Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет259/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   472

 

547 


 

-  мұғалім  берген  тапсырма  бойынша  өз  бастамасымен  және  өз  әрекеттерін 

жоспарлы түрде орындап, олардың нәтижесі үшін жауап беруі тиіс (мысалы, портфелін 

өз бетінше жинап, үй тапсырмасын өз бетінше орындауы керек); 

 -өз-өзіне деген оң қарым-қатынас қалыптасуы тиіс. 

Әрине, мектепке деген дайындық бас пен оның жұмысына ғана емес, бүкіл ағзаның 

да  дайындығын  талап  ететінін  естен  шығармаңыз:  мектептің  алғашқы  жылында 

иммунитет  жүктемесі  ауырлайды,  сондықтан  да  1  сыныпқа  барар  алдындағы  жаз 

айларында сабақтан өзге, физикалық дайындықпен де айналысқан абзал болар еді. Бала 

ағзасы  көп  қозғалысты  (ең  дұрысы,  денсаулықтан  өзге  тәртіпке  де  үйрететін  спорт 

секциясына жазылу), таза ауаны, толыққанды тамақтануды талап етеді. 

Егер бала денсаулығына байланысты сұрақтар туындаса, дәрігермен міндетті түрде 

кеңесіп, оның оқу процесі мен жағдайын ретке келтіру бойынша ұсыныстарын тыңдау 

керек (мүмкін тіпті арнайы мектеп таңдауға тура келер). 

Егер  баланың  мектептегі  оқуға  дайындығы  осы  бағыттармен  ұштасып  жатса, 

баланың оқуға тез бейімделіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік туғызады. 

 Баланың мектептегі оқуға дайындығы біртіндеп қалыптасатын аса күрделі үрдіс 

және  бұл  үрдісті  жүзеге  асырудың  бірден  бір  жолы  -  ата-ананың,  мұғалімнің  және 

психологтың  бірігіп  жұмыс  істеуі.  Бала  балалық  шақтан  өзіне  белгісіз,  таныс  емес 

дүниенің есігін ашқаннан кейін, баланың өмір сүру тіршілігін түбегейлі өзгертеді. Яғни, 

баланың  мектеп  өміріне  еніп  және  өзінің  әлеуметтік  ортада  «МЕН»  дегенін 

қалыптастыра алып, жоғарыдан көріне алуы, баланың білімді, табысты және нәтижелі 

игеріп  кетуіне  ықпал  жасайды.  Түйіндей  келе,  бұл  баланың  жеке  тұлғасының 

қалыптасуы  және  ақыл-ойының,  таным  үрдістерінің  дамуы  болып  табылады.  Демек, 

баланы мектепке даярлау мәселесі өз өзектілігін жоғалтпайтын әлі де зерттеуді қажет 

ететін міндетті мәселелердің бірі болып қала бермек. 

Тәуелсіз  мемлекетіміздің  бүгінгі  таңдағы  ең  басты  мақсаты  ұлттық  білім  беру 

жүйесін  жаңа  арнаға  бұру,  нәтиже  мен  сапаға  бағыттау,бәсекеге  қабілетті  тұлға 

тәрбиелеу қажеттілігін міндеттейді. 

12  жылдық  білім  беру  біртіндеп  көшуді  жүзеге  асыру-оның  қажеттілігі  мен 

тиімділігін  әр  педагогтың,  ата-ананың  саналы  түрде  түсініп,қабылдауы  мен  оған 

белсенді түрде араласуын,икемдік танытуын қамтитын процесс дейтін болсақ, мектеп 

бала тәрбиесіндегі белсенді де баға жетпес әлеуметтік ортаға айналатындығы хақ. 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 



1.  Б. Баймұратқызы,М.Сансызбайқызы,Ф.Ниязбекқызы. 

