4. БӨЛІМ ҚОРЛАРДЫ
ПАЙДАЛАНУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
үстірт тетікті жасауға ұсынылады. Дамуға бағытталған мұндай бағалаудың басты мақсаты
мектептің педагогикалық тәжірибесін үздіксіз жақсарту болар еді. Бұл тікелей басшылармен, аға
әріптестермен және мектеп басшылығымен жүзеге асырылатын ішкі үрдіс болар еді.
Анықтамалық стандарттар ретінде оқытудың стандарттарын пайдалануға ұсынылады, алайда
мектеп үшін арналған индикаторлар мен өлшемдерді қосумен бірге. Мұндай бағалау сонымен
бірге мектептің мақсаттары мен контекстін ескеруге тиісті. Оқытудың тиімділігі туралы пікір
басты нәтиже болады, оның негізінде мектептің әрбір мұғалімі үшін кәсіптік дамудың жеке
жоспары құрылатын болады. Ол қарапайым және аз шығынды болуы мүмкін және өзін-өзі
бағалау, әріптестердің бағалауын, сабақтарды бақылау, құрылымдық сұхбаттар және мектеп
басшыларының және тәжірибелі әріптестерінің ұдайы пікірлері қосылуы мүмкін. Ол әрбір мұғалім
үшін жылына бір рет немесе мұғалімді келесі бағалауға қарай сирек жүргізілетін болады. Бағалау
қорытындылары бойынша кәсіптік даму туралы ұсыныстары бар ерекше есеп құрылғаны
маңызды. Әрине, ол мұғалімдерді бағалаудың ішкі үрдісі саласындағы Қазақстандағы көптеген
мектептерде бар тәжірибеге негізделуі мүмкін. Алайда, бағалау үрдісі әр түрлі мектептерде жүйелі
және келісілген болуы қажет. Бұл үшін басты анықтамалық құжат ретінде пайдаланылатын
оқытудың қажетті стандарты керек (3-бөлімді қараңыз) және ұлттық немесе өңірлік деңгейде
әзірленген нұсқаулықтар мен құралдар керек.
Барлық қазақстандық мектептерде мұғалімдерді дамушы бағалауды жүйелі және келісімді
қолдануына кепілдік беру үшін мектептердің тиісті үрдістерінің сыртқы тексерісін жүргізу керек
болады. Нұсқалардың бірі ретінде, аттестаттау үрдісі мұғалімдердің дамушы бағалауды
ұйымдастырудың қазіргі процестерінің аудитін қосуы мүмкін және егер қажет болса, мектеп
директорының есеп беруін қамтамасыз ету керек. Жергілікті білім органдары тарапынан қолдау
құрылымдары мектеп қызметтері туралы есептерінде тиісті көрініс тапқан бағалаудың жоғары
процестерін әзірлеуін қамтамасыз ете отырып маңызды рөл атқаруы мүмкін.
Мұғалімдерді аттестаттау процесінде есеп беру мәселелеріне арналған мұғалімдерді бағалау
компонентін қалдыру керек болады. Аттестаттаудың басты мақсаттарының бірі ретінде
мұғалімдердің олардың тәжірибесі үшін есеп беруін қамтамасыз етуін сақтау керек және қызметі
бойынша алға жылжуын анықтау керек, және оның нәтижелері мұғалімнің кәсібилік даму
жоспарында ескерілуі тиіс. Мұндай бағыт тиімділіктің жоғары стандартына қол жеткізу қызмет
бабы бойынша алға жылжуға басты жолы болып табылатындығы туралы белгілейді. Мұғалімдерді
аттестаттау процесіндегі жасауға тиісті жақсарту – бұл бағалау өлшемі ретінде оқушылардың
нәтижелерін пайдалану. Жоғары баяндалғандай, ҰБТ бойынша нәтижелер мен олимпиадалардағы
алған жүлделі орындар мұғалімнің жұмысы деп қарау міндетті емес. Алайда, «объективтік»
көрсеткіштердің (ашықтығы мақсатында) пайдалануын талап ететін Қазақстанның ерекшелігіне,
сондай-ақ оқушылардың нәтижелерінің маңыздылығы туралы мықты сілтеменің қажеттілігіне
байланысты одан ары бағалауды жүргізген кезде оқушылардың нәтижелеріне назар аудару керек.
Дегенмен, ҰБТ нәтижелерін портфолионы, өзін-өзі бағалауды және мұғалімдермен сұхбаттасуды
талдау кезіндегідей сапалы нысанда ескеруге болады.
Мектептердің басқарушы кадрларының бағалауын енгізу
Мектептің барлық басқарушы кадрлары нысаналы бағалау үрдісінен өтуге тиісті. Бұл нақты
өлшемдер, нұсқаулықтар және бағалау жүйесінің салдарларын әзірлеуді талап етеді. Бағалау
жақсартуларға қолғабыс ету үшін басшыларға пікірлер ұсынуды, олардың жетістіктерін
мойындауды және қолдауға зәру адамдарды анықтауды көздейді. Бағалау тиімдірек болу үшін, ол
мектеп тиімділігінің көрсеткіштер жинағын пайдалануды ғана емес, ол жан-жақты болуға тиісті.
Сондай-ақ, кәсіптік даму мүмкіндіктерін анықтаудың және тиімді жұмысты мойындаудың тиімді
үрдістері қажет.
Мектептерді тұрақты жетілдірудің құралы ретінде мектепті бағалауды пайдалану
Мектепті бағалау үрдістері мектептерді жақсартуға деген өзінің бағытын күшейтуге және
«сақтауға» бағытталған үлгісінен шығуға тиісті. Бұл үшін мектептерді аттестаттауды екі үрдіске
бөлуді қажет етеді: (і) мектепте оқыту және білім беру үрдістерінде шоғырланған сыртқы бағалау;
(іі) мектептің мектептің нормативтік құжаттарға, соның ішінде, қаржылық талаптарға сәйкестігін
4. БӨЛІМ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
бағалауға бағытталған аудит үрдісі. Бұл дегеніміз Білім және ғылым саласындағы Бақылау
комитеті осы екі түрлі қызметтер бойынша екі жеке үрдістерді жүзеге асыратын болады дегенді
білдіреді.
Білім беру және оқыту үрдістеріне бағытталған сыртқы бағалау барлық бағаланатын
мектептер үшін жақсарту бойынша кеңес беруді қосатын болады. Бұл ұлттық деңгейде мектеп
сапасының келісілген өлшемдерді әзірлеуді талап етеді, олар бағалауды жүргізу кезінде
пайдаланылатын болады. Бағалау қорытындысының негізінде жатқан өлшемдер мен мәселелер
және пайдаланылатын әдістер білім беру және оқыту сапасында және оның
оқушылардың оқудағы
жетістіктерімен байланысында тікелей шоғырлануға тиісті (ЭЫДҰ, 2013b). Содан соң мектеп
сапасы индикаторларының келісілген құрылымын жасау және бағалау процесінің ашықтығын
қамтамасыз ете отырып, мектептер және қоғам арасында оны тарату керек. Келесі іс-әрекеттер тек
«нашар» мектептерде ғана емес, барлық мектептерде, мектепті бағалау нәтижелеріне қарамастан
мектептердің жақсарту жоспарын әзірлеу туралы талаптар шеңберінде жүзеге асырылуы тиіс.
Бастапқы есепке сәйкес тиісті түрде сараланған келесі қатысу бағдарламасы қосымша үлес қосады
және бағалаудың барлық үрдісінің сенімділігін арттырады.
Сыртқы бағалау немесе оның бөлігін бағалау есептерін мектеп қауымдастығын және кең
қоғамды ақпараттандыру үшін жариялау керек болады. Есептер пайдалану үшін қолайлы болуы
және мысалы, бағалаудың негізгі қорытындылармен және жақсарту үшін басым бағыттармен бірге
қысқаша мазмұнның жазылғаны керек. Сонымен бірге, егер бағалау бойынша комиссияның
өлшемін қысқартып, бағалау туралы есептің мазмұнын және құрылымын жеңілдетіп, құжат
айналымды қысқартып және өзін-өзі жетілдіру процесінде мектепті өзін-өзі бағалау туралы
есептің пайдалануын қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның ағымдағы тәжірибесімен салыстыру
бойынша сыртқы бағалауды ұйымдастыру үрдісінің тиімділігін арттыруға болады.
Мектептерге кеңес берудің маңызды аспектісі мектепте білім беру жүйесіндегі озық
тәжірибені айқындау болып табылады. Негізгі сипаттамалардың жүйелі талдау және жақсы
тәжірибенің мысалдарын ұсыну мектептерге, әсіресе, бағалау нәтижелері бойынша тиімділігі аз
болған мектептерге көмектесер еді. Жалпы, озық тәжірибені анықтау және алмасу Қазақстанда әлі
кеңінен таралмаған секілді, және Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитеті осы қызметте
өзінің рөлін арттыру керек. Сапалы мектептерді және белгілі салаларда тиісті тәжірибенің
мысалдарын анықтау және олардың басқа мектептер үшін үлгі ретінде көрсету үшін арналған,
негізгі идеясы осы.
Мектептерді өзін-өзі бағалау үрдісі мектептерді жақсарту және сапасын қамтамасыз ету үшін
үлкен маңызы бар және оны қазақстандық мектептерде күшейту керек. Өзін-өзі бағалау үрдісін
күшейтудің нұсқаларының бірі стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыру туралы мектептерге
қойылатын талаптарды орнату болып табылады, мысалы, төрт немесе бес жылдық стратегиялық
жоспарды құру және жоспарды жүзеге асыру барысы туралы мектептің ұдайы есептері немесе
жақсарту үшін жетістіктері, мәселелері және стратегиялары туралы жылдық мектептік есепті
әзірлеу болып табылады. Стратегиялық жоспарлау бойынша нақты талаптарды орындау үрдісі,
олар өзін-өзі бағалау тәжірибесін жетілдіру және мектептерді жақсарту үшін жақсы құралы болуы
үшін көптеген мектептер үшін ынталандырушы болар еді. Мектептерді өзін-өзі бағалау үрдісі
мектептің қауымдастығын тарту мүмкіндігін береді. Мектептерді өзін-өзі бағалау процесін
дамудың негізгі элементі ұлