538
болғандықтан, басқа колледждерге қарағанда педагогикалық колледжде
жаратылыстану циклі пәндерін ағылшын тілінде оқытудың өзіндік тиімділігі бар.
Екінші бағыт прагматизм.
Елбасымыз айтуы бойынша прагматизм - ұлттық байлығымызды үнемді
пайдалану, ысырапшылдыққа пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол
бермеу жол бермеу. Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын
ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені
ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деді. Табиғатты сақтау, жаһандық,
өңірлік экологиялық мәселелер туралы ақпараттандыру. Балаларды ұстамдылық,
қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдікке тәрбилеу. Бұл идея тікелей оқу
тәрбие үдерісінде оқушының бойына тәрбиеленеді.
Үшінші бағыты Ұлттық бірегейлікті сақтау. Идеяның түпкі төркіні Ұлытау
төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мавзолейін, Тараздың ежелгі
ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі
мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас
кешен ретінде орнықтыруды меңзейді, деп айтып өтті.
Сакралды география немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы»
арнайы жобасы бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда. Павлодарда «Нұр Отан»
партиясы облыстық филиалында «Қасиетті Қазақстан» орталығының өкілдері мен
жергілікті тарихшы-ғалымдар Қазақстанның қасиетті жерлер тізіміне кіретін сакралды
орындарды талқылады. Зерттеу жұмыстары барысында бүгінгі күнге дейін 75 нысан
нақты енгізілді. Осы анықталған 75-тен басқа тағы 20 орын қосымша белгілеп
қойылды, деп айтылды. Ғалымдардың шешімімен анықталған орындардың қатарында
Баянауыл ауданындағы Мәшһүр Жүсіп кесенесі, Сұлтанмахмұт Торайғыров кесенесі,
Кемпіртас және Қоңыр әулие сынды тарихи орындар бар. Ал, Шарбақты ауданынан
Ғабдул Уахит хазірет кесенесі, Екібастұз қаласынан Исабек Ишан кесенесі сол тізімнің
қатарында тұр. Бұл нысандардар мен танысу білім үдерісімен тікелей байланысты деп
айтуға болады. Себебі биылғы оқу жылында колледж студенттері қыркүйек айында
өткен акцияда қаланың бірнеше нысандарына барды. Бұл жобаны білім үдерісімен
байланыстыру үшін тек қана барып көріп қоймай, студенттер осы нысандар бойынша
зерттеу жұмыстарын жасап, қысқаша бейнетаспа түсіріп, мәлімет дайындаса, олардың
тарихымен танысса үлкен жұмыс болып табылады. Сонымен бірге өзіміздің өңірдің
тарихи орындарына саяхат ұйымдастыру өте орынды болады деп ойлаймын. Себебі
болашақ мұғалімнің ұрпаққа тәрбие беру өзінің тәрбиесінен басталады.
Сакральді географияның патриоттық сезімді қалыптастырудағы рөлі
Шұлғаубаев Е.Қ., Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің аға
оқытушысы
Тлеубергенова А.Б., Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің 4
курс студенті
Бағдарламалық құжат деңгейінде жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» атты мақаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңғырған
қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады.
Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу» деген
салиқалы байламын білдіреді [1].
Ұлттың, ұрпақтың патриоттық рухыни жаңғыртуда «Қазақстанның киелі
жерлерінің географиясы» атты бағдарламаның маңызы зор. Елбасының сөзімен
539
айтқанда, «Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше
ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын сим-
волдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол ұлттық
бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі» [2]. Сакральды география ғылымы
мен мәдениеттанудың қиылысуынан пайда болған жаңа ұғым.
Украиндық географтар, ХХ ғ 90-шы жылдардан бастап сакральды географияға аса
назар аударған [4]. 1993 жылы Олег Шаблий діни сфераның географиялығын көрсете
отырып, «сакральды география» ұғымын қолданған болатын. Бұл ұғымды әрі қарай
украиндық әлеуметтік географтар - Любовь Шевчук, Ольга Любицева, Константин
Мезенцев, Сергей Павлов, Иван Ровенчак, Андрей Ковальчук және т.б жалғастырды .
Орыс ғалымдары Надежда Земятина мен Иван Митин сакральды географияны
гуманитарлық георафияның бағыты ретінде бөліп көрсеткен [3].
Ал философиялық-мәдени ойлау тұрғысынан «сакральды география» көптеген
зерттеушілердің ойы бойынша ол жаңа ретінде сипатталады.
Сакральды географияның зерттеу обьектісі ретінде украиндық философ Юрий
Завгородний «киелі жерлердің иерархиялық жинақталған желісі (сакральды топостар)
сол немес басқа да діни-философиялық дәстүрлер, Аспан немесе жердегі әлемнің
өлшеуіші деп түсіндіреді» [3]. Сакральды географияның мистикалық аспектілерін
дамыта отырып, ғалым сакральды география мен қажылық дәстүрлі мәдениеттің
ажырамас бөлігі деп санайды.
Қазақстандық ғалымдар сакральды обьектілерді анықтауда бірнеше критерийлер
белгіледі [4]. Бұл еліміздегі қасиетті орындар тізімін құруда, ұлттық символикаға
лайықты бола алтындай және елбасының ұсынған «Қазақстанның сакральды
географиясы» жобасының ғылыми қамтылуына өте маңызды.
Қандай обьектілерді нақты түрде сакральды деп атай аламыз? Бұл шешімін табу
керек мәселе, себебі осы күнге дейін нақты анықтамасы жоқ. Қазіргі таңда ғылыми
интеллигенциялар арасында, қасиетті орындардың өткен тарихы мен қазіргі рөлі
туралы белсенді пікрталас жүріп жатыр. Елбасы атап өткендей сакральды орындар
«бізідің ұлттық бірегейлігіміздің қаңқасы» [4].
Сакральды термины латынның sacer (яғни қасиетті, сенімге қатысты, діни
мәдениет, ритуалды) фундаментальды зерттеулерге сүйене отырып ғалымдар
сакральды обьектілерді анықтаудың бірнеше критерилерін ұсынды [4].
Бірінші кезекте ол көпке танымал діни-мәдени құрылыстар және де ерте
заманнан бері сиынатын басқа да обьектілер.
Келесі топ қоғам санасында берік қалыптасқан обьектілер мен орындар, ол
танымал тарихи оқиға, тұлғалармен байланысты.
Сонымен қатар сакральды болып халық мойындаған жерлер, яғни белгілі бір
уақытта
рәсімдер
мен
ритуалдар
орындайтын
орындар,
діни
көзқарас,
дүниетаным,қазақстардың өмір салты жатады.
Сакральдыға сонымен бірге қазірге зерттелмеген, белгісіз адамға оның көңіл-
күйіне позитивті түрде ықпал ететін нақты кеңістікті жатқызуға болады [4].
Елбасының «Қазақстанның сакральды географиясы» жобасы бойынша қасиетті
орындарының нақты тізімін, сакральды обьектілер картасын жасауды қолға алу керек.
Мұның қажеттілігіне келесі себептер бар.
Біріншіден, есепке алу және бақылау өткен мұраны тиімді қолдану мен сақтауда
сенімді механизм болып табылады.
Екіншіден, псевдосакральдық обьектілердің пайда болуына кедергі келтіріп,
қажылық туризмді тәртіпке келтіреді. Қазіргі таңда діни орындарға саяхат, экскурсия
жасататын ұйымдар сенімсіздік тудырады. Қазақстандық ғалымдардың тарихи, мәдени
ескерткіштерді зерттеу мен сақтауда көп тәжірибелері бар. Олардың арқасында тарих