ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
36
- тоқтатылған немесе тоқтаған агрегаттың жүктеуін жүзеге асыратын технологиялық
тізбектің той бөліктерінің автоматты сөндіруін қамтамасыз ететін жабдық жетектерінің
бұғаттауымен.
7.4.2 Үздіксіз әрекет етуші машиналарын қолданумен жүктеу-жүкті түсіру
жұмыстарын орындау барысында келесі талаптар орындалуы тиіс:
- жүктерді салу жұмыс органының біркелкі жүктелуін және жүктің тұрақты күйін
қамтамасыз етуі тиіс;
- машинаның жұмыс органынан жүкті беру және шешу арнайы беруші және
қабылдаушы құрылғылардың көмегімен орындалуы тиіс.
7.4.3 Ленталы конвейер жұмыстары барысында келесілерге тыйым салынады:
- лента және барабан арасындағы аймаққа құмды, сазды, шайырды, битумды және
басқа материалдарды лақтыру арқылы барабанда лентаның шайналып қалуын жоюға;
- ұстап тұратын шығыршықтарды, жетекті барабандарды, кергіш және ақырғы
станцияларды тазартуға, конвейер астынан төгілгенді жинауға;
- ұстап тұратын шығыршықтардың орындарын алмастыруға, конвейер лентасын
қолмен. керуге және түзетуге.
Көрсетілген жұмыстарды жүзеге асыру тек толығыменен тоқтауы және конвейердің
желіден ажыратылуы барысында, «Қоспаңыз – адамдар жұмыс істеуде!» тыйым салушы
қауіпсіздік белгілері ілінуі тиіс шешілген сақтандырғыштар және жабық іске қосу
құрылғысы барысында ғана орындалуы тиіс.
7.4.4 Былыққан және ыбырсытылған өту жерлері барысында, сонымен қатар, жоқ
болған немесе жарамсыздығы жағдайда ленталық конвейерді іске қосуға тыйым
салынады:
- жетекті, кергіш және ақырғы барабандардың қоршауларын;
- жайтартқыш ажыратқышты;
- электр
жабдығының жерге қосуын, кабельдік броньді немесе конвейер жақтауын.
7.4.5 Өңделетін жүктің салмағы 5 кг дейін болған жағдайда қолдық жүкті өңдеу
барысында конвейер лентасы қозғалысының жылдамдығы 0,5 м/с аспауы тиіс және одан
астам салмақ барысында 0,3 м/с.
7.4.6 Тасымалданатын
шикізаттың төгілуін және өндірістік бөлмелердегі
қақпақтарында шаңның қалыптасуын және бұрандалы конвейерлердің ағуын алдын алу
үшін олар тығыздалуы тиіс.
7.4.7 Тыйым салынады:
- оларды тоқтатпайынша және конвейердің кенеттен іске қосылуына қарсы
шараларын қабылдамайынша бұрандалы конвейерлердің қақпақтарын ашуға, сонымен
қатар, осы жабдықтың қақпақтарымен жүруге;
- тасымалданатын материалды немесе конвейерге кенеттен түскен заттарды итеруге
және бұрандалы конвейердің жұмысы барысында зертханалық саралау үшін үлгілерін
алуға;
- бұранданың қаптың қабырғаларына тиюі барысында, жарамсыз қақпақтар және
жарамсыз тығыздағыштар барысында бұрандалы конвейерді қолдануға.
7.4.8 конвейерді итеруші аспалы арбалардың жұмысы барысында олардың
тасымалдануы барысында материалдардың және өнімдердің түсуін болдырмауы бойынша
шаралар қабылдануы тиіс.