық  және  табыстылық  атмосферасын 

құрады. 


Дегенмен, сенім жасанды емес, нақты және шынайы болуы тиіс. Басшы оны үнемі, 

дәйекті  және  кәсіби  түрде  жүзеге  асырып  отыруы  тиіс.  Бұл  мәселеде  белгілі  бір 




 

550 


 

тәжірибе  жинақталған,  құралдар  әзірленген.  Сенімді  іс  жүзінде  жүзеге  асырудың 

маңызды құралы өкілеттікті табыстау болып табылады.  

Менеджмент деген не? Бұл терминді шет тілінен неге алып отырмыз, неге қазақша 

баламасы  «басқару»  сөзін  қолданбаймыз?  Мұның  бірнеше  себептері  бар. 

Ю.А.Конаржевскийдің берген анықтамасы бойынша: «Менеджмент  – басқарушының 

әлеуметтік  мәнін,  басқару  мен  менеджерліктің  қоғамдағы  орнын  ерекшелендіріп 

көрсететін басқарудың жаңа философиясы». Сонда менеджмент – біз үшін жаңа теория. 

Қазіргі уақытта бұл салада ағылшыннан тікелей қазақшаға аударылған бірде-бір кітап 

жоқ, әдіснамалық кешен де жасалмаған.  

Мектепке  дейінгі  ұйымда  педагогикалық  менеджменттің  әдістерін  жүйелі  түрде 

қолдану,  басқарудың  демократиялық  стилін  қалыптастыруға  ықпалын  тизізеді. 

Тілектестік  кеңес,  өтініш,  ұсыныс,  талап  ету  өкімі  (қатал  емес),  көтермелеу,  алғыс 

білдіру  түрінде  қолданылған  психологиялық-педагогикалық  әсер  ету  әдісі  ұжымның 

алдында  қойылған  түзете-білім  беру  және  тәрбиелеу  міндеттерін  табысты  түрде  іске 

асыруға  қабілетті  мүдделес  ұжымды  қалыптастыруға  ықпал  етеді  және  ең  батыл 

жобаларды жеңіп шығуға көмектеседі.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 



1. Қ.Ғ.Ахметов Менеджмент негіздері 

2. О.С.Виханский. Менеджмент 

3. Рахымбаев. А.Б. Менеджмент. (Оқу құралы) 

4. Саханова. А. Н. Государственный менеджмент. (Учебное пособие) 

 

 

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ САБАҚТАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ 



КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ 

 

Исабекова Гульмират Омиртаевна 

Қарқаралы ауданы, Жарлы ауылы, 

№9 мектеп, бастауыш сынып мұғалімі 

 

    Заман  талабына  сай  көштен  қалмай  қазіргі  таңда  педагогтан  өз  пәнінің  терең 



білгірі  ғана  болу  емес,  теориялық,  нормативтік  –  құқықтық,  психологиялық  – 

педагогикалық,  дидактикалық  әдістемелік  тұрғыдан  сауатты  және  ақпараттық 

компьютерлік  технология  құралдарының  мүмкіндіктерін  жан  –  жақты  игерген 

ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етуде. 

      Бүгінгі  басты  мәселеміз  –  білім  сапасы  десек,  осы  білім  сапасын  арттырудың 

тиімді  жолы-  білім  беру  жүйесінде  түрлі  ақпараттық  технологияларды  қолдану. 

Келешек  қоғамымыздың  мүшелері-жастардың  бойында  ақпараттық  мәдениетті 

қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. 

  «Технология» гректің «teche»- өнер, шеберлік және «logos»- ғылым деген сөзінен 

шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағнаны білдіреді. 

Оқыту  технологиясы  мен  әдістеме  ғылымы  бір-бірімен  тығыз  байланысты. 

Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» 




жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау