ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
30
7.1.1 Көліктік және жүктеу-жүкті түсіру
жұмыстарын құрылыс, құрылыс
материалдарының өнеркәсібі және құрылыс индустриясы саласында орындау барысында
көліктік құралдардың түріне байланысты осы ережелердің талаптарымен қатар
«Автомобиль көлігіндегі қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері» сақталынуы тиіс.
7.1.2 Көлік құралына иелік етуші ұйым оларға өндіруші зауыттың нұсқауның
талаптарымен сәйкес дер кезінде техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді қамтамасыз
етуге міндетті.
7.1.3 Жүктеу-жүкті түсіру жұмыстары үшін қолданылатын көлік құралдары және
жабдық өңделетін жүктің сипатына сай келуі тиіс.
Жүктеу және жүкті түсіру жұмыстары үшін арналған алаңдар жоспарлануы тиіс
және 5° аспайтын еңісі бар болуы керек, ал олардың өлшемдері және жабыны –жұмыс
өндірісінің жобасына сай болуы тиіс. Сәйкес орындарда жазуларын орнату қажет: «Кіру»,
«Шығу», «Айналым» және т.б.
Қыстық уақытта құламалар және өрлеулер мұздан және қардан тазартылуы және
құммен немесе шлакпен себілуі тиіс.
7.1.4 Сусымалы жүктер түсірілетін эстакадалар белгілі маркалы жүк автомобилінің
толық жүктемені қабылдауына белгілі беріктік қорымен сай болулары тиіс, рұқсат
етілетін жүк көтеру қабілетінің көрсеткіштермен жабдықталуы тиіс, сонымен қатар,
қырларынан қоршалуы тиіс және дөңгеелкті тоқтатқыш қырлы бөренелермен
жабдықталуы тиіс.
7.1.5 Қоймаларда және пакгаузтарда сақталатын жәшіктік жүктерді жүктеу және
жүкті түсіру алаңдарында (теңдерді, кеспектерді, орамдарды және т.б.) платформалар
құрылуы тиіс: эстакадалар, биіктігі автомобиль шанағының еден деңгейіне тең рампалар.
7.1.6 Өндірістік аумақта, жүктеу-жүкті түсіру алаңдарында және оларға жету
жолдарында автомобильдердің қозғалысы жалпылама қабылданған жол
белгілерімен және
көрсеткіштерімен реттелуі тиіс.
7.1.7 Жүктеу-жүкті түсіру алаңдарында автомобильдерді орналастыру барысында
бірінен кейін бірі тұлған автомобильдер арасындағы қашықтық (тереңдігіне қарай) 1 м
кем болмауы тиіс, ал бір-бірінің қасында тұрған автомобильдер арасында (алдынан
қарағанда), - 1,5 м кем емес болуы тиіс.
Егер автомобильдерді ғимараттар жанында жүктеу немесе жүкті түсіру үшін
орнатса, онда ғимарат және автомобильдің артқы борты арасында (немесе салбырайтын
жүктің артқы нүктесі) 0,5 м кем емес аралығы сақталынуы тиіс.
Автомобиль және жүктің қатары арасындағы қашықтық 1 м кем болмауы тиіс.
7.1.8 Электржелілерінен 30 м кем қашықтығында өздігінен жүретін жебелік
крандарды қолданумен орындалатын жүктеу-жүкті түсіру жұмыстары ҚР ҚН 1.03-05
сәйкес наряд-рұқсатты бар болған жағдайда және крандармен жұмыстарды қауіпсіз
орындау үшін жауапты тұлғаның тікелей басшылығында орындалуы тиіс.
7.1.9 Жүктеу-жүкті түсіру жұмыстарын орындау барысында ауыр заттарды
тасымалдаудың шекті нормалары туралы заңның талаптарын сақтау қажет және
жұмыскерлерге осы жұмыстарды орындауға рұқсат беру және «әйелдердің еңбегін
пайдалануға тыйым салатын жұмыстар тізімі, әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтерудің