6) негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезеңді және кредитордың шешімі
бойынша кредит/микрокредит беру мерзімінің ұзақтығы үштен бір бөліктен аспайтын
мерзімде сыйақы алу мүмкіндігі;
7) МҚҰ/КС/ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ және Бағдарламаға қатысушы арасындағы ауылдық
елді мекендерде және шағын қалаларда кредит/микрокредит беру туралы шарттарда
кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде
мемлекеттік тіркелген мерзімі үш жылдан аспайтын қатысушыларды қоспағанда,
жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен зәкірлік кооперацияларға қатысушылар үшін жаңа
жұмыс орындарын құру бойынша шарт міндетті түрде
көрсетіледі;
8) қарыздың мерзімдері мен сомалары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
саласындағы уәкілетті орган бекітетін Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде
кредит/микрокредит беру қағидаларына (бұдан әрі – Микрокредит беру қағидалары)
сәйкес Бағдарламаға қатысушы қызметінің
бағыттары бойынша айқындалады;
9) МҚҰ/КС/ ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ ЖЖК 2020 бағдарламасының және Бағдарлама
шеңберінде бұрын берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша соңғы қарыз
алушылар қайтарған қаражат есебінен аудандардың және шағын қалалардың
мамандану картасында көрсетілген қызметтердің басым түрлеріне қарамастан,
Бағдарлама шарттарымен соңғы қарыз алушыларға қайта микрокредит/кредит беруді
мынадай тәртіппен іске асырады:
2018 жыл аяқталғанға дейін ЖЖК 2020 бағдарламасы шеңберінде бұрын берілген
кредиттер/микрокредиттер бойынша 2015 – 2016 жылдар
ішінде соңғы қарыз алушылар
қайтарған
қаражат есебінен;
осы Бағдарлама шеңберінде келесі қаржы жылы аяқталғанға дейін қаржы жылы
ішінде және ЖАО-мен жасалған қаржыны тарту туралы шарттың қолданылу
мерзімінен аспайтын мерзімге бұрын берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша
қайтарылған қаражат есебінен.
Көрсетілген мерзім өткенге дейін аталған қаражат игерілмеген жағдайда, МҚҰ/КС/
ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ олардың тиісті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Микрокредит беру ұйымы және "АШҚҚҚ" АҚ ауыл шаруашылығы мәселелері
жөніндегі ЖАО-ға Микрокредит беру қағидаларында белгіленген нысанға сәйкес ай
сайынғы негізде, есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде берілген
кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпаратты (портал арқылы электрондық түрде/
қолма-қол), сондай-ақ есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейінгі мерзімде
кредиттердің/микрокредиттердің мақсатты пайдаланылуы жөніндегі есепті ұсынады.
Микрокредит беру ұйымы кәсіпкерлік және халықты жұмыспен қамту мәселелері
жөніндегі ЖАО-ға кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі ЖАО мен микрокредит беру
ұйымы арасындағы кредиттік келісімде белгіленген нысанға сәйкес ай сайын, есепті
айдан кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде берілген кредиттер/ микрокредиттер
және олардың мақсатты пайдаланылуы бойынша ақпарат (портал арқылы электрондық
түрде/қолма-қол) ұсынады.
Қалаларда және моноқалаларда кредиттер/микрокредиттер беру тәртібі кәсіпкерлік
мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қалалар мен моноқалаларда кредит беру
/микрокредит беру қағидаларында айқындалады.
Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда кредиттер/микрокредиттер беру
тәртібі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін
Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру және микрокредит беру
қағидаларында айқындалады.
5.2.3. Ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардағы, қалалар мен
моноқалалардағы кредиттерге/микрокредиттерге
кепілдік беру
Кепілдік МҚҰ/КС/ЕДБ 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан)
және шағын қалаларда микробизнес ашуға, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге,
кооперативтер құруға;