Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет18/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   472

 

38 


 

отырады:  мәдениеті,    эрудициясы    жоғары,    эстетикалық,    көркемдік  талғамы  бар. 

Саясатқа, 

білімге, 

өнердегі 

жаңалықтарға 

қызығушылық 

танытады. 

Шығармашылықпен өзін - өзі үздіксіз дамытып отырады. 

Тәрбиеші  -  педагог  –  рухани  бай  тұлға.Оның  рухани  байлығы  балаға  деген 

махаббатынан,  жоғары  адамгершілік  және  ұят  сезімінен  көрінеді.  Ол  өзінің  

әріптестерінің пікірімен санасады. Тұлғаның рухани байлығы өмірдің мәнін және өмір 

сүру мақсатын, өзінің кәсіби шеберлігін айқындауына ұмтылуында болып табылады. 

Педагог адамдардың қарым - қатынасына, әлем сұлулығына ерекше мән береді. Онда 

эмпатия мен рефлексия жоғары дамыған. Ол жаңа өсіп келе жатқан баланың рухани 

әлемінің  байлығын  түсінуге  тырысады,  сондықтан  да  өзінің  планетарлық,  тіпті 

космостық ойлау үрдісін  дамытады. 

Тәрбиеші  -  педагог  –  шығармашыл  тұлға.  Ол  бірсарындылықты    ұнатпайды, 

сондықтан  үздіксіз  ізденіс  үстінде,  жаңашыл.  Ойлап  шығару,  жүзеге  асыру  –  оның 

қалыпты  кәсіби  үлгісі.    Тәрбиеші  –  еркін  тұлға.  Оның  еркіндігі  өмірде  және  кәсіби 

қызметте мәдениет әлемінде өз орнын табуынан көрінеді. Оның еркін ой - пікірі және 

кәсіби  жауапкершілікті  сезінуімен  тұтастықта.  Өзін  -  өзі  бағалай  алады,  алайда 

менмендікке жол бермейді. Ол батыл шешім қабылдайды, өзінің өмірлік позициясы 

бар, яғни айналадағы ортаға, адамдарға, өзіне деген қарым - қатынастың берік жүйесі 

бар. 

Тәрбиеші - педагог – адамгершілігі мол, мейірімді тұлға. Бүкіл тіршілік атаулыға,  



әсіресе балаға үлкен сүйіспеншілікпен қарайды. Өзімен көз қарасы сәйкес келмейтін 

адамға  төзімділік  танытады.  Әр  ұлт  өкілдеріне  және  халықтың  салт-  дәстүрлеріне 

сыйластықпен  қарайды. 

Тәрбиеші  -  педагог  –  бәсекелестікті  тұлға.  Жоғары  кәсіби  шеберлікті  меңгеру 

үшін  рынок  жағдайында  өзінің  жетістіктері  мен  кемшіліктерін  біліп,  мықты 

жақтарына  сүйене  отырып,  әлсіз  жақтарын  жетілдіріп  отыру  керек.  Озық 

педогогикалық  тәжірибелерді  оқып,  танып  өз  ой  елегінен  өткізе  отырып, 

шығармашылықпен  қолдана  білу  керек.  Кәсіби  мәні  бар  басылымдарды  қадағалап, 

үздіксіз білім жетілдіру курстарынан өтіп отырған жөн. Бәсекелестікті тұлға болу үшін 

тек өз елімізде емес, білім кеңістігінде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болады, 

жоғары еңбек нәтижесіне жетуге  ұмтылады. 

Тәрбиеші - педагог мәдениет адамы. Ол белгілі бір мәдени кеңістік пен әлеуметтік 

-  мәдени  ситуацияларды  ескере  отырып,  ең  жаңа  ғылым, өнер  жетістіктерін  бойына 

сіңіреді. Өз халқының әдет - ғұрпы мен салт – дәстүрін бағалайды, біледі. Көркем және 

кәсіби  әдебиеттерге  қызығушылық  танытады,  өнердің  алуан  түріне  мән  береді,  ең 

бастысы өзінің шәкірттеріне қызықтыра бітеді. 

Тәрбиеші - педагог қандай бір бағытты қаламасын, қандай міндеттерді шешпесін, 

негізгі  қызметі  –  тәрбиешілік.  Тәрбие  үрдісі  тәрбиеленушілердің  алуан  түрлі  іс  - 

әрекеттерін  (ойын,  оқу,  еңбек,  жеке,  ұжымдық)  педагогикалық  басқару  негізінде 

жүзеге асады 

Қазіргі  кезеңде  тәрбиеші  –  тәрбие  жұмысын  ұйымдастырушы  ретінде  нақты 

тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған білім, білік қабілеттеріне талдау жасау керек. 

Тәрбиеші ең маңызды, ең шешуші  құндылықтарға назар аударған жөн. Құндылықтар 

жүйесі  қазіргі  педагогтардың  педагогикалық  мәдениетінің  мазмұнын  айқындайды. 




 

39 


 

Негізгі  құндылықтардың  ең  бастысы  –  бала,  оның  рухани  –  адамгершілік  әлемі. 

Тәрбиеші  үшін  ең  маңыздысы,  оның  іскерлігі  болып  есептеледі,  сонымен  қатар, 

психологиялық  мәдениеттің  де  рөлі  ерекше.  Бала  психологиясының  дамуындағы 

қайшылықтар  мен  қиындықтарды  түсіну  үшін  қажет.  П.  П.  Блонский  педагогтрды 

«практикалық  психолог»  болуға  шақырады.  Тәрбиеленушілердің  жан  -  дүниесін 

түсініп, сезініп, олардың жеке –  психологиялық қасиеттерін бағалаған жағдайда ғана 

табысқа жете алады 

 

Тәрбиеші  -  педагог  баланың  сеніміне,  сүйіспеншілігіне  әділетті  болғанда  ғана 



бөлене  алады.  Сондықтан  ұжымдағы  тәрбиеші  мен  тәрбиеленушінің  арасындағы 

адамгершілік – психологиялық  ахуал шешуші рөл атқарады. 

 

Балаларды  қызықтыру,  білім  алудың  қажет  екенін  сезіндірудің  маңыздылығына 



нақты іс - шараға қатысуын қамтамасыз ету арқылы көз жеткізеді, бұл табысқа жетудің 

алғашқы қадамы  болып саналады. 

 

Жұмыстың  келесі  кезеңі  –  тәрбие  ісін  жүзеге  асыру  барысында  балаларды 



ұйымдастырып, топтық ұжымдық, ұжымдық ынтымақтасуы мен шығармашылық іс - 

әрекетін жүзеге асыру.  

 

Тәрбиеші –педагог  жобалай, болжай білу керек. Бір күн, бір апта, бір ай, бір жылды 



жобалап, болжай білген жөн.Сонымен бірге, тәрбиешінің тәрбиеленушімен белсенді 

қарым-қатынас құра білу тыңдай да, тыңдата да білу керек. Дер кезінде батыл шешім 

қабылдай  алуы  да  маңызды.  Жоғары  рухани  деңгейі,  зиялылық,  жұмсақ  жымиыс, 

жайлы  дауыс,  жеңіл  әзіл  ең  кішкентай  балалардан  бастап,  ересектерге  де 

ұнайды.Жеңіл әзіл арқылы шиеленісті жағдайдың бетін қайтаруға болады. 

 

Тәрбиеші - педагог үздіксіз даңқ пен табысқа кенеле бермейді. Қиын жағдайларда  



тығырықтан шығу үшін жеңіл әзіл  керек - ақ. 

 

Педагог  -  тәрбиеші  өзін  -  өзі  бақылап,  педагогикалық  іс  -  әрекетін  дер  кезінде 



түзете білген жөн. 

 

Тәрбиеші бала тұлғасына тәрбиелік ықпал етуді біріктіре, кіріктіре білгені дұрыс. 



Отбасы,  балабақша,  достарын  қамтып,  мезгілінде  көмекке  келе  білу  керек.  Педагог 

кейбір шиеленісті жағдайдан өзінің интуициясы және шығармашылығы арқылы ғана 

шыға алады. Психолог, педагог П. П Блонский « Нағыз ұстаз  энциклопедиялық сөздік 

емес, алайда ол Сократ »- деп жазған еді.( 2/б. 618) 

  

Нағыз педагог ең алдымен шығармашыл және кәсіби ойлайтын адам екені анық. 



Бақытты  тәрбиеші  -педагог  қана  балаларын  бақытқа  кенелте  алады.  Тек  мейірімді 

педагог  ғана  балаға  мейірім  дәнін  себе  алады.  Өзін  -  өзі  дамыта  алатын  педагог 

балаларды  өзін  -  өзі  дамытуға  ынталандыра  алады.  Сондықтан  біз    балаларымыз  

күткендей  педагог  болуымыз өте қажет. 

 

Күнтізбелік    жоспар,  ұйымдастырылған  оқу  іс  –әрекет  жоспарын  жасағанда 



тәрбиеші  тек  өзінің  жұмысын  ғана  емес,  балалардың  іс  -  әрекетінің  сол  іс-әрекетке  

деген жеке көз қарасымен білім деңгейін, қызығуы мен қабілетін ескерте отыру қажет. 

Балалардың  алуан  түрлі  іс  -  әрекеттерін  жобалаған  кезде  тәрбиеші  ұжымдық  және 

жекелік  шешім  қабылдау  үшін  жан  -  жақты  міндеттер  мен  тапсырмаларды  іріктеу 

керек:  репродуктивті  және  шығармашылық,  оқытушылық,  дамытушылық  және 

жаттығушылықты ескерген жөн. 




жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау