40
Тәрбиеші - педагог бүкіл әдіс - тәсілдерін біріктіріп, кіріктіріп пайдаланғанда
жоғары көрсеткіштерге жетеді.
Қазіргі жағдайда педагог қызметінің ауқымы кең және алуан түрлі. Оның негізгі
бағыттарының бірі –өзін - өзі дамытуы, кәсіби шеберлігін үздіксіз арттырып отыруы.
Тәрбиеші -педагог өзінің жұмысын жоғары деңгейде жүргізіп қана қоймай, басқаларға
өз тәжірибелерді тауып, танып, тарата білу керек; б) оқу - әдіскерлік проблемаларды
танып, талдама жасайды; в) алуан түрлі әдіскерлік жұмыстарды тиімді тұтастыра білуі
керек; г) жас педагогтардың өзін - өзі дамытуға көмек береді. Өзін - өзі дамытуға
бағдарлама құрғанда жалпы - мәдени, философиялық - әдістемелік, тәрбиелік,
дидактикалық, педагогикалық, психологиялық, техникалық дайындықтарға назар
аударады. Әдістемелік жұмыстың өз мәнінде жүруіне «ашық сабақтардың» рөлі зор.
Педагог өз жұмыс орнының көлемінде шектеліп қалмай, семинарларға,
конференцияларда қатысу белсенділік танытады. Білім жетілдіру курстарына
қатысады.
Тәрбиеші - педагог – зерттеуші. Ол зерттеуші ретінде өзінің педагогикалық
қызметінде қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі,оны шешуге деген қажеттілік
туындайды.
Жұмысқа шығармашылықпен қарау, шабыттану – зерттеушіліктің қозғаушы күші
болып табылады. Педагогикалық инновацияның дамуына байланысты, педагогикалық
эксперимент жүргізе отырып тіпті жас педагогтар да өзінің зерттеушілік қабілетін
дәлелдей алады. Сондықтан педагогикалық негізгі міндеттерінің бірі методикалық
мәдениет арқылы өзін - өзі дамыту болып табылады.
Оқу мен тәрбие – бір-бірінен бөлек алынып қаралмайтын күрделі үдіріс. Жаңа
заманның жаңашыл ұстазы осы екі үрдісті бірдей теңестіріп алып жүруі оның
шеберлігі мен іскерлігін көрсетеді. Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде
былай деген болатын: «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, келешек
заманына лайық шығару керек». Иә Мағжан атамыз айтқан даналық ой келешекке
білімді ұрпақ керек екенін айқындайды. Өйткені елдің ертеңгі тірегі – жастар. Олар
заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Бала тәрбиесі - баршаның ісі. Отбасының,
балабақшаның мақсат мүдесі біреу. Ол заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Н.Ә.Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауы.
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жж дейінгі «Білім беруді дамыту
бағдарламасы».
2. Г.К.Селевко. «Педкеңестер технологиясы».
3. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жж
арналған Мемлекеттік бағдарламасы
41
ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК – ЖЕҢІЛ
Абилдаева М.Б., Шорагаева М.Т.
№139 «Ақбөпе» балабақшасы КМҚК
Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат
мұраттарының ең бастысы — өзінің өмірін, тәжірибесін жалғастыратын салауатты,
саналы ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, ұрпақ тәрбиесі келешегін берік ететін басты фактор
болып саналады.
Бүгінгі таңда ата –ана мен балабақша арасындағы ортақ мәселе – бала тәрбиесі
екені баршамызға мәлім. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын
күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен
байланыс арқылы одан әрі жалғасады. Баланы туған жерге, елге, халқына деген
сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу – аса жауапты міндеттердің бірі.«Жұмыла
көтерген жүк жеңіл»дегендей бала тәрбиелеуде осындай міндеттерді іске асырушылар
– балабақша мен отбасы.Осы екі арнада жүргізілген тәлім тәрбие сабақтаса, ұштаса
жүргізілгенде ғана мақсатымыз нәтижелі болмақ.
Балабақшада, ата – анамен тәрбиеші айтылған, көрсетілген нәрсеге баланың
ықылас зейін қойып тындауына ерекше зер салғаны жөн. Отбасы, балабақшада
үнемі өнегелі, ұлағатты сөздер айтып, өзін әдепті ұстап, ізеттілік жасауды
түсіндіріп отырған жөн. Сәбиге ерте бастан сәлем десу, қоштасу, үлкенге «сіз» деп
сөйлеу, қарсы жолыққан кісіге жол беру, үлкенге орындық ұсыну, қателігі үшін
кешірім сұрау, рұқсатсыз біреудін затын алмау, өзінен кішіге қамқорлық көрсету
сияқты әдептілік қағидаларын үнемі есіне салып түсіндіріп санасына себезгілеп
сініріп отырса, баланың ақыл – ойының, мінез қалпының өнегелі жаққа ойыса
беруіне ықпалы нәтижелі болмақ.
Ғабиден Мұстафин айтқандай: «Ата – ана қадірін білген бала халық қадірін
білер, халық қадірін білген бала ата – ананың да қадірін біледі. Ол үшін өз
халқының дәстүрін, мәдениетін, өнерін тілін қадірлеуді ата – ана және ұстаз
болып үйрету керек».
Отбасы тіршілігін, дәстүрі мен рухани бағдарын зерттеу арқылы баланың мінез-
құлық жағдайларын анықтауға болады. Отбасындағы тәрбиелеу жұмыстарымен
танысқаннан кейін алынған ақпарат ата-аналарды балабақша жұмысына
қызықтыратын оңтайлы жағдайда құрылу керек. Яғни, ата-ана балабақшада өздерінің
балаларына деген құрмет пен махабатты сезінуі керек.
Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар:
Отбасы баланы әлеуметтендірудің алғашқы институты ретінде қалыптасуының
физикалық, психикалық адамгершілік саулығының негіздерін қалайды. Баланың
жетістіктерін қажеттілігін қалыптастырады. Ресми және бейресми ереже, ұстанымдар
нормалар мен белгілер кешенін анықтайды. Баланың қоғамда өмір сүруге даярлығын
реттейді және бақылайды. Баланың әлеуметтік байланыстар туралы ұғымын
қалыптастырады. Баланың мінез құлқының жалпы адамзаттың моральдық және
мәдени стандарттарына үйретеді. Ата-аналардың немесе заңды өкілдердің баланың