Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 2021



жүктеу 450,82 Kb.
Pdf просмотр
бет10/30
Дата27.12.2019
өлшемі450,82 Kb.
#25066
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30

      Қатысу шарттары, кадрлар даярлау тетігі, жобаға қатысушыларды стипендиямен, 
жол  жүру  пұлымен  қамтамасыз  етужәне  жобаға  қатысушыларды  әлеуметтік  қолдау 
шараларын ұсыну тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық 
және  кәсіптік  білімі  бар  кадрларды  даярлауды,  қысқа  мерзімді  кәсіптік  оқуды,  "
Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, 
еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
      Кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын жұмыс күші жетіспейтін 
өңірлердің білім беру мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары кадрларға 
қажеттілікті  және  кейін  өңірде  жұмысқа  орналастыруды  ескере  отырып 
қалыптастырады. Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурстық негізде
жоғары оқу орындары арасында жүзеге асырылады.
      Мамандықтардың, жоғары оқу орындарының тізбесі және жоғары оқу орындары 
бойынша  білім  беру  гранттарын  бөлу  білім  беру  саласындағы  уәкілетті  органның 
бұйрығымен  бекітіледі.  Мамандықтар  мен  біліктіліктердің,  ТжКБ  оқу  орындарының 
тізбесін  және  мемлекеттік  білім  беру  гранттарын  қалыптастыруды  және  бөлуді  білім 
беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар жоба шеңберінде жүзеге асырады.
            Мамандықтар  мен  біліктіліктер  тізбесі  халықты  жұмыспен  қамту  мәселелері 
жөніндегі  жергілікті  атқарушы  органдар  халықты  жұмыспен  қамту  орталықтарымен, 
ӨКП-мен  және  "ЕРДО"  АҚ-мен  бірлесіп  өткізетін  өңірдің  еңбек  нарығындағы 
қажеттіліктерді талдау және болжау ескере отырып айқындалады.
            Оқу  орындары  жоғары,  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  мамандықтары 
бойынша білім беру қызметіне лицензиясы болса ғана тізбеге қосылады.
            Кадрларды  даярлау  ұзақтығы  білім  беру  бағдарламаларында  көрсетілген 
мерзімдерге сәйкес таңдалған мамандыққа және біліктіліккебайланысты болады.
      Жоба шеңберінде оқуды аяқтаған ЖОО-лар мен колледждердің түлектері оқуды 
аяқтағаннан  кейін  оқыған  өңірінде  кемінде  үш  жыл  жұмыс  істейді.  Жұмыспен  өтеу 


білім  беру  ұйымы,  жұмыс  беруші  мен  білім  алушы  арасындағы  түлекті  жұмысқа 
орналастыру туралы үшжақты шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
      Жас мамандарды бөлуді, жұмысқа жіберуді және жұмысқа орналастыруды білім 
беру  ұйымдарының  жолдамасына  сәйкес  жергілікті  атқарушы  органдар  (бұдан  әрі  – 
ЖАО) жүзеге асырады.
      5.1.4. Еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау
            Еңбек  ресурстарының  ағынын  басқару  жөніндегі  жол  картасы  шеңберінде 
қысқартылатын  жұмыскерлерКадрларды  қайта  даярлау  жөніндегібағдарламаға 
қатысушылар болып табылады.
            Қысқартылатын  жұмыскерлерді  қайта  даярлау  жұмыс  берушілердің  өтінімі 
бойынша  Бағдарламаға  қатысушының  жұмыс  орнын  оқу  аяқталғанға  дейін  сақтау 
шартымен жүзеге асырылады.
            Жұмыс  берушілер  қысқартылатын  жұмыскерлерді  қайта  даярлау  үшін  халықты 
жұмыспен  қамту  орталығына  қайта  даярлауға  жіберілетін  жұмыскерлер  санын, 
кәсіптер  және  оқу  нысанын  көрсете  отырып  өтінім  береді.  Өтінімге  жұмыс 
берушілердің  құрылтай  құжаттары  және  қысқартылатын  жұмыскерлердің  құжаттары 
қоса  беріледі,  олардың  тізбесі  білім  беру  саласындағы  уәкілетті  орган 
бекітетінТехникалық  және  кәсіптік  білімі  бар  кадрларды  даярлауды,  қысқа  мерзімді 
кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша 
кадрлар  даярлауды,  еңбек  ресурстарын  және  қысқартылатын  жұмыскерлерді  қайта 
даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында көзделген.
      Өтінім берілген күннен кейін екі жұмыс күні ішінде жұмыс беруші қысқартылатын 
жұмыскерлерді қайта даярлауға өтінім беру туралы хабардар етеді.
            Қысқартылатын  жұмыскерлерді  қайта  даярлау  4.0  индустрия  элементтеріне 
негізделген  жаңа  экономиканың  анағұрылым  сұранысқа  ие  біліктіліктер  мен 


дағдыларыбойынша  жүзеге  асырылады.  Біліктіліктер  мен  дағдылардың  тізбесін 
халықты  жұмыспен  қамту  саласындағы  уәкілетті  орган  салалық  орталық  атқарушы 
органмен және "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп айқындайды.
      Кадрларды қайта даярлау жүзеге асырылатын біліктіліктер мен дағдылар тізбесі 
экономика салаларын технологиялық жаңғырту жоспарлары мен Еңбек ресурстарының 
ағынын басқару жөніндегі жол карталары ескеріле отырып айқындалады.
      Қысқартылатын жұмыскерлерді сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша 
қайта даярлау білім беру ұйымдары әзірлейтін және жұмыс берушілермен келісілетін 
қайта  даярлау  және  біліктілікті  арттыру  бағдарламалары  (курстары)  бойынша 
жүргізіледі.  Қайта  даярлау  және  біліктілікті  арттыру  бағдарламалары  (курстары) 
жоғары  немесе  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  бағдарламаларына  негізделуі 
мүмкін.
      Қайта даярлау және біліктілікті арттыру үшін білім беру ұйымдарының тізбесі оқу 
орталықтары мен оқу орындарының тізіліміне сәйкес айқындалады.
            Білім  беру  бағдарламаларының  ұзақтығы  біліктіліктер  мен  дағдылардың 
ерекшелігіне қарай он екі айға дейінгі мерзімді құрайды.
      Қайта даярлау бағдарламалары бойынша оқыту жұмыскерлердің жұмыс пен оқуды 
қатар алып жүруін ескере отырып:
      - жұмыс уақыты шегінде жұмыс орнында оқыту;
      - жұмыстан ішінара қол үзе отырып оқыту;
            -  жұмыстан  бос  кезде  (кешкі  уақыт,  демалыс  күндері)  оқыту  сияқты  әртүрлі 
нысанда ұйымдастырылуы мүмкін.


жүктеу 450,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау