Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет258/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   472

 

545 


 

мектепке  дайындығының  негізі  –  бала  дамуындағы  қарым-қатынас  рөліне  көңіл 

бөлінеді. Осыған орай бұл қарым-қатынасты үш сфераға бөліп қарастырған: 

-үлкендерге қарым-қатынасы 

-құрдастарына қарым-қатынасы 

-өзіне деген қарым-қатынасы 

Мұндағы қарым-қатынас негізіне бала дамуының деңгейі мектепке психологиялық 

дайындық  дәрежесін  анықтап  және  ол  оқу  іс-әрекетінің  негізгі  құрылымдық 

компоненттеріне анықталған түрде сәйкес келеді. Үлкендердің баламен әртүрлі қарым-

қатынасы және олардың балаға беретін бағасының сипаттамасы оның бойындағы өзіне 

баға бере алу қасиетін дамытады. Бір жағдайда оның өзінің ақылды екендігіне сенімі 

артса,  басқа  бір  жағдайларда  өзін  көріксіз  санайды  немесе  қателігін  мойындайды. 

Үлкендердің тікелей әсер етуімен баланың бойында пайда болатын осындай өзіне-өзі 

баға берушілігінен оның басқа адамдарға да баға беруінің негізі қаланады. 

Баланың мектепке даярлық мәселесін сөз еткен Д.Б. Эльконин оқыту іс-әрекетіне 

қажетті алдын ала дайындықты талдай отырып, мынадай өлшемдерді анықтаған: 

-қалыптасқан іс-әрекет тәсілдеріне бала өз іс-әрекетін саналы түрде бағындыра алу 

қабілетті; 

-белгілеген жүйе талаптарына бағытта алу қабілеті; 

-мұғалімді  мұқият  тыңдап  және  ауызша  түрде  ұсынылған  тапсырманы  нақты 

орындай алуы; 

-талап  етілген  тапсырманы  көру,  қабылдау  образында  өз  еркімен  орындай  алу 

қабілеті. 

12  жылдық  білім  беру  жағдайында  алты  жасар  балалардың  бойында  танымдық 

белсенділігін дамыту мәселесі теория мен практикада жаңалықты іздеуді талап етеді. 

Әсіресе  балаларды  мектепке  дайындауда  баланың  бойында  оқу  қызметін  меңгеруіне 

қажетті  жеке  қасиеттерді  тәрбиелеу  және  толыққанды  қалыптасуы  үшін  даму 

ортасының  өзіндік  маңызы  зор.  Көпқырлы  талдау  нәітижесінің  педагогикалық- 

психологиялық және әлеуметтік- мәдени  құбылысының бөлшекті түрде қарастыруды 

болжайтын  зерттеуге  сәйкес  келетін  мектепке  дейінгілердің  таным  белсенділігін 

қалыптастырудың тейімді құралы- даму ортасы болып табылады 

Баланың 


дұрыс 

психикасының 

ерекшелігі 

– 

танып-білуге 



деген 

белсенділігі.Баланың  құштарлығы  өзін  қоршаған  әлемді  тануға  және  осы  әлемнің 

құрлысын өзінше бейнелеуге бағытталған.Бала ойнап жүріп тәжірибеден өтеді, себеп-

салдарлық  байланыстармен  тәуелділіктің  себебін  ашуға  тырысады  Бүгінгі  таңда 

жастарды  өмірге  тәрбиелеудің,  әрбір  жас  адамның  жеке  тұлғасының  өмірлік  бағыт-

бағдарын  анықтайтын  дүниетанымын  қалыптастырудың  қоғам  алдындағы  үлкен 

міндеттері  жаңа  мектепке  жүктелген.  Міне  сондықтан  да  қазіргі  кезеңде  бастауыш 

сынып  мұғалімдерінің  алдында  алты  жастағы  баланы  тәрбиелеу  мен  оқыту 

жауапкершілігі  ғана  қойылып  отырған  жоқ,  жеке  тұлғасы  қандай  болатынына  дұрыс 

бағыт- бағдар бере отырып, әрбір баламен жеке жұмыс жасауды талап етіп отыр. Баланы 

мектепке даярлау барысында сіз басты назар аударатын негізгі сәттер: 

-жалпы ой-өрісін дамыту (баланың таным көкжиегін кеңейтудің ең озық тәсілі — 

онымен «өмір жайлы» әңгіме жүргізу, кітап оқу және оны талдау); 



 

546 


 

-әріптер  мен  сандарды,  геометриялық  кескіндерді  және  түстерді,  оңға/солға, 

үлкен/кіші, кең/тар түсініктерін үйрену және т.б.; 

-мүмкіндігінше  –  оқи  білуді  (ең  болмағанда  буынға  бөліп  оқу)    және  санауды 

үйрету (ең болмағанда10-ға дейін); 

-  міндетті  түрде  кіші  қозғауыштарды  дамыту,  яғни,  сүйектер  мен  саусақтардың 

икемділігін дамытуға арналған сабақтар өткізу. Бұл жазуға да, сондай-ақ тілді дамытуға 

да қажет болатын дүниелер (бала миынының құрылымында бұл екі орталықтың орны 

бар).  Дәлірек  айтқанда,  баланың  көбірек  сурет  салуы,  конструктормен  ойнауы, 

бірнәрсені  жасауы,  жапсыруы,  ұсақ  заттармен,  мысалы,  моншақ,  тиын,  сіріңке, 

тісшұқығыш сынды заттармен  жұмыс істеуді  меңгеруі керек, олардан картина немесе 

аппликация, тіпті олардан әр түрлі тізбектер жасап үйренуі керек, мұның бәрі оларды 

бір нәрсені істеу үшін, ұзағырақ отырып айналысуға үйретеді; 

-есте сақтау қабілетін жаттықтыру – яғни, әндер мен тақпақтарды жаттауды үйрету 

(мектепте болатын ертеңгіліктер мен жиындарда баланың жарқырап көрінуіне септігін 

тигізеді, бұл оның мектептегі өмірінің дұрыс жолға бағытталуына көмектеседі); 

-  сараптауды,  жіктеуді  дұрыс  меңгеруге  жаттықтыру  –  бұл  баладан  бір  оқиғаны 

айтуды,  яғни  ең  алдымен  не  болғанын,  одан  кейін  қандай  жағдай  орын  алғанын 

(себептік-жалғаспалы  байланыстар)  сұрау,  түрлі  картина  бөліктерінен  бүтін  нәрсе 

құрастыру,  заттарды  қандай  да  бір  белгілеріне  қарай  орналастыруды,  жинақтауды 

тапсыру. 

Алайда,  баланың  үйренуі  оның  мүмкіндіктері  мен  психикалық  жетілуіне  сәйкес 

келмейтінін  ұмытпаған  жөн.  Сондай-ақ,  оның  үйрену  қабілеті  баланың  танымдық 

белсенділігінің жоғарылығы деп айтуға болмайды, көп жағдайда ата-аналар өз баласына 

біліммен  толтыру  қажет  бір  ыдыс  қана  деп  қарайды.  Расында,  «оқысаңыз  балалар, 

шамнан  шырақ  жағылар»  дегендей,  баланың  жарқырай  жануға  дайын  тұрған  шырақ 

екенін, оны тек тұтату қажеттігін ескере бермейміз 

Оның  үстіне  тұтас  беттегі  тақпақты  жатқа  айтқан  бала  жақсы  оқушы  деп 

бағаланғанымен,  шын  мәнінде  ол  мектепке  дайындығы  бойынша,  психологиялық, 

тұлғалық, қарым-қатынас тұрғысынан, әлеуметтік-психологиялық жағынан әлсіз, тіпті 

дайын емес те болуы мүмкін.  

 Дәлірек айтсақ, білім қорынан басқа  балаға: 

-  коммуникативтік  және  әлеуметтік  дағдыларды  меңгеру,ияғни,  өзі  тұратын 

қоғамда  қабылданған,  күнделікті  өмірдегі  моральдық-адамгершілік  қағидаларды 

пайдалана отырып, өз ортасымен түсінісе, араласа білуі керек; 

-өз  құрдастарымен  және  өзінен  үлкендермен  байланыс  орнатып,  араласудан 

қорықпауы керек;   

-өз ұстанымын өркениетті әдістер арқылы қорғай білуі, орынсыз агрессияға, ашуға 

берілмеуі немесе керісінше, шектен тыс қорқақ, жасқаншақ болмағаны абзал; 

-мектептегі  білім  алу  процесінің  маңызын  сезінуі,  білім  алудың  не  беретінін, 

мектепте оқудың тәртібі қандай екендігін білгені дұрыс; 

-бекітілген ережелерге бағынуы, тәртіп дегеннің не екенінен хабардар болуы және 

оның қажеттілігін түсінуі тиіс; 

-оқуға деген құлшынысы, оң көзқарасы қалыптасуы тиіс; 




жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау