Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет257/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   472

 

543 


 

личным опытом участвует в игре». (Михайлова. Развитие музыкальных способностей 

детей. Ярославль: Академия развития, 1997, стр 140) 

Своеобразная  ритуализация  (повторяющаяся  структура  занятия)  помогает  детям 

быстро  ориентироваться  в  новом  материале,  быть  уверенными,  создавать  образы, 

творить, помогать другим участникам и радоваться  их успехам и удачным находкам.  

Здесь в них верят, любят и поддерживают. 

Таким  образом,  все  перечисленные  выше  виды  деятельности  на  ОУД  по 

музыкальному  развитию  будут  способствовать    социализации  детей  с  особыми 

образовательными потребностями. 

 

  Литература 



1. Бубнова  О.Б.  Коммуникативные  танцы  как  педагогическое  понятие  /О.Б. 

Бубнова  //  Художественно-  педагогическое  образование  21  века  :  мат. 

Междунар.науч.конф.,  Екатеринбург,  13-14  февр.2007  г./  Урал.  Гос.  Пед.  унив.  – 

Екатеринбург,2007. 

2. Буренина А.И. Коммуникативные танцы игры для детей / А.И. Буренина. – СПб,: 

Музыкальная палитра, 2004. 

3. Михайлова  М.А.  Развитие  музыкальных  способностей  детей.  Популярное 

пособие для родителей и педагогов. – Ярославль: Академия развития, 1997. 

 

 

МЕКТЕПАЛДЫ БАЛАЛАРЫН МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАУ 



 

Иманбекова Бакыткуль Берикбаевна, Сүлеймен Күлбада Исатайқызы 

№54 жалпы білім беретін орта мектебі КММ 

                         

                         Бала жүрегі –кішкентай ғана күй сандық 

                         Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашады. 

                        Тәрбиешінің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек. 

                                                                                               М.Шаханов 

 

Қазақстан  Респукликасының  Білім  беру  жүйесін  реформалау  барысында  әрбір 



баланы мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатындай жағдай жасау 

аса маңызды міндет. Бүгінгі таңда жастарды өмірге тәрбиелеудің, әрбір жас адамның 

жеке 

тұлғасының 



өмірлік 

бағыт-бағдарын 

анықтайтын 

дүниетанымын 

қалыптастырудың  қоғам  алдындағы  үлкен  міндеттері  жаңа  мектепке  жүктелген. 

Міне,сондықтан  да  қазіргі  кезеңде  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  алдында  алты 

жастағы баланы тәрбиелеу мен оқыту жауапкершілігі ғана қойылып отырған жоқ, жеке 

тұлғасы  қандай  болатынына  дұрыс  бағыт-  бағдар  бере  отырып,  әрбір  баламен  жеке 

жұмыс жасауды талап етіп отыр. 

Демек,  қазіргі  талап  бойынша  мектептің  бірінші  сыныбына  келетін  баланың 

физиологиялық  жағынан  мықты,  адамгершілік,  мәдениеттілік,  еңбексүйгіштік 

қасиеттері  мол,  ерік-жігері  күшті,  жұмыс  қабілеттеріне  ие,  білімге  қызығушылық 




 

544 


 

сипаттары мол болуы қажет. Сондықтан да мектеп пен мектепке дейінгі мекеменің, ата-

аналардың басты міндеті – баланы мектептегі оқуға, мектеп өміріне даярлау. 

Мектепке  бару  –  бала  өміріндегі  үлкен  жаңалық,  шешуші  кезең,  өмір  мен  іс-

әрекеттің жаңа күйіне, қоғамдағы жаңа орынға көшу және өсіп- жетілуінің бір сатысы. 

Мектепке барғаннан бастап баланың қоғамдағы орны өзгереді, бұл кезеңде бала мектеп 

өмірімен танысады, жаңа әлеуметтік кезеңді бастайды, мектепке дейінгі ойын баласы 

жаңа  өмірге  қадам  басады.  Бала  мектеп  табылдырығын  аттағаннан  кейін,  оның 

әлеуметтік  жағдайы  өзгереді,  бірақ  ішкі  әлемі,  психологиясы  әлі  мектепке  дейінгі 

қалыпта болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет салу, ойыншықтарды 

құрастыру болып қала береді, ойын арқылы құрдастарымен қарым-қатынас жасайды, 

алғашқы білім  дағдыларына  бой ұрады.  Ал,  мектепке  барысымен ол  ұқыптылық  пен 

зейінділікті талап ететін жүйелі оқу  еңбектену іс-әрекетін меңгеретін болады. Оқу іс-

әрекетіндегі,  тәртіп  сақтаудағы  қажетті  іс-әрекетке  еріктілік  беру  алғашқы  кездерде 

ғана мүмкін болады, бұл кезде балаға жақын арада атқарылуы тиіс мақсаттар және оның 

күш салуын қажет ететін тапсырмалардың мөлшері аз болғаны дұрыс. Сонымен қатар 

ұқыптылық пен зейінділікті талап ететін жүйелі оқу; еңбектену іс-әрекетін меңгеретін 

болады.  Осындай  елеулі  өзгерістерге  қиналмай,  еркін  іс-әрекеттер  жасай  білу  үшін 

баланың мектепке алғашқы психологиялық дайындығы болуы тиіс.  

 Л.И. Божович баланың мектепте оқуға дайындығы ойлау іс-әрекетінін, танымдық 

қызығушылықтарының,  өзін-өзі  тануының  дамуы  дәрежесінің  қалыптасуынан,  яғни 

бала өзін ересек сезініп, мектептік оқу процесінің қаншалықты маңызды екенін түсінуі 

деп белгілеген. Балалық шақтан мектепке өту  – баланың өмір сүру салтын түбірімен 

өзгертеді.  Мектепке  барып  оқушы  атану  баланың  жеке  басын  ерекше  адамгершілік 

бағытқа бұрады.  Ол  үшін  оқу  тек  білім  игеру  әрекеті  ғана болып  қоймай,  күнделікті 

міндетті  еңбек  ретінде  өзін  қоршаған  ортаның  өміріне  бейімдей  бастайды.  Осы 

жағдайлардың  барлығы  мектептің  бала  өмірінің  қызыққа  толы  орталығына 

айналатындығын  көрсетеді.  Өйткені,  оқушы  баланың  ішкі  психикалық  өмірі  мектеп 

жасына  дейінгі  кезеңге  қарағанда  басқа  мазмұнға  ие  болады.  Ол  бәрінен  бұрын  оқу 

әрекетіне  байланысты.  Сондықтан  баланың  мектеп  жүктемелерін  табысты  игеруі 

немесе меңгере алмауы үлкен уайымға әкеледі. Жоғарыдан көріне алмауы баланың өмір 

сүрген  әлеуметтік  ортада  «табан  тіреп»  тұра  алмауын  тудырады.  Бұдан  шығатын 

қорытынды – мектепте оқу баланың танымдық белсенділігін арттыру және ақыл-ойын 

дамытумен қатар, оқушының жеке басын қалыптастыратындығында. 

Мектепке психологиялық даярлықты жүзеге асыру ісін ғалымдар түрліше жіктейді. 

Мәселен,  Е.Е.  Кравцова  баланың  мектепке  психологиялық  даярлығын  төрт  бағытта 

құрастырады:  

-бірінші  бағытта  балаларды  мектептегі  оқуға  қажетті  нақты  іскерліктер  мен 

дағдыларды қалыптастыруды жатқызса; 

 -екінші  бағыт-  мектеп  жасына  дейінгі  кезеңнің  аяғында  байқалатын  жаңа 

құрылымдар мен бала психикасындағы өзгерістерді зерттеу болып табылады. 

 Оқу  әрекетінің  алғышарттары  мектепке  психологиялық  даярлықтың  үшінші 

бағытын  құраса,  баланың  берілген  ережелер  мен  ересектер  талабына  саналы  түрде 

бағыну іскерлігі төртінші бағытты құрайды. Сонымен қатар оның еңбектерінде баланың 




жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау