Управление образования павлодарской области



жүктеу 6,91 Mb.
Pdf просмотр
бет259/262
Дата27.12.2019
өлшемі6,91 Mb.
#25101
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   262

536 

 

мейірімділік,  ізгілік  сезімдердің  бойына  өту,  өзінің  халықпен  тұтастығын  сезіне  білу, 



теуелсіз  еліміздің  болашағына  кәміл  сенуге,  сондай-ақ  барлық  ұлттар  мен  ұылстарға, 

олардың тәуелсіздігіне құрмет көрсету, бейбіт достықта өмір сүруге тәрбиелеу. 

Патриотизм  сезімі  –  санаға  біртіндеп  сіңетін,  тынымсыз  еңбектің  нәтижесніде 

қалыптасатын  ұлы  сезімнің  бірі.  Патриоттық  тәрбиенің  мектеп  қабырғасында 

қалыптасатын  негізі  –  мемлекеттік  рәміздерге:  ту,  елтаңба,  әнұранға  құрмет.  Өйткені, 

оларда  халқымыздың  өткен  өмір  тарихы,  бүгінгі  жеңістеріміз,  болашақ  мақсаттарымыз 

өрнектелген. 

Отансүйгіштікке  тәрбиелеу  оқушылардың  ғана  емес,  жалпы  Республикамызда 

тұратын  халықтың  отаншылдық  рухын,  Отанға  деген  ыстық  сезімін  қалыптастыруды 

білдіреді. 

Ұлтымыздың  патриотизмге  бай  тарихын,  жауынгерлер  мен  батырлардың 

ерліктерін,  ата  -  бабаларымыздың  өнегелі  өмірін  жас  ұрпаққа  жеткізу  патриотизмге 

баулудың  бірден  –  бір  көзі.  Мәскеу  түбіндегі  Волокалам  тас  жол  бойында  ерлікпен 

күрескен  Бауыржан  Момышұлы,  екі  мәрте  Кеңес  Одағының  Батыры  Т.Бигелдинов, 

Жаудың  оғына  кеудесін  төсеген  С.Баймағамбетов  және  басқа  батырлардың  ерліктері 

ерекше ел аузында аңызға айналды. 

Отанды  сүю,  елін  қорғау,  батырлық  жайында  құнды  тәрбие  мұралар  біздің 

Б.Ахметов 

атындағы 

педогогикалық 

колледжінің 

мұражайында 

жинақталған. 

Оқушыларды  отаншылдыққа,  халықтың  достығына  тәрбиелеуде  педогогикалық 

колледжінің  мұражайындағы  материалдарды  кеңінен  пайдалануға  болады.  Өз  елінің 

тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау үшін, ел басына күн туған шақта,  Ұлы Отан соғысы 

жылдарында  өз  Отанын  қорғау  үшін  майданға  аттанған,  жаумен  жан  аямай  шайқасқан 

қазақстандықтар  туралы  тарихи  мәліметтер  бар.  Олардың  бәрі  де  Отанын  шексіз  сүйіп, 

көпшілігі  Отан  үшін  өмірін  құрбан  етті.  Бұл  ержүрек  адамдарға  халық  алғысын  айтып, 

олардың Отан үшін жасаған жауынгерлік ерліктерін дәріптеп, мақтаныш етеді. 

Соғыстың  алғашқы  жылында  әскер  қатарына  бір  миллион  екі  жүз  мыңдай 

қазақстандық шақырылды. Павлодар облысынан 40 мыңнан астам адам майданға аттанды. 

Павлодарлықтар  барлық  майдандағы  соғыстарға  қатысты.  Ленинградтан  бастап  Кавказға 

дейін көптеген павлодарлықтар Берлинге де жеткен. 23 павлодарлықтар Кеңес Одағының 

батыры атанды. Атап айтар болсақ олардың қатарында Андрей Елгин, Махмет Каирбаев, 

Канаш  Камзин,  Михаил  Катаев,  Иван  Кривенко,  Иван  Ледовский,  Серікбай  Муткенов, 

Кузьма Семенченко, Григорий Ткачев, Иван Ворушин тағы басқа азаматтарымыз болды. 

Ал  педагогикалық  училищеден  60-қа  жуық  түлектері  мен  оқытушылары  болды.С. 

Мүткенов,  Қ.  Сұрағанов,  Кабышев  А.,  А.Щербинко,  Б.  Ахметов,  Қ.  Нуркин,  Қ.Елубаева, 

В. Киян, Васютин Н., Рязанцев И., Артеменко Н., Кабылбеков А., Мишин Л., Колаев М., 

Смагулов,  Рахметов  С.,  Субеков  К,  Базилов  Д.,  Бондарев  В.  Валявко  В.,  Сергеев  Д.т.б. 

Олардың  ішінде  Кеңес  Одағының  Батырлары:  Мүткенов  Серікбай,    Сұрағанов 

Құдайберген Мағзұмұлы. 

Оқушыларды  отаншылдыққа,  халықтар  достығына  тәрбиелеудің  мынадай 

жолдарын ұсынуға болады: 

 



Халықтар  арасында  қалыптасқан  достықты,  ынтымақтастықты  насихаттай 

отырып, озық дәстүрлермен таныстыру мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру. 

 

Халық өкілдерінің өнегелі өмірін, қызметін, еңбегін дәріптеу. 



 

Туған  өлке  тарихын  зерттеу  мақсатында  ғылыми  жұмыстар  ұйымдастыру 



(тарихи деректер, өлкетану мұражай материалдарын кеңінен пайдалану). 

 



«Мәдени  мұра»  бағдарламасы  бойынша  мәдени-тарихи  өлкелерге  саяхаттар 

ұйымдастыру. 

 

Еліміздің тарихын бейнелейтін фильмдер көрсету 



Б.Ахметов атындағы колледжде студенттерге патриоттық тәрбие беру мақсатымен 

белгілі  деңгейде  әртүрлі  іс  шаралар  жүргізілуде.  Мысалы:  Ұлы  Отан  соғысының 

қатысушыларына байланысты ерлік сабақтары, митингтер, кездесулер, шығармашылық 



537 

 

кештер  т.б.  Жуық  арада  оқу  орнымыздың  1933  жылғы  түлегі  Кеңес  Одағының  Батыры 



Серікбай  Мүткеновтің  105  жылдығын  атап  өттік.  Сәуір  айының  25-і  күні  1941  жылғы 

түлегіміз,  Павлодар  облысының  құрметті  азаматы  болған,  соғыстан  кейін  40  жылдай 

партия  саласында  еңбегі  сіңген  Қабдеш  Нұркиннің  95  жылдық  еске  алу  кеші,  әскери 

спорттық  жарыстар  өткізілу  жоспарлануда.  Студенттер  өз  шығармашылықтарынан  бұл 

батырларымыздың  ерліктерін  дәріптеп,  өлең  жолдарын  арнайды.  Басқа  да  еліне  еңбегі 

сіңген  азаматтарымыздың  қызмет  жолдары  мен  ерліктерін  дәріптей  отырып, 

студенттердің бойында патриотизмді қалыптастыру – ұстаздар қауымының парызы. 

Өз  халқыңның  тарихының  өнегелі  жақтарын  білу,  өз  еліңнің  кешегі  және  бүгінгі 

қаһармандарын  мақтаныш  ету,  олардың  ерлігіне  тағзым  ету,  жаужүрек  бабалар  рухына  

сай ұрпақ қалыптастыру- патриотизмнің құрамдас бөлігі. 

 

Батыр ағаларымыздың ерлік істері – нағыз патриотизмнің үлгісі! 



 

Әдебиеттер: 

 

1. 


Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың 

«Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты 

Қазақстан халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан, 28 қаңтар, 2012 жыл. 

2. 


"Қазақстан-2030" даму стратегиясы 

3. 


Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбие тарихы дәрісінің бағдарламасы. А., 1994. 

4. 


Бықай Ф. Қазақстан – менің елім, менің Отаным. // Егемен Қазақстан. 28 ақпан, 2008. 

5. 


Жамбылов Д. Тәуелсіздік және саяси сана. А., 1999. 

6.Н.Ә.Назарбаев«Тарих толқынында»,1999жыл. 

 

Жаратылыстану пәндерінде рухани жаңғыру идеяларын жүзеге асыру. 

 

Алдабергенова А.Б., Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің 

оқытушысы 

 

Президент  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты 



мақаласы  еліміздің,  ұлтымыздың  таяу  жылдардағы  қоғамдық-саяси,  тарихи,  мәдени, 

рухани  салаларының  барлығында  болашақ  даму  жоспарын  қолмен  қойғандай  етіп 

анықтап,  айқындап  берген  бағдарлама.  Қайта  түлеудің  саяси  және  экономикалық  екі 

үдерісіне  байланысты  нақты  мақсат-міндеттер,  басымдықтарды  талдап,  талқылап, 

түсіндіріп,  тіпті,  қалай  жүзеге  асырудың  жолдарына  дейін  баяндаған.  Тәуелсіздік 

кезеңіндегі  атқарылған  зор  істерге  баға  беріле  келіп,  «енді  біртұтас  ұлт  болу  үшін 

болашаққа  қалай  қадам  басамыз?»  деген  мәселені  күн  тәртібіне  қояды.  Тұтас  қоғамның 

және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтті, біріншісі 



бәсекелік  қабілет.  Болашақта  ұлттың  табысты  болуы  оның  табиғи  байлығымен  емес, 

адамдарының  бәсекелік  қабілетімен  айқындалады.  Сондықтан,  әрбір  қазақстандық,  сол 

арқылы  тұтас  ұлт  ХХІ  ғасырға  лайықты  қасиеттерге  ие  болуы  керек.  Мысалы,  ком- 

пьютерлік  сауаттылық,  шет  тілдерін  білу,  мәдени  ашықтық  сияқты  факторлар  әркімнің 

алға  басуына  сөзсіз  қажетті  алғышарттардың  санатында.  Бәсекелік  қабілет  дегеніміз  – 

ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден 

ұтымды  дүние  ұсына  алуы.  Бұл  материалдық  өнім  ғана  емес,  сонымен  бірге,    білім, 

қызмет,  зияткерлік  өнім  немесе  сапалы  еңбек  ресурстары  болуы  мүмкін.  Сол себепті, 

«Цифрлы  Қазақстан»,  «Үш  тілде  білім  беру»,  «Мәдени  және  конфессияаралық  келісім» 

сияқты  бағдарламалар  –  ұлтымызды,  яғни  барша  қазақстандықтарды  ХХІ  ғасырдың 

талаптарына  даярлаудың  қамы,  деп  айтты.  Білім  саласына  ерекше  назар  аудара  отырып, 

Мемлекет  басшысы  республика  мектептерінде  үштілділікті  енгізудің  рөліне  тоқталды. 

Бүгінгі    мектеп    талабы    біртіндеп    оқушыларды    ағылшын    тілінде    оқытуға ауысу 



жүктеу 6,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   262




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау