Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет263/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   472

 

555 


 

Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Солардың бірі – миф 

жанры. Мифтің ертегіге айналу процесі бірнеше кезеңнен өткен. 

  Миф  –  алғашқы  рулық  қауымның  қасиетті  деп  саналған  құпия  әңгімесі  мен 

шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте қоршаған ортаның, 

дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, рудың тотемдік бабасы, ілкі атасы мен 

жасампаз  қаһармандар  туралы,  олардың  іс-әрекеттері  жөнінде  фантастикалық  түрде 

баяндалған. Алайда ол заманда осының бәрі ақиқат деп қабылданған, мифке жұрт кәміл 

сенген.  Бірақ  уақыт  өтіп,  адам  санасы  мен  мүмкіндігі  жетілген  сайын  миф  өзгеріске 

ұшырап, бірте-бірте «қасиетті» сипатынан айрылған, құпия болудан қалған. Бірте-бірте 

мифтің бұрынғы масштабы тарылып, әңгіме жеке бір адамның тағдырын баяндайтын 

жағдайға келеді. Сөйтіп, миф – хикаяға, содан соң ертегіге айналады. 

Т.Барласұлы  ертегінің  адам  баласына  тәлім-тәрбиелік,  рухани  маңызы  жөнінде 

айта  келіп:  "Ертегі  –  рухани  тәрбиенің  мәні  аса  зор,  көзіміз  көріп,  құлағымыз  ести 

алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын материалдық әлеммен 

бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі" - деп 

анықтама береді . 

Жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастыру 12 жылдық оқытуға көшумен тікелей 

байланысты. 12 жылдық мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында білім 

беру процесінен күтілетін нәтиже ретінде оқушының бойында қалыптасатын құзіреттер 

қатары анықталған.  

Құзыреттілік – балалардың іс-әрекеттің әртүрлі тәсілдерін меңгеруінен көрінетін 

білімнің нәтижесі, оны өмірде қолдана алу қасиеті. Құзыреттілік адамдардың қарым-

қатынас жүйесін игеріп, өзара іс-әрекетке қосылу барысында қалыптасады. Сонымен 

қатар,  құзыреттіліктер  арқылы  жеке  тұлғаның  өмір  байлығы,  ақыл  тереңдігі,  күйіну-

сүйіну қалпы, қиялдауы, ерік-жігері, икемділігі мен мінез-құлық сипаты ашылады. 

Жалпы  құзыреттіліктердің  негізі  мектепке  дейінгі  жаста  қалыптасатын 

болғандықтан,  тәрбиешілердің  алдында  тұрған  басты  міндеттерінің  бірі  –  тұлғаның 

танымдылық құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық, практикалық шарттарын 

негіздеу болып табылады. 

Танымдық  құзыреттілік  –  бұл  жеке  басына  маңызы  бар  және  әлеуметті  қажетті 

танымдық  мәселелерді  шешудегі  баланың  өзі  басқара  алатын,  сол  мәселені  шешу 

барысында бала белгілі бір білім, білік дағдыларға ие болу. 

Танымдық  құзыреттіліктерді  қалыптастыруда  ертегілердің  алатын  орны  ерекше. 

Тәрбиеші еңбегінің объектісі – бала, ол табиғаттың бір бөлігі, бір жүрегі. Баланың да 

өзіндік  пікірі,  көзқарасы,  психологиялық  ерекшеліктері  бар,  олар  педагогикалық 

ықпалды өзінше қабылдайды. Сондықтан да, ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі 

балалардың  негізгі  құзыреттіліктерін  қалыптастыруда  жаңа  педагогикалық 

технологиялардың атқаратын орны бөлек.  

Ғалым  академик  В.М.Монаховтың  пікірінше  «Технология  –  оқушы  мен  ұстазға 

бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен 

педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі». 

Ертегілер  арқылы  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  негізгі  құзіреттіліктерін 

қалыптастыру бағытында СТО стратегияларын қолдана жүргізіп отырған жұмыстарға 

талдау жасасам: 



 

556 


 

1.  Ертегілерді  іріктеу  және  айлық  оқу  іс-әрекеті  тақырыптарына  сай  ертегі 

кейіпкерлерімен дамытушы ортаны жабдықтау. 

Пәндік  дамытушы  ортаны  ұйымдастыру  талаптарында  орта  көп  функционалды, 

вариативті,  қарқынды,  жасына  сай  дамуының  ерекшелігін  және  мектепке  дейінгі 

балалардың  іс-әрекеттерінің  ауысып  отыратындығын  есепке  алып  құрылуға  тиіс. 

Сондықтан да, дамытушы  ортаны ертегілер  кейіпкерлері  арқылы жасақтау  балаларға 

қуанышты көңіл-күй сыйлап, өздерін ертегі әлемінде жүргендей сезіндіреді. 

Дамытушы ортаны ұйымдастыруда театр түрлері ерекше рөл атқарады. Театр әр 

балаға  қуаныш,  ұмтылмас  әсер  сыйлайды,  оның  көркемдік  талғамын,  еліктеуі  мен 

қиялын дамытады.  

2. Ертегі кейіпкерлерін білім салалары мазмұнына сай дидактикалық көрнекіліктер 

ретінде пайдалану.  

Көрнекілік  әдісі.  Әл-Фараби  "Оқытудың  негізгі  әдісі  –  көрнекілік"  деп,  оның 

мақсаттарын,  тәсілдерін  (түсіндіру,  әсерлендіру,  есте  қалдыру)  ұсынады.  Көрнекілік 

әдісі  оқытудың  сөздік  және  тәжірибелік  әдістерімен  өзара  байланыста  қолданылады 

және құбылыстармен, ертегілермен балаларды таныстыру, олардың сезім мүшелеріне 

әсер етіп, алуан түрлі ертегі кейіпкерлерін табиғи күйінде қабылдайды.  

Ертегі кейіпкерлерін білім салалары мазмұнына сай дидактикалық көрнекіліктер 

ретінде пайдалануда «Егер де мен…» стратегиясын қолдану. Бұл стратегия бойынша 

көрнекілік ретінде алынған ертегі кейіпкерлерінің орнына өздерін қойып «Егер де мен 

«Алтын балық болсам …» деп, ертегінің соңын өз еркінше аяқтау баланы қиял әлеміне 

самғатып ойлануына мүмкіндік береді, шығармашылыққа жетелейді. 

3. Ертегіні 5 білім беру саласы мазмұнына сай бөлімдерге бөлу, балалармен бірлесе 

отырып тақырыптар қою. 

Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол 

белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның желісінің басталуы, оқиғаның өрбуі, аяқталуы, 

өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе 

адам өміріне байланысты іс-әрекет өткір сықақ-мысқылмен беріліп, бала сезімін селт 

еткізіп,  күлкіге  мәз  етеді.  Бала  кейіпкердің  жағымсыз  әрекетінен  бой  тартып, 

жақсылыққа құмартады. Ертегінің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала санасына 

лайықтай жеткізу тәрбиешінің шынайы шеберлігіне тікелей байланысты. 

 «Бауырсақ» ертегісі мазмұны бойынша бөлімдерге бөліп, тақырыптар қоюда «Ой 

шақыру»  стратегиясында  ертегі  мазмұны  суреттері  бойынша  сұрақ-жауап  қолдану 

арқылы ертегінің баяу басталып, оқиға желісі күрделене түсетінін, яғни ертегіде оқиға 

желісінің  басталуы,  оқиғаның  өрбуі,  аяқталуы,  өзіндік  шешімі  болатынын  түсініп 

ажырата алады. 

4.  Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттерінде  ертегілерді  қолдану  арқылы  пәндік 

байланысты іске асыру. Барлық білім салаларында ертегілерді қолдану арқылы негізгі 

педагогикалық дәстүр пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Пәндердің өзара 

байланыс  деңгейі  балалардың  білімін  зерттеу,  талдау,  жүйелеу  сияқты  негізгі 

дидактикалық міндеттер арқылы шешіледі. 

Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  пәнаралық  байланыс  мәселесі  барынша  терең 

зерттеуді  ұсынған  Н.Н.Светловская  болып  есептеледі.  Ол  өзінің  мақалаларында 

«Интеграция – іс-әрекеттің кезектесуі, балалар меңгерген қарапайым білім немесе іс-



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау