498
- 4 ай аралығындағы ұрықта пайда болады.Іштегі ұрықтың дұрыс дамымауына мына
факторлар әсер етеді:
-
Жүктілік кезіндегі таксикоз
-
Вирустық инфекциялар
-
Эндокриндік аурулар
-
Әр – түрлі жарақаттар себеп болады.
2. Бала туылғанда әр – түрлі алған жарақат және асфиксия. Бұлардың әсерінен
миға қан құйылуы мүмкін.
3. Бала өмірінің алғашқы жылындағы әр - түрлі аурулар. Қайталана беретін
вирустық инфекциялар асқазан - ішек қызметінің жиі бұзылуы бала тілінің дамуына
кері әсерін тигізеді.
4. Бала сүйегінің зақымдалуы және миының шайқалуы.
5. Тұқым қуалайтын аурулар (факторлар)
6. Келеңсіз тұрмыстық – әлеуметтік факторлар (отбасындағы шайқас,
тәртіпсіздік, мінез – құлқы нашар баламен тілдесуі).
Осы аталған бірнеше себептер салдарынан баланың сөйлеу қабілетінің дамуын
тежеуі мүмкін. Қоршаған әлеуметтік ортада жылы қарым – қатынас, көтеріңкі көңіл –
күй, баламен көп тілдесу және сөйлесу, бала тәрбиесіне көңіл қою баланың сөйлеу
қабілетінің дұрыс дамуына үлкен септігін тигізеді. Баланың сөйлеу қабілетінен бұрын
сөзді түсіну қабілеті дамиды. Бала тілінің дамуы ақыл – есі, мінез – құлқы, жігерінің
дамуымен тығыз байланысты.
Уақытылы және дұрыс сөйлеу барысында бала үнемі жаңа түсініктерді меңгереді.
Баланың сөздік қоры кеңейіп және қоршаған ортамен танысуға деген қызығушылығы
арта түседі. Олай болса, сөйлеу, сөйлеу қабілетінің дамуы баланың ой – өрісінің
дамуымен тығыз байланысты.
Ересектер баланың дұрыс сөйлеуіне неғұрлым ертерек көңіл бөлсе, дұрыс сөйлеу
соғұрлым тезірек қалыптасып жөнделеді. Бала есейген сайын тіл мүкістері өзінен – өзі
жойылып кетуі деу – үлкен қателік. Дер кезінде логопедтік көмек көрсетелмесе, дыбыс
пен сөзді бұрмалап , дұрыс емес айту тұрақты, үйреншікті болып қалуы мүмкін.
Баланың тіл мүкістерін, мектепке дейінгі кезеңде түзеткен жөн. Дер кезінде
түзетілмеген тіл мүкісі мектеп жасындағы баланы нашар оқу – үлгеріміне әкеліп
соқтырады . Ерте көрсетілген медициналық , педагогикалық, психологиялық, логопед
мамандарының арқасында баланың оқу үлгерімі жақсарады. Ата – аналар сөйлеуі әбден
бұзылған баланы дұрыс сөйлейтін құрбыларынан оқшауламауы тиіс. Баланың
басқалармен сөйлесуге қызығушылығын барынша қолдап осындай ұмытылысты іске
асыруына көмектесуі керек. Ата – ана баланың дұрыс сөйлеуі үлкендердің сөзінің
әсерінен
қалыптасатынын,көбінесе
сөйлеу
практикасының
жеткілікті
болуына,айналадағылардың дұрыс сөйлеуіне,тәрбие мен оқытуға байланысты екенін
білгендері жөн.
Арнайы сауатты логопедттік көмекті тек педагогикалық білімі жоғары логопед
көрсетуі тиіс. Тек сол жағжайда ғана логопедтік түзету жұмыстары жақсы нәтиже
береді.
499
Әдебиеттер:
1. Өмірбекова К.Қ.,Серікбаев «Логопедия» А.,1996 ж
2. К.К. Омирбекова, Г.Н.Тулебиева, Г.М.Коржоба,Г.С.Оразбаева «Логопедия
негіздері»А.2009 ж
3. А.А.Байтұрсынова «Арнайы педагогика: проблемалар мен даму болашағы» 2008
4.Ұлағат 2003,2007ж
БАЛАБАҚША МЕН АТА-АНАЛАРДЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
Жолкенова Г.Ж.
«Болашақ» колледжі
Мейрманова Д.Б.
№42 «Тілек» балабақшасы
Еліміздің еркін даму жолына түскен жылдары халық санасына заман талабына сай
салмақты да салиқалы өзгерістер енгізді. Әлем өркениетінің деңгейіне құлаш ұрған,
ғылым мен мәдениеті тұспалдаса дамып келе жатқан еліміздің асқақ мұратының бірі –
ұрпақ тәрбиесі. Рухы биік ұлттың ұрпағы озары анық. Ата-бабамыз санасының сәби
кезінде-ақ, балаға бал шырынды бар құдіретімен тәрбие беріп, әдептіліктің әлдиіне
бөлеген. Намысы биік, қайсар халқымыз сәбиін бесігінен-ақ: «Батыр болар ма екенсің?»
дей, өсер баланың үмітін ел арманымен астастырған. Елінің ертеңі болар ардақты азамат
болуын көксеген. Мұндай ұлы мұраттың жүзеге асуы үшін жүрегі мейрім мен ізгілікке
толы, жан жылуы мол, қайырымды, отансүйгіш ірі тұлға болуы керек. Осындай
жалпыадамзаттық құндылыққа шыңдайтын ең бірінші орта – отбасы. «Атаның баласы
болма, адамның баласы бол» деген дана Абайдың қағидасы көнедей көш тартып келе
жатқан ежелгі ел үмітін ұштағандай.
Жас ұрпақтың бойына адамгершіліктің алау сезімін маздатып, жан-жақты
дамыған, мейірбан, қамқор, белсенді, ата даңқын жалғайтын, қыран құстай самғайтын
асқақ рухты азамат етіп тәрбиелеу – бүгінде ата-ана мен білім беру ошақтарының
бірлескен ортақ мақсаты. Яғни, ешқашандай зәулім заңғармен өлшенбес асыл қасиет –
адамгершілік нәрін бала бойына сіңіру, қанша уақыт өтсе де, әлі күнге мән-мағынасы
жойылмай бүгінге дейін елін сүйген ұл, ерге серік қыз бейнесін сомдаған ертегілер,
эпостық, лиро-эпостық жырлар, адам жанына рух пен ізгілік нәрін сепкен Әл-Фараби,
Жүсіп Баласағұни, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, сынды бабаларымыздың шешендік
сөздері нақыл өсиетттерінің мән-мағынасы жарқырай ашылып, ұрпақ тәрбиесінде үлкен
мектепке айналуда. Жалпыадамзаттық құндылықтарды ұлықтаған осындай ұлы
мұраларды негізге алып ата-ана мен балабақша бірлесе еңбек етсе, бала тәрбиесінің
жемісті болары, еліміздің абзал азаматы өсері сөзсіз. Халқымыздың қымбат қазынасын
болашақ ұрпаққа жеткізу, олардың зердесіне дарыту ата-аналар мен тәрбиешілердің
еншісінде. Себебі, бала тәрбиесі баршамызға ортақ.
Отбасы тәрбиесі- бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-
аналардың борышы. Үкімет отбасына үнемі қамқорлық жасауда. Қамқорлықтың
түрлері: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру,