Управление образования павлодарской области



жүктеу 6,91 Mb.
Pdf просмотр
бет61/262
Дата27.12.2019
өлшемі6,91 Mb.
#25101
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   262

127 

 

өмір  салтының  берік  негіздерін  қалыптастыру,  жеке  басының  дамуы  үшін  жағдай  жасау 



арқылы  интеллектін  байыту»-дейтін  тұжырымдар  бүгінгі  білім  берудің  мақсаттары  мен 

міндеттерін ғана емес, дарынды тұлғаны қалыптастыру үшін құзыреттілік түріндегі білім 

берудің басты мәселелерін айқындайды. Әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатындағы 

12  жылдық  оқу  мерзімі  табалдырығымызда  тұр.  Оның  стандартында:  «Қазіргі  кездегі 

білім беру сапасы оқушылардың түрлі қызметтер саласындағы проблемаларды өз бетінше 

шешу  мүмкіндігін  қамтамасыз  ететін  қалыптасқан  негізгі  құзыреттілік  түріндегі  білім 

беру нәтижелерінің жетістіктерімен түсіндіріледі»-делінген.[2] 

Құзыреттілік  туралы  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 

білім беру стандартында төмендегідей анықтама берілген: 

Құзырет-қойылған  мақсаттарға  жету  үшін  және  сыртқы  ресурстарды  тиімді  іске 

асыруға  дайындық;  жеке  және  қоғамдық  қажеттіліктерді  қанағаттандыру  мақсатында 

табысты іс-әрекетке дайындық, білім беру жүйесіне әлеуметтік тапсырысты құрайды. 

Құзыреттілік-оқушылардың  іс-әрекеттің  әмбебап  тәсілдерін  меңгеруінен  көрінетін 

білім нәтижесі. 

Білім  беру  жүйесінің  мақсаттары  құзыреттілік  түріндегі  күтілетін  нәтижелерді 

былай саралаған: 

-  Проблемаларды шешу құзыреттілігі мен өзіндік менеджмент; 

-  Ақпараттық құзыреттілік; 

-  Коммуникативтік құзыреттілік. 

Құзыреттілік  ұғымы  «білім»,  «білік»  және  «дағды»  (ББД)  сияқты  ұғымдарды 

қамтиды.  Бірақ  бұл  ББД-ның  жаңаша  жай  ғана  жиынтығы  емес.  Құзыреттілік  оқыту 

нәтижесін (білім және білік) ғана емес, сонымен бірге ол оқушылырдың шығармашылық 

іс-әрекет  тәжірибесі  мен  құндылық  бағдарларының жүйесін  де  көрсетеді.  Құзыреттілік  – 

бұл  алынған  білімдер  мен  біліктерді  іс-жүзінде,  күнделікті  өмірде  қандай  да  бір 

практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Ол, ең әуелі 

мектептегі  оқыту  үрдісінде  қалыптасады.  Сонымен,  оқытудағы  құзіреттілік  тәсіл  білім 

беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс- 

тәсілдерді  жүзеге  асыруды,  мектептегі  оқыту  сапасын  бағалаудың  біртұтас  жүйесін 

құруды  талап  етеді.  Демек  «құзырет»  және  «құзыреттілік»  ұғымдарын  мектептегі 

педагогикалық  тәрбиеге  енгізу  білім  берудің  мазмұны  мен  әдістерін  өзгертуді,  іс-әрекет 

түрлерін нақтылауды талап етеді.[4] 

Құзыреттілік  тәсіл  бірінші  орынға  оқушының  хабардарлығын  емес,  нақты 

құбылыстарды  танып  білу  мен  түсіндіруде;  қазіргі  заманғы  техника  мен  технологияны 

игеруде;  практикалық  өмірде;  мамандық  таңдау  кезінде  өзінің  кәсіби  білім  алуға 

дайындығын  бағалауда;  еңбек  нарығын  бағдарлау  қажет  болғанда;  өмірден  өз  орнын 

анықтауға;  өмір  салтын,  кикілжіңдерді  шешу  тәсілдерін  таңдауға    байланысты  

мәселелерді  шешу  қажет  болғанда  туындайтын  өмірлік  мәні  бар  мәселелерді  шешу 

біліктілігін шығарады. 

Дүние  жүзілік  әдістемелік  ғылымда  және  қазіргі  Заманғылық  әдістемелік 

әдебиеттерде «құзырет», «құзыреттілік» терминдері кең көлемде қолданыс табуда. 

Құзыреттілік  жеке  тұлғаның  танымы  мен  тәжірибесіне  қатысты  нәрсе.  Ғалым 

С.М.Вешниякованың  «Кәсіптік  білім  беру»  сөздігінде:  «Құзыреттілік  (латын  сөзі) 

competenens  -  қабілетті,  қатысты.  Белгілі  бір  саланың  тұлғаларының  білімінің,  білігінің, 

тәжірибесінің сәйкестігінің мөлшері» деген анықтама берілген.[6] 

А.В.  Баранниковтің  пайымдауынша:  «Құзыреттілік  дегеніміз  өз  бетінше  іске 

асырылатын  қабілеттілік,  ол  оқушының  алған  білімдеріне,  өмірдегі  тәжірибелеріне, 

құндылықтарына негізделеді». 

Ғалым Дж. Равеннің «Қазіргі заманға қоғамдағы құзыреттілік» атты еңбегінде 

«құзыреттілік» терминіне жеке тұлғаның көп қасиеттерін топтайтын ұғым деген анықтама 

беріледі.[5] 




128 

 

Құзыреттілік  тұрғысынан  білім  берудің  басты  ерекшелігі  дайын  білімді  игерту 



емес, бұл білімді өз бетімен игеруге, оны практикада қолдана білуге жағдай туғызу. 

А.В.Хуторский  анықтамасында  «Құзырлылық  жеке  бастың  білім,  білік, 

дағдысының жиынтығы, құзыреттілік жалпы адамның өз  ісін жақсы білу арқылы сапалы 

қызмет ету қабілетін білдіреді» деп берілген.[6] 

Бүгінгі күні ұрпақ өз таңдауына шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп жатыр. 

Бүгінгі  оқушыны  дұрыс  таңдау  жасау,  ұтымды  шешім  қабылдау,  сондай-ақ  өзінің 

өміріндегі  өзгерістер  ағымына  икемделу  қабілетіне  байланысты  өмір  сүру  талабы  күтіп 

тұр. 


Мектептегі  білім  беру  міндеттерінің  бірі  оқушыны  шынайы  өмірге  дайындау. 

Оқушыны  ойлануға,  қай  жаста  болмасын  алдынан  шығатын  түрлі  проблеманы  шешуге 

қажетті  әрекет  тәсілдеріне  үйрету  міндеті  тұр.  Қазіргі  мектепті  философтар  адамзатты 

өзіне  өзі  қойған  қақпаны  деп  айтып  жүр.  Мектеп  тәжірибесінде  оқушыны  тапсырманы 

орындаушы ретінде тәрбиелеу басым бағыт алып отыр. Оқушының өз бетімен ойлануына, 

өзінің пікірін білдіруге кері ықпалын тигізуде. 

Қазіргі  педагогика  ғылымында  негізгі  базалық  ілімдердің  бірі  «құзыреттілік» 

болып  отыр.  Құзыреттілік  дегеніміз-  тұлғаның  бойында  білім,дағды,іскерлік,ерік  күш- 

жігердің  болуы.  Құзыреттілік  жаңа  әлеуметтік-экономикалық  жағдайда  аман  қалуды 

қамтамасыз етеді және олар бәсекеге қабілетті маманмен қамтамасыздандырады.Көптеген 

елдерде  құзыреттілікке  жаңаша  мән  беру  білімді  жоғары  дәрежеге  көтергені 

мәлім.Құзыреттілік  еңбек  нарығында  тұрақты  өсіп  отырған  талаптармен,шапшаң 

технологиялық  өзгертулермен,соның  ішінде  академиялық  және  еңбектегі  мобильдік 

өсуімен  негізделген.Құзіреттіліктің  жеке  компоненттерін  анықтай  отырып,ол  адамның 

алдына қойған мақсаттарын орындауға көмектесетін сипаты мен икемділігін атайды.[7] 

Зерттеудің мақсаты: Қазіргі заман талабына сай балалардың білімді игеру кезінде 

күтілетін  нәтижелерге  қол  жеткізу.  Өзінің  өмірлік  проблемаларын  тиімді  және  рухани 

тұрғыдан  шеше  білетіндей  өмір  сүре  алу.  Қазіргі  біздің  қоғамға  жоғары  білікті,  кәсіби 

дайындалған  шығармашылықпен  ойлайтын  мамандар  қажет.Сондықтан,  жоғары  білім 

беруді  модернизациялау  қажеттілігі  туындап  отыр.Жаңа  ғасырдың  алдында  жаңаша 

ойлайтын  тұлғаларды  дайындау  міндеті  тұр,ол  құзыреттіліктерді  қалыптастыру  арқылы 

шешілуде. 

Зерттеу  нысаны:  Мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқытудың  негізгі  мақсаты- 

баланың  жеке  басының  қалыптасуы  мен  дамуы,  қоршаған  әлемді  жаңаша  қабылдауға 

қабілетті, жаңаша ойлайтын, жан-жақты білімді құзыретті бала тәрбиелеу. 

Зерттеу  пәні:  Әр  бір  сала  бойынша  мектепке  дейінгі  балалардың  құзыреттіліктің 

бастапқы негіздерін қалыптастыру жолдарын анықтап көрсете білу. 



Зерттеудің  болжамы:  егер  көп  тілді  білетін,  өз  бетінше  білім  алып,  шешім 

қабылдай  алатын,  күтілетін  нәтижені  болжалдайтын,  өзіне  үлкен  жауапкершілік  алатын,  

өз  бетінше  ақпараттар  ала  білетін,  құбылмалы  заманға  ыңғайланып,  ілесіп,  кез  келген 

жағдаяттардан  шығудың  жолын  іздеп  таба  білетін,  көш  басшы  бола  білетін,  халықтар 

достығын сақтауға тырысатын, олардың тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлайтын, жаңа 

ақпараттық  технологияларды  меңгерген  жеке  тұлғаны  тәрбиелесек,  соңда  қойылған 

мақсаттарға жеттік теп ойлауға болады. 

Зерттеудің  міндеттері:  Білім  беруді  жетілдіру  ең  басты  мақсат  –жеке  тұлғаның 

дамуы,  қоршаған  ортамен  қарым-қатынас  жасай  білуі,    өзін-өзі    дамытуы    болып 

табылады.  Мектеп  жасына  дейінгі  кезеңде  бала  жан-жақты  дамиды,  алғашқы  қоршаған 

орта  құндылықтарымен  танысады,  «МЕН»  ұғымы  қалыптасады.  Білім  беру  сатысында 

баланың  жеке  тұлғалық  қасиеттерімен  қатар  әртүрлі  қызмет  түрлерінің  құзыреттілігі 

артады.  Балалар  құзыреттілігінің  артуы  оның  игерген,  алған    білім    дағдыларын,    өз 

алдына  шешім  шығаруына  «қалыптастырушы,  дамытушы»  құзыреттіліктер  (тілдік, 

коммуникативтік, салауаттылық, зияткерлік, шығармашылық, әлеуметтік) көмектеседі. 

Мәселенің шешімін табу немесе өзіндік менеджмент  құзыреттілігі 



жүктеу 6,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   262




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау