532
жаңа тақырыпты меңгертуде «Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісімен М. Мағауиннің
өмірі мен шығармашылығы туралы таратпамен жұмыс жүргіздім. Мәтін үш бөлікке
бөлініп, үш топқа берілді. Оқушылар өз тобында өзіне берілген мәтін үзіндісімен
танысып, топ ішінде түсініктерімен бөлісіп, бір-біріне түсіндірді, ең негізгі деген
ақпаратты бөлік мазмұнына қарай бірінші топ «Белгілі тұлға, екінші топ – «Қоғам
қайраткері», үшінші топ – «Жазушы» деп постерлерге түсіріп, топтардың алдында алған
ақпараттарымен таныстырды. Осы әдіспен оқушылар мәтінмен өз бетінше таныса отырып
жазушының өмірі туралы мәлімет алды.
Бұл жұмыста сабаққа көп қатыса бермейтін, орташа оқитын Шерхан постер құруда,
оны қорғауда белсенділік танытып, өзін жақсы көрсете білді.
Хикаят мазмұнын игертудегі мәтінмен жұмыста «Әткеншек» әдісін қолдандым.
Оқушылар белгіленген уақыт ішінде өздеріне берілген мәтінмен танысып, топ ішінде бір-
біріне түсіндіріп, басқа топтарға барып түсіндіріп, мәтін мазмұнын игерді. Бұл әдісті
қолдану кезінде бір тақырыпты мағынасын ескере отырып, бірнеше бөліктерге бөліп, әр
топта талдату арқылы уақытты үнемдеуге болады. Оқушы оқу үдерісіне белсенді
қатысқанда ғана материалды терең меңгере алады, өзіне тиісілі міндетті атқара отырып
жауапкершілікке үйренеді.
Сабақтың бекіту кезеңінде оқушылардың мәтін бойынша түсініктерін бекіту әрі
байқау үшін «Атыспақ» әдісін қолдандым. Әр топ өздері оқып танысқан мәтін бөліктері
бойынша үш-төрт сұрақтан дайындап, кезекпен сұрақтармен атысты. Жауап болмаған
жағдайда сұрақ қоюшы жауабын өзі айтып отырды . Оқушылардың қойған сұрақтары
негізінен мәтін мазмұнына байланысты анықтауыштық сипатта болды:«Ахмет асырап
алған баланың есімі кім?", « Ауылға неше бала әкелінді?», «Зигфридтің неше асығы
болды?». Сол сияқты «Зигфридтің неміс баласы екенін біле тұра Ахмет оны неге асырап
алды?», «Неге бала таңдау құқығы бірінші болып Ахметке берілді?» деген мазмұндағы
ізденушілік сұрақтар да қойылды. Оқушылардың қойған сұрақтарына, берген
жауаптарына қарап мәтін мазмұнын қай оқушының қаншалықты меңгергендігін байқауға
болады. Оқушылар сұрақтарға толық жауап беруге тырысты, өз ойларын анық білдірді, өз
білімдерін көрсетіп, жетіспей тұрған жерлерін толықтырды.
Сабағымды «Кезбе тілші» әдісімен аяқтадым. Әр топтан бір оқушыдан шығып
өзіне роль таңдап, бүгінгі сабақтан тікелей репортаж жүргізді: 1-топ оқушысы
телестудиядан оқиға болып жатқан жердегі тілшімен тікелей байланыс жасау сәтін
көрсетіп, жиынтық хабар берді. 2-топ оқушысы оқиға орнынан тікелей репортаж жүргізді.
3-топ оқушысы сұхбат алатын куәгер болып, оқушылардан, мұғалімнен сұхбат алды.
Жүргізушілердің сұрақтары сабақта қаралған мәтін бойынша, жалпы сабақ барысына
қатысты болды. Қалған сағаттарда осы шығарма мәтінімен жұмыс жүргізуде «Венн
диаграммасын» құру, «Бір минуттық көркем сөйлеу» әдістерін қолдандым.Осы
жұмыстардың барысында оқушылардың мәтінді қаншалықты игергенін байқадым әрі
олардың қызығушылықтарын қалыптастыра білдім. Мұндай жұмыс түрлері оқушылардың
сыни ойлау қабілетін дамытып, мәтін бойынша білімдерін толықтыра түседі.
Балалар әдебиеті сабағында Ахмет Байтұрсыновтың «Қырық мысал» жинағы
туралы өткен сабағымда Ахмет аудармаларын түпнұсқамен салыстыру жұмысы кезінде 1-
топ «Аққу , шортан һәм шаян» – «Лебедь, щука и рак» мысалдарын салыстырып, Венн
диаграммасын құрды.Оқушылар екі мәтінді салыстыра отырып,ойлау логикасын
дамытады, сабаққа қызығушылығы артады.
И. А. Крылов.
«Лебедь, щука и рак»
Ұқсастықтары
Ахмет Байтұрсынов.
«Аққу , шортан һәм
шаян»
1) Түсініктеме сөзден
басталады
2) Түсініктеме сөз 3
жол.
Түсініктеме сөзінде
достар арасындағы бірлік
болмаса, іс оңбайтындығы
айтылған.
1) Негізгі оқиғаны
баяндаудан басталған.
2) Түсініктеме сөз – 4
жол.
533
3) Негізгі бөлім – 7
жол.
4) Қорытынды ой – 2
жол.
5)
Өлең 12 жолдан
тұрады.
6) «С покложей воз»
(түйілген, буылып арбаға
тиелген).
Мазмұн
желісі
бірдей.
Қорытынды
ой
бірдей.
Кейіпкерлері
–
шортан, шаян, аққу.
3) Негізгі бөлім – 8
жол.
4) Қорытынды ой – 4
жол.
5) Өлең 16 жолдан
тұрады.
6)
«Дара
жүк»
делінген.
Оқушыларды кең ауқымды көркем әдебиетті оқытуға баулу жолындағы қиындықты
шешуге «ЖИГСО» немесе «Зигзаг» стратегиясы көп көмегін тигізді. Жаңа тақырыпты
меңгеруде, мәтінмен танысуда оқушы өзіне жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен
қарап, басқа топ мүшелеріне түсіндіру үшін өзіне жүктелген мәтін бөлігімен танысып, оны
түсіндіреді, сурет те салады, сахналық көріністер де қояды. Оқушының оқуға деген
қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, ойлау деңгейі
жоғарылайды, саналы тәртіп орнайды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары
арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.
Оқушылардың оқылған мәтін бойынша ойлау деңгейіне сай әр сабақта сұрақ қою
үшін Блумның сұрақ қою өлшемін де пайдаландым. Сұрақтар қарапайымнан терең
ойлауға дейін жалғасады. Мұндағы мақсат - оқушы ойын ең төменгі деңгейден терең
ойлауға дейін жеткізу. Топтық тапсырмалар ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға,
шығармашылық жұмысқа, тақырыпты өмірмен байланыстыруға мүмкіндік туғызады.
Б
ілу
Алынған ақпаратты еске түсіру, тану. Әңгіме кім туралы? Не болды?
Қашан, қалай болды?
Т
үсіну
Алынған ақпаратқа жаңа түр беру, оқиғалар, идеялар, деректер,
құндылықтар арасындағы байланысты анықтау және ойды түсіндіру.
Әңгіменің ең қызықты жері? Неге қызық?
Қ
олдану
Ақпаратты оқиғалы мәтінде немесе мәтіннен тыс проблеманы шешу
құралы ретінде қолдану.
Сіз оның орнында болсаңыз қайтер едіңіз?
Т
алдау
Мәтіндегі “жалпы” оқиғадан “жалқының” бөлінуі, жеке оқиғалардың
пайда болуын қарастыру. Кейіпкерге тән қасиеттерді ата, қандай адам?
Т
оптау
Алынған ақпаратқа толық логикалық қорытынды жасау.
Оқиғаның себебі мен салдарының байланысын толық түсіну.
Сонымен қатар жоспарлы түрде жұмыс істеуге машықтану үшін мәтін бойынша
жоспар құру әдісін қолдануға болады. Нәтижесінде оқушы мәтін бөлімдеріне қысқаша
тұжырымдама жасап, әрбір оқиғаға ат қойып, өзіндік ізденуі мен білім дағдысын берік
қалыптастырады. Мәтін бойынша түсініксіз сөздер тізбегін жасау, поэзиялық
шығармаларды прозаға айналдыру тәсілдері де оқушының жан-жақты дамуына үлкен
ықпал етеді.
«Екі түрлі түсініктеме күнделіг
і» мәтінде берілген оқиғаларға өзінің пікірін
жазады, сол арқылы оның сөздік қоры молаяды, кейіпкердің жан дүниесін түсінуге
тырысады.
Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау
ұйымдастырды. Жұмыс аяқталған кезде мәтін бойынша сұрақтарын —қойып, жауаптар
алды. Осы тұста мәтіннің әсерлі тұстары бойынша диалог құрастыру тапсырмасын да
беруге болады. Бұл әдіс ақпаратты — өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сондай- ақ,
әдістің тиімділігі - сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтіңді түсіну,
оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі,
креативті ойлауы дамиды.
Көркем мәтінмен жүргізілетін жұмыстың келесі бірі түрі – талдау жұмыстары.
Оқушыларды
талдауға үйретудің бірнеше әдістері бар: образ бойынша талдау,