Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет20/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   472

 

42 


 

жеке  қабілеттеріне,  денсаулық  жағдайларына  дене  бітімінің  даму  деңгейіне  отбасы 

мүмкіндіктеріне сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын таңдауға құқығы бар. 

 

Отбасы тәрбиесінің міндеттері: 

Баланың дене және танымдық дамуы  үшін максималды қауіпсіз жағдайлармен түрлі 

мүмкіндіктер  жасау.  Баланы  эмоционалдық  қолдауды  қамтамассыз  ету.  Баланың 

жақын және басқа адамдармен қарым-қатынас жасауы, олармен берік қарым-қатынас 

орнатудағы  жеке  талаптарын  қанағаттандыру,  тіршілік  іс  әрекеттерінде  қауіпсіздік 

туралы  алғашқы  білімін  қалыптастыру,  өзіне-өзі  қызмет  етуге  және  жақындарына 

көмектесуге  бағытталған  қолданбалы  дағдылар  мен  іскерлікке  үйрету,  тілдік 

қатынастық  дамуын  қамтамассыз  ету,  отбасы  мен  қоғамның  дәстүрлерімен 

құндылықтарына  тәрбиелеу,  бейімімен  қызығушылығын  дамыту.  Отбасы  тәрбиесін 

ұйымдастыру  шарттары;  отбасы  бала  тұлғасын  дамытуда  оның  алғашқы  қоршаған 

ортасын құрады. 

 

Мектеп  жасына  дейінгі  мекеме  педагогтары  мен  ата-аналардың  өзара  бірігіп 

төмендегідей жұмыстарды сапалы, нәтижелі жүзеге асыру қажет: 

 

І.  Ата-аналарды  педагогикалық  үдіріске  тарту  арқылы  бала  тәрбиесінің  мақсат, 



міндеттерінің түсінуіне, бала тәрбиесін ойдағыдай іске асыруына ықпал етеміз. Ата-

ана  баланың  мүмкіндігін  ескеру,  сонымен  қатар  кідіріс  те  болдырмау  керектігін 

түсінеді.  Ата-аналардың  педагогикалық  мүмкіндіктерін  анықтайтын  жағдайлардың 

кешені  өз  деңгейінде  болу  қажет.  Олар  отбасының  тұрмыстық  жағдайы,  құрылысы 

және отбасы мүшелерінің саны, психологиялық жағдайы, мәдени білім деңгейі, ата-

ана өнегесі. 

 

ІІ.  Ата-аналарды  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттеріне  қатыстырудың  маңызды 



нәтижесі  ата-аналар  өз  балаларының  оларға  тән  емес  ортадағы  қылығын,  оның 

басқалармен  қалай  араласуын,  білім  деңгейін,  құрдастарының  оған  деген  қарым-

қатынасын  зерттей  алады.  Өз  баласының  дамуы  басқалардан  артта  қалған  жоқ  па, 

балабақшада ол үйдегідей емес, өзін басқаша ұстауын еріксіз салыстырады. Бәрін мен 

дұрыс істеймін бе, неге менде тәрбиелеудің өзге нәтижесі қалыптасқан, неге үйрену 

керек  деген  рефлекстік  қызмет  «іске  қосылады».Жыл  бойы  жүргізілетін  жұмыс 

жоспарын  ата-аналармен  бірлесе  отырып  жасаған  тиімді.  Себебі,  ата-аналар  заман 

талабына сай өзекті мәселерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері 

ұсына алады. Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс – тілектерімен санаса отырып ата-

аналарға  арналған  әңгіме-лер  мен  лекциялар,  кеңестер  мен  сұрақ-жауап  кештері, 

тәрбие  жұмысын  алмасу  жөніндегі  конференциялар,  ата-аналарды  педагогикалық 

әдебиеттермен таныстыру әдіс-тәсілдері     қарастырылады. 

 

Ата-аналардың  балабақшадағы  балалардың  өмірін  мейілінше  қызықты  етіп 



өткізуіне  үлес  қосу  үшін  біздің  балабақшада  «Шебер  қолдар»  үйірмесі  жұмыс 

жасайды.  Балаларды  қол  өнердің  кейбір  түрлеріне  үйретсе,  кейбір  ата-аналар 

ертеңгіліктерге бірігіп декорация жасауға, киімдер тігу, атрибуттар дайындау сияқты 

жұмыстарға ат салысады. 

ІІІ.  Балалардың  шығармашылық  қиялы  мен  қабілеттерін  дұрыс  бағытта 

дамыту    үшін  олардың  жас  ерекшеліктері  мен  нақты  дара  ерекшеліктерін  ескере 

отырып қалыптастыру қажет. Балаларға арналған көркем шығармалар баланы шынайы 

болмысты  нақты  әрекетімен  таныстыра  отырып,  оны  көркемдеп  баяндап  баланың 




 

43 


 

сөздік  қорын  молайтып,  тілін  байытамыз.Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  бейнелеу 

өнерімен  жалпы  топтық  ұйым-дастырылған  оқу  іс-әрекеттерінен  тыс  уақыттарда 

шұғылдана алады. Барлық білім сала-лары бойынша іске асыруға болады. Балалардың 

логикалық  ойлау  қабілеті,  интелектуал-дық  дарындылығы,  есте  сақтау  қабілеттері 

түрлі  логикалық,  сенсорлық  ойындар  арқылы  баланың  шығармашылық  қабілеті 

дамып,  ақыл-ой  белсенділігі  арта  түседі.  Шығармалар-ды,  ертегілерді,  әңгімелерді 

еске  түсіріп  сөйлеу  шығармашылығын  дамыта  отырып,  театр-лық  көрсетулер 

ұйымдастыруға  болады.  Ата-аналармен  жүргізілген  жиналыстарда  бала-лардың 

жұмыстарынан  көрме  жасап  қоямыз.  Қалыптасу  мен  дамыту  мәселелері  бойынша 

тәжірибе алмасу. 

Ата-аналармен  мейілінше  кең  тараған  жұмыстардың  бірі  ол  ашық  есік  күні. 

Мектеп жасына дейінгі мекемемен, оның дәстүрлерімен, ережелерімен, тәрбиелеу — 

оқыту  жұмыстарының  ерекшеліктерімен  таныстыруға,  олармен  қызықтыра  білуге 

және  қатысуға  мүмкіндік  береді.  Ата-аналармен  топтарға  саяхат  жасау,  балабақша 

жұмысынан  үзінді  көрсету  (ұжымдық  жұмыстар,  серуендеуге  жинау  т.с.с.)  немесе 

әдіске  ата-аналармен  әңгімелеседі,  олардың  алған  әсерлерін  анықтайды,  туындаған 

сұрақтарға жауап береді. Әңгімелерді жеке дара, ұжымдық түрінде өткіземіз. Бұл екі 

жағдай  да,  нақты  міндет:  нені  анықтау  қажеттігі,  немен  көмектесуге  болатыны 

белгіленеді, ата-аналардың пікірлерін де тыңдаймыз. 

 

Ата-анамен  балабақша  арасындағы  тығыз  қарым-қатынас,  бірлік,  ынтымақ 



жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ. 

«Ұстаз  –  бағбан,  бала-  гүл»  деген  қағида  әр  тәрбиешінің  ұстаздық  ұстанымы.  Осы 

қағиданы  ата  –  ана  мен  ұстаз  бірігіп  пайдалансақ,  балабақша  бала  үшін  ең  сүйікті 

мекенге  айналар  еді.  Бағбанға  гүлдің  әйтеуір  өскенін  гөрі,  ата  –  ана  мен  ұстазға  да 

баланың  әйтеуір  ержеткенінен  гөрі,  әдепті  болып  есейгені  қажеттірек.  Бағбан  өз 

гүлінің сапасымен мақтанатыны сияқты, ата –ана да баласының әдептілігімен ақтануы 

тиіс. 

 

«Жұмыла  көтерген  жүк  –жеңіл»  дегендей,  педагогтар  ұжымы  мен  ата  –  аналар 



бірігіп, осындай іс-шараларға белсене қатысып, балалардың тәрбиесіне көңіл бөлсе, 

жауапты, үлкен іске тамшыдай болса да үлесімізді қосқанымыз. 

 

 

Қолданылған әдебиеттер: 



1. Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Балабақшада ата-аналармен жұмыс: 

Этнопедагогикалық тәсіл - М.: ТЦ Сфера, 2005. – 144 б. - («МДҰ басқару» журналына 

қосымша).  

2.  Зверева  О.Л.  МДҰ  ата-аналар  жиналысы:  әдістемелік  құрал  /О.Л.  Зверева,  Т.В. 

Кротова. - М.: Айрис — пресс, 2006. – 128 б. - (Мектепке дейінгі тәрбие мен дамыту)  

3. Макаренко А.С. Ата-аналарға арналған кітап / А.С. Макаренко. – М.: Просвещение, 

1968.  

4.  Отбасында  баланы  мектепке  дайындау  (ата-аналарға  арналған  әдістемелік  құрал) 



Алматы 2000 ж. 

 

 




жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау