485
болады.
Есте сақтауын зерттеу үшін «фигура ларды есте сақта ,» «10 сөз», « Сан қатары» т.б.
әдістемелерді, ойлау процесін зерттеу үшін «Артығын тап», «Қандай фигура жетіспейді»
т.б. әдістемелерді қолдануға болады.
Психологиялық түзету-бұл баланың жеке тұлғалық дамуында ,оқу барысында
қандай да бір ауытқушылықтар ,психологилық қиыншылықтарды түзетіп ,дамытуға
арналған жұмыс жүйесі болып табылады.
Психологиялық түзету-бұл баланың жеке тұлғалық психикалық дамуында, оқу
барысында білігі мен дағдысында қандай да бір ауытқушылықтар, психологиялық
қиыншылықтарды түзетіп, дамытуға арналған жұмыс жүйесі болып табылады Әр
психолог үйден оқитын балаға барғанда біріншіден баланың көңіл-күйіне қарап,
динамикалық бақылау күнделігін жүргізіп отырады. Баланы мектепшілік іс-шараға
қатыстырады немесе көрермен ретінде көруге шақырады. Екіншіден, баланың үйіне
барғанда ата-анасымен сөйлеседі, пікірлеседі, кеңес беріп отырады. Психологиялық
кеңес беру жұмыстары ата-аналарға, пән мұғалімдеріне, оқушылардың өздеріне жеке
жүргізіледі. Ата-аналарға жиналыстарда топтық кеңес беру,әр баланың үйіне барғанда,
мектепке шақырып жеке кеңес беру жүзеге асса,пән мұғалімдеріне кеңес беру жұмысы
педагогикалық кеңесте, әдістемелік кеңесте,педагогикалық консилиум барысында
жүргізіледі. Мысалы сыныптың мұғалімдеріне арналған кеңес-жадынамалар: -
оқушының мүмкіндігіне және жұмыс істеу темпі мен жылдамдығына сәйкес келетін
тапсырмалар жинағын беру;
-баланың жеке және даму мүмкіндіктерін есепке алу;
-баланың динамикалық (шаршау, қозу т.б.) өзгерістерінің пайда болуына
байланысты жұмыс жетекшілігінің тактикасын өзгертіп отыру;
-сабақта жетісікке әкелетін, жалпы нәтиже беретін,топтық және жеке жұмыс
әдістемесін
қолдану;
-сабақ арасында сергітетін жеңіл физикалық жаттығулар немесе босаңсу жаттығуларын
жасау;
-оқыту үрдісіне ойын,жарыс элементтерін, дидактикалық ойындарды пайдалану;
-оқушы өзінің мықты жақтарын көрсете алатын табыстылық жағдайларын туғызу;
-баланың кез келген жетістігі мен өз бетіндік жұмысын мадақтап, көтермелеп отыру;
-балаға қойылатын талаптардың біресе көтеріліп,біресе төмендеуінен аулақ болу;
-өте белсенді (гиперактивті) балалардың күшін пайдалы жаққа қолдану (тақта сүрту,
дәптерді жинау т.б.)
-жақсы тәртібі мен оқудағы жетістігін көтермелеп, балаға мадақтау сөздерін айту;
-психолог маман бірге отырып,балалардың сынып,мектеп өміріне бейімделуіне,оқу
дағдыларына,қарым-қатынас жасау дағдыларына тәрбиелеу, әлеуметтік орта туралы
түсініктерін қалыптастыру. Келесі жұмыс бағыты бұл-психологиялық алдын алу мен
ағарту жұмыстары. Әрбір сынып бөлмесінде, мектеп дәлізінде, сынып бөлмелерінде,
ата-аналарға арналған бұрыштарда ата-аналарға арналған ағартушылық материалдар мен
кеңестер үнемі жаңартылып отырады. Мектеп психологінің мүмкіндігі шектеулі
балалармен жұмысының негізгі педагогикалық консилиумда көрінеді. Жалпы және
арнаулы (түзету) білім беру мекемелерінің психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық
консилиум жағдайлары негізінде мектепте мектеп директорының бұйрығымен
486
психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық консилиум құрылады. Консилиум құрамына
мектеп директоры,оқу ісі мегерушісі, психолог, әлеуметтік педагог, медбике, сынып
жетекшісі, сынып мұғалімі, тәрбиешісі, және оқыту мұғалімі қатысады. Консилиумға әр
маман
өз
зерттеулері
мен
ұсыныстарын
жазып,
даярлап
келеді.
1. Педагогикалық қорытынды (сынып жетекшісі)
2. Психологиялық қорытынды (педагог-психолог)
3. Медициналық қорытынды (медбике)
4. Әлеуметтік педагог қорытындысы
5. Логопедиялық қорытындысы (логопед).
Бұған қосымша балалардың жұмыс дәптерлері,бала дамуын бақылау
күнделігі,сабақ үлгерімін тіркеу журналдары әкелінеді.
Қорыта келгенде, ең бастысы кемтар балаларға деген қоғамның көзқарасын,
пікірін өзгерту керек, олар үшін кедергісіз орта қалыптастыру қажет және мүмкіндігі
шектеулі баламен бір сыныпта отырған дені сау бала әлдеқайда мейірімді, қайырымды
болып өсетінін халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр.Енді сол тәжірбиенің біздің елімізде
де қанат жайып,өркендеуіне педагогтар қауымы зор үлес қосуы қажет деп ойлаймын.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсіп, өзін
әлеуметтік ортада жеке тұлға санап,олардың тағдырын ел болып реттейтін уақыт келді.
«Бала тағдыры-ел тағдыры» деп қарап, ұрпақтың өмірге келген сәтінен бастап, тәлім-
тәрбиені бойларына сіңіріп, мүмкіндігі шектеулі баелалардың әлеуметтік өмірге даярлап,
еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын азамат тәрбиелейтін кез келді. Қорыта айтқанда,
бала − ата-ана − педагог, отбасы және білім беретін ұйымдар арасындағы
сабақтастықтың ойдағыдай жүзеге асуы тұлғаның әлеуметтік бейімделуінің алғы
шарттарының бірі болмақ. Біз, балалар үшін бала өз әрекетінің қатысы мен керектігін
сезінетіндей жағдай жасауымыз керек. Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық
құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі шектеулі
балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің
міндетіміз. Инклюзивті оқыту – мүмкіндігі шектеулі балалардың тең құқығын
анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті
қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу
арқылы балаларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.
Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің
бастауы болмақ.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана. 2010 ж. 2. «ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ филиалы
«Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру
институты» // Инклюзивтік білім беру жағдайында мектеп жасына дейінгі мүмкіндігі
шектеулі балаларды әлеуметтендіру. 3. Саламанская декларация и рамки действий по
образованию лиц с особыми потребностями, принятые Всемирной конференцией по
образованию лиц с особыми потребностями: доступ и качество, Саламанка, Испания, 7-
10 июня 1994 года. 4. Грозная Н.С. Инклюзивное образование за рубежом. От мечты к
реальности // Синдром Дауна XXI век. 2011. №1. С.34–41. 5. Қазақстандағы инклюзивті