ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
34
7.2.25 Қауіпті жүктерді жүктеу-жүкті түсіру жұмыстары аяқталған соң жұмыс
өндірісінің орындары, көтеру-көлік жабдығы, жүкті бекіткіш құрылғылар және жеке
қорғаныс құралдары жүктің қасиеттеріне байланысты санитарлық өңдеуге тартылуы тиіс.
7.2.26 Шой бөренелері жоқ эстакадалардан көлік құралдарынан жүкті түсіруге
рұқсат етілмейді.
7.2.27 Теңіз және өзен порттарының басшылығы жүк көтеретін машиналарының
көмегімен бекітілген технологиялық карталар бойынша жүктеу-жүкті түсіру
жұмыстарының өндірісін қамтамасыз етуге міндетті.
7.3 Өнеркәсіптерде жүктердің орнын ауыстыру
7.3.1 Жүктерді тасымалдау үшін арналған адамдарды цех аралық және цех ішілік
көлікпен тасымалдауға тыйым салынады.
7.3.2 Даналап саналатын жүктер жүк алаңдарының арбаларының габариттерінде
жатқызылуы тиіс. Ұсақ, даналап саналатын жүктерді ыдыста, контейнерлерде тасымалдау
қажет.
Жүктің салмағы осы көлік құралдары үшін жүк көтеру мүмкіндігінен аспауы тиіс.
7.3.3 Жүргізушінің оның кранымен жүктеу немесе жүкті түсіру барысында көлік
құралында орналасуына тыйым салынады.
7.3.4 Жүкті бекіту, оны көтеру, тасымалдау және түсіру барысында оның құлау
мүмкіндігін болдырылмайтындай жүктерді авто және электр тиегішінің айыр тәріздес
бекіткіштеріне салу қажет.
7.3.5 Авто және электр тиегішінің жұмысы барысында келесілерге тыйым салынады:
- екпінмен ойып орнату арқылы жүкті айырлармен ұстауға;
- еңіс барысында өзіне қарай айырларда жүкпен бірге жақтауды көтеруге;
- жүкті тасымалдау барысында оны көтеруге, түсіруге және оның еңіс бұрышын
ауыстыруға;
- айырларды өзіне қарай еңкейту барысында түпқоймаларда жатқан жүкті ұстауға;
- пневматикалық шиналары бар дөңгелектеріндегі тиегіштер үшін 0,5 м астам
биіктігіне көтерілген жүктерді тасымалдауға, және жүк шиналары бар тиегіштер үшін
0,25 м;
- қатып қалған жүкті, белгісіз салмағы жүкті, авто және электр тиегішпен
тасымалдау үшін арналмаған (табақ металл, желдеткіш қорап және т.б.) жүкті көтеруге
талпынуға.
Өтуі қиын жерлерде және артқа қарай қозғалысы барысында автотиегіш
қозғалысының жылдамдығы 3км/ч астам болмауы тиіс.
7.3.6 Көліктің қозғалысы барысында жүктің орын ауыстыруын немесе құлауын
болдырмау үшін жүк жүктің осы түрін жүктеу және бекіту бойынша жіберушінің
нұсқауларында көрсетілген техникалық шартармен сәйкес көлік құралында
оналастырылуы және бекітілуі тиіс.
7.3.7 Көлік құралдарын жүктеу барысында оны тасымалдау шарттарына негізделе
отырып, жүкті тасымалдау бағытында кездесетін көпірлер астында, өтулерде,
үңгіртауларда тасымалданатын жүктің және көлік құралының габариттерін қамтамасыз
ету қажет.
ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
35
7.3.8 Жәшіктегі жүктерді вагондарға, пакгауздарға және қоймаларға жүктеу
барысында тұрақты қатарларға салынады. Қолдық жүктеу барысында қатар биіктігі 3 м
аспауы тиіс, ал механизмдерді қолдану барысында – 6 м.
Негізгі өту жолының ені 3 м кем болмайтындай қылып, жабық қоймаларда
жәшіктерді және бумаларды орнатуға рұқсат етіледі.
7.3.9 Баллондарды тек арнайы зембілдерде немесе арбаларда, ал қышқылы немесе
басқа қауіпті сұйықтықтары бар бөтелкелерді – тоқылған себеттерде тасымалдау қажет.
осы жүктерді арнайы контейнерлерде өткізілетін биіктігіне көтеру; оларды қолмен
көтеруге тыйым салынады.
7.3.10 Сығылған газбен баллондарды, кальций карбиді бар барабандарды, сонымен
қатар, шыны ыдысындағы материалдарды орын ауыстыру барысында түрткілерге және
соққыларға қарсы шараларын қолдану қажет.
Оттегімен толтырылған баллондарды майлармен және сұйық мүйдегі майлармен
қатар, сонымен қатар, жаңғыш және оңай тұтанатын сұйықтықтармен бірге тасымалдауға
және көлікпен тасымалдауға тыйым салынады.
7.3.11 Ауыр даналап саналатын материалдарды, сонымен қатар, жүктері бар
жәшіктерді арнайы сынықтар және басқа құрылғылар көмегімен орын ауыстыру қажет.
7.3.12 Әдетте сырғанату-кеспекті жүктерді жүктеу-жүкті түсіру операциялары
(кабельмен барабандар және т.б.) механикаландырылған әдіспен орындау қажет; ерекше
жағдайларда көлбеу алаңдар көмегімен немесе жүктерді арқандармен қарама-қарсы
жағынан ұстаумен рұқсат етіледі. Сонымен қатар, жұмыскерлер көтерілетін немесе
түсірілетін жүктің жанынан орналасуы тиіс.
7.3.13 Кеспектерді, барабандарды және орамдарды қойма едені теміржол
жылжымалы құрамының немесе автомобиль шанағының еденімен бір деңгейде болған
шартында ғана дөңгелету арқылы қолмен жүктеуге рұқсат етіледі.
7.3.14 Автомобильден - өздігінен түсіргіштен себілген жерлерде немесе оймаларда
түсіру барысында оларды табиғи еңістің жиегінен 1 м жақын емес жерде орнату қажет
(призманың қирау шегі), ал жүкті эстакадалардан түсіру барысында соңғыларды сенімді
шой бөренелермен жабдықтау қажет.
7.3.15 Автомобильдер-өздігінен түсіргіштер қажет болған жағдайларда шанақты
көтерілген күйінде сақтап отыру үшін арнайы тіректермен жабдықталуы тиіс. Шанағы
көтерілген күйінде автомобильге тіректі – өздігінен түсіргішті орнатусыз техникалық
қызмет көрсетуді жүзеге асыруға рұқсат етілмейді.
Шанағы
көтерілген
күйінде
автомобильдердің-
өздігінен
түсіргіштердің
қозғалысына тыйым салынады.
7.4 Үздіксіз әрекеттегі машиналарды пайдалану
7.4.1 Бірнеше бірізді күйде белгіленген және бір уақытта үздіксіз көлік құралының
жұмысынан құрылған технологиялық тізбектер (конвейерлердің, тасымалдағыштардың
және т.с.с.) келесілермен жабдықталуы тиіс:
- барлық басқару посттарының екі жақты дабыл жүйесімен;
Достарыңызбен бөлісу: |