№30 С.Торайғыров жалпы орта білім беретін мектебі КММ педагогикалық кеңестің № 1 хаттамасы
31.08.2022ж
Қатысқандар: 88
Күн тәртібінде:
1.Өткен оқу жылының қорытындысы.Жаңа оқу жылының міндеттері.Мектептің ішкі тәртіп ережесін бекіту. ДОІЖО Б.Азбаев
2.Мұғалімдердің оқу жүктемесі және және оқу жоспарын бекіту.Педагог мәртебесі туралы заңға шолу ДОІЖО Б.Азбаев
3.1-сыныпқа 6 жастан балаларды қабылдау және үйде оқытуды ұйымдастыру туралы.
Т.Кемелбекова
4.Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері. Ішкі еңбек тәртібі
ДТІЖО Алимеков С
5.Әртүрлі мәселелер
Тыңдалды:
Бірінші мәселе,өткен оқу жылының қорытындысы бойынша МУА Б.Азбаев сөз алды. Ол өз сөзінде,өткен оқу жылында мектепті 51 оқушы бітірді. «Алтын белгі» 3 оқушы, үздік аттестат 2 оқушы, грантқа түскен оқушы саны -12. Негізгі орта білім курсы бойынша 94 оқушы,оның ішінде 1 оқушы (үйде оқыту) 7 оқушы үздік аттестат алды.
Мектепте оқу тәрбие саласы бойынша біршама жаңалықтар болды.Біліктілікті арттырған мұғалімдер саны-10
Екінші мәселе, жаңа оқу жылының міндеттері туралы оқу ісі орынбасары Б.Азбаев сөйледі.Алдымен алқа мүшелерін сайлап алайық.Алқа мүшелеріне лайық деп Өткелбаева М, Әділбекова М апай сайланды. Мектептің алға қойған мақсаты-нәтижеге бағытталған білім беру жүйесі екендігін айтып өтті.Білім берудегі жоғары сапа және көшбасшылық туралы айтты.Биылғы жаңа оқу жылының басты жаңалығы 5 күндік оқу аптасы болып отыр.Ендігі оқу жылының жазғы демалысы 2023 жылдың мамырында басталады. Бұған дейін 1 сынып оқушылары үшін оқу жылының ұзақтығы 33 апта болса, енді 35 апта болады.Ал, 2-11 сынып оқушылары үшін оқу жылы 34 аптадан 36 аптаға ұзарды. Күзгі демалыс 31 қазан мен 6 қараша аралығында;
Қысқы демалыс 31 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында;
Көктемгі демалыс 18-26 наурыз аралығында;
Жазғы демалыс 1 маусым 1 қыркүйек аралығында өтеді.Осылайша, демалыс және мереке күндерін есептегенде балалар жыл бойы 192 күн демалып, 173 күн мектепке барады.
Ағылшын тілі 3 сыныптан басталады. Қазақ тілді мектептерде екінші сыныптан бастап орыс тілі енгізіледі.Ал, ағылшын тілі барлық мектептерде үшінші сыныптан басталады.
Үшінші мәселе бойынша Т.Кемелбекова сөз алды.1 сыныпта оқушылар саны 102.Даярлық сыныбында оқушылар саны 75.
Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Алимбеков «Мектептің ішкі тәртіп ережесімен» ата-аналарды таныстырды. Онда жалпы ережелер, балаларды мектепке қабылдау және шығару тәртібі, Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан шығару тәртібі, Мектеп әкімшілігінің, мұғалімнің, оқушының және ата-ананың құқықтары мен міндеттері, Жұмыс уақыты, жұмыстағы жетістігі үшін марапаттау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауаптылық көзделгені туралы айтты. Сонымен қатар мектеп пен ата-аналар арасында ынтымақтастық келісім-шартытың ережелерімен таныстырды.
Қаулы.
1.Мектеп әкімшілігінің 2021-2022 оқу жылының қорытындысы қанағаттанарлық деп есептелсін.
2.Білім беру үдерісінде нәтижеге қол жеткізу басты назарға алынсын.
3.Педагог туралы заңды орындау міндеттелсін.
МУА Б.Азбаев
Хатшы:
Достарыңызбен бөлісу: |