34
Іс-әрекет адам мен қоғамның тіршілік етуі мен дамуының негізі.Педагогика
ғылымда іс-әрекет проблемасы оқу-тәрбие процесінің негізі ретінде қарастырылады.
Педагогикалық және психологиялық сөздікте іс-әрекетке мынадай анықтама беріледі:
«адамның ақиқат дүниемен өзара белсенді әрекеттестігінің іс жүзіндегі көрінісі.
Адамның дене және ақыл-ой қуатының дамуына шешуші қызмет атқаратын іс-әрекет
түріне еңбек жатады. Адамның өзге іс-әрекетінің барлығы (ойын, оқу, т.б.) еңбекпен
тығыз байланысты. Адамның әлеуметтік тарихи дамуы барысында қоғамдық ерекше
қажеттілік ретіндегі теориялық іс-әрекет, яғни ой еңбегі пайда болған. Іс-әрекет
құрамына іс-әрекетті қозғаушы түрткі, іс-әрекетті бағыттаушы мақсат пен нәтиже, іс-
әрекетті жүзеге асырушы құралдар қамтылады. Іс-әрекет түрткісіз адамның түрлі
қажеттіліктеріне, қызығушылығына, жауапкершілігіне, сезіміне, санасына қызмет
етеді. Іс-әрекетке түрткі белгілі бағыт береді. Түрткінің мазмұны мен сапасына лайық
адамның тұпақтылығы байқалады,көздеген мақсатына жетеді. Іс-әрекеттің мақсаты
мен түрткісі- қиындықтарды жеңіп, нәтижеге қол жеткізу. Кез келген іс-әрекет
субьекті арқылы мақсат,құрал, үрдіс, нәтижеде көрінеді. Адам қажеттілігінен туған іс-
әрекет оның санасын бейнелейді. Қоғамдық өмірде адам түрткі мен мақсатты өз
дамуына байланысты пайдаланады. Жеке адамның дамуында іс-әрекет жетекші рөль
атқарады. Адамның іс-әрекеті дене және ой еңбегі арқылы көрінеді. Өнімді еңбек
материалды құндылықтар, ал ой еңбегі рухани құндылықтар жасайды. Адам үшін ең
маңызды іс-әрекет үйрену. Тұлға іс-әрекеті арқылы тәжірибе жиңақтайды, шыңдықты
игереді, іскірлігі артады, дамиды.
Адамның іс-әрекеті сан-алуан түрлі болады. Материалдық және рухани өмірге
қажеттілердің бірі болып өмір сүру үшін адам қоршаған дүние жөнінде хабарлар
болуға, табиғат, қоғам туралы дұрыс түсінік алуға, айналадағы адамдардың және өткен
ұрпақтардың тәжірибелерін игеруге тиіс, оған іздену,ойлау, білу, зерттеу, бір сөзбен
айтқанда танымдық іс-әрекетпен шұғылдану қажет. Сезім орғандары мен ми адамға
қоршаған дүниені қабылдауға, білгендерін есінде сақтауға, оны ойына түсіруге,
ойлауға т.с.с мүмкіндік береді. Сондықтан психикалық процестер: қабылдау, ес, ойлау,
қиял-мұның бәрі адамның танымдық іс-әрекетінің көрінісі. Педагогикалық тұрғыдан
келетін болсақ, таным-«адамның сана-сезіміндегі шындық құбылыстардың
бейнесінің ерекше процесі».Таным процесінде ойлаудың әртүрлі тәсілдері
пайдаланылады (талдау, жинақтау, дедукция, индукция, абстрактыдан нақтыға көшу
және т.б.).Танымның негізі және білім ақиқатылығының өлшемі-практикалық іс-
әрекет.
Психологияда таным процестерінің кезендерін былайша бөліп көрсетеді:
Қоршаған болмыстың объектілері Түйсіну- Қабылдау-Есте сақтау- Ойлау-іс-
әрекет.
Оқу-оқыту процесіндегі балалардың іс-әрекеті. Оқыту процесінің логикасы оның
құрылымын анықтайды,ал құрылымына оқыту процесінің звенолары-танымдық іс-
әрекетінің кезендері кіреді:
1. таным міндеттерін жете түсіну;
2. жаңа материалды қабылдау;
3. ұғыну-жаңа оқу материалдарын түсініп,жинақтау процесі;
4. білімді, біліктіліқті және дағдыны бекіту және жетілдіру;
35
5. білімді, біліктілікті және дағдыны іс жүзінде қолдана білу;
6. оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, біліктілігін және дағдысын тексеру,
бағалау.
Педагогикада таным процесінің құрылымы төмендегідей:
1. Қабылдау.
2. Ұғыну және түсіну.
3. Жинақтау.
4. Бекіту.
5. Қолдану.
Дәстүрлі дидактикада бұл процестер меңгеру процесінің звенолары деп аталады.
Оқу процесінің түрлі жағдайларына байланысты олар тура осындай тізбекпен жүзеге
асырылуы міндетті емес. Бұл звенолар баланың ерекше танымдық іс-әрекеті ретінде
оқудың ішкі механизмдерін ашып көрсетеді. Таным міндеті түсінікті болса, оны
балалар өз бетімен ізденіп шешуге тырысады, оқыту процесінің әрбір звеносына жеке-
жеке дайындалады.
Қабылдау-адамға тікелей әсер ететін заттардың, яғни құбылыстардың адам
санасында бейнелену процесі. Сабақ үстінде балалардың жаңа материалмен танысуы
түйсіктен және қабылдаудан басталады. Ал түйсік-сананың сыртқы әлеммен
байланысы. Сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызға бейнеленуін түйсік деп
атайды.
Ұғыну және түсіну- бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды үгу,
фактілерді жинақтау, қорытынды шығару процесі. Ұғыну процесінде оқытылатын
материал терең ойластырылады, дәлелденіледі және бекітіледі.
Бекіту-бұл, балалардың білімді берік ұғынуының тиімді тәсілі. Сабақта жаңа
материалды алғашқы бекіту қолданылады. Өткен оқу материалын еске түсіру үшін
тәрбиеші күнделікті қайталауды жүргізіп отырады.
Білімді, біліктілікті және дағдыны практикада қолдану балалардың өзіндік
қасиетін дамытады.
Балалардың жетістіктерін талдау, білімін, біліктілігін және дағдысын тексеру,
бағалау-бұл оқытудың кері байланыс процесі. Таным іс әрекетінің бұл кезеңінде
балалардың сабақ үстінде тек қана белгілі сұрақ бойынша білімін тексеріп, бағалаумен
шектелуге болмайды. Сондықтан балалардың барлық жетістіктерін-білім сапасын,
пайымдау сауаттылығын, жалпы ой-өрісінің даму дәрежесін ескеріп, талдау жасап
отырған жөн. Оның негізінде білім мазмұны анықталады, объективті баға беріледі.
Оқытудың нәтижесі ең алдымен танымдақ іс-әрекеттің әртүрлі түрлерін немесе
оның жекеленген әлементтерін: ұғымдарын, елестерін, әртүрлі ақыл-ой әрекеттерін
қалыптастыру болып табылады. Танымдық іс-әрекетті тиімді қалыптастыру оқу
процесінің тиімділігін дәлелдейді. Жас ерекшелік және педагогикалық психологияның
негізгі тұжырымдамаларының бірі ақыл-ой әрекетін кезендер бойынша қалыптастыру
теориясы болып табылады, ол П.Я.Гальперин еңбектерінде орын алады.
Ақыл-ой әрекетін қалыптастыру кезендері:
- әрекеттің мотиватциялық негізін қалыптастыру кезені.