2.  «Отбасында баланы мектепке дайындау» Шарапат Алматы 2000ж 

3.  Отбасы және балабақша 2013ж  

4.  Тәрбие жіне білім 2015ж 



 

 

 

 

 

 


 

548 


 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ 

ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ 

 

М.О. Инкарбекова 



 «Балбөбек» балабақшасы КМҚК 

Шет ауданы, Ақадыр кенті 

 

ҚР-нда үздіксіз білім беру жүйесінде өтіп жатқан үдерістердің серпінділігі оның 



барлық  буындарындағы  қызметтің  тиімділігіне  деген  тараптарды  арттырады.  Егер 

мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бұл жүйедегі бірінші деңгей болып табылса, онда 

сапалы  педагогикалық  қызметті  іске  асырудың  қайнар  бұлақтары  қызметін  мектепке 

дейінгі ұйымдар атқарады.  

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын басқарудың жаңа қағидаттары 

мен басшының жоғары деңгейдегі кәсіпқойлығының негізінде ғана жаңғырту мүмкін 

болады. Қазіргі заман басшысы басқарудың негізіне жекелеген сәтті жаңалықтар мен 

шешімдерді немесе алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені ғана алып қана қоймай, 

сонымен қатар басқару ілімінің негізгі ережелерін және ұжымды басқарудың әлеуметтік 

психололгиялық аспектілерін терең білуі тиіс. 

Демек, мектепке дейінгі ұйымның басшылық ету тәсілдері де өзгерген. Оқу орнын 

жаңа талаптарға сай басқаруы керек. Бүгінгі білім беру жүйесінің басқаша екені ҚР-ның 

«Білім  беру»  Заңында:  «Білім  беру  жүйесінің  басты  міндеті  –  ұлттық  және 

жалпыадамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке 

адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін 

қажетті жағдайлар жасау» деп көрсетілген. 

Қазіргі  нарық  заманында  өркениетті  елдердің  озық  тәжірибесі  кеңінен 

пайдаланылуда. Басқарудың әлемдік менеджменті көп табыстарға негіз болады. Бұдан 

біздің елдің де үйренері мол. Менеджменттің мағынасын неміс ғалымдары В.Зигерт пен 

Л.Ланг  жақсы  айтып  берді.  «Менеджмент  белгілі  міндеттерді  орындау  үшін 

адамгершілік,  тиімділік  және  үнемділік  жолдары  арқылы  адамдарды  басқару»  дейді 

олар.  Бұл  пікір  адамгершілік  алдыңғы  кезекке  қойылып  отырғанын  дәлелдейді.  Бұл 

тектен-текке емес. Басқару ісінде адам арасындағы түсіністік, сыйластық, қиын сәтте 

қол  ұшын  созу  ерекше  рөл  атқарады.  Адамның  бойында  адамгершілік,  азаматтық 

қасиеттер орын алған жағдайда ұжымдағы ахуал да орнықты болады. 

«Менеджмент» ұғымы «басқару» ұғымына жақын болғанымен ол тек әлеуметтік-

экономикалық  жүйеде қолданылады. 

Менеджмент  жоспарлау,  ұйымдастыру,  бақылау,  ынталандыру  сияқты 

қызметтерді  атқарады.  Менеджмент  жүйесі  –басқару  принципі,  қызметі,  әдісі, 

технологиясы, ақпараттық, материалдық, техникалық қамтамасыз ету сияқты құраушы 

әр  түрлі  элементтердің  жиынтығынан  тұрады.  Басқару  процесі  4  өзара  байланысты 

міндеттерден тұрады: жоспарлау, ұйымдастыру, дәлелдеу ж/е бақылау 



Менеджмент  процесі  -  бұл  басқарудағы  қызметкерлердің  әлеуметтік  –

экономикалық  жүйеде  мақсатқа  жетуге  бағытталған,  белгілі  технология  бойынша 

жүзеге асатын іс-әрекеттерінің үздіксіз реттілігі және жиынтығы. 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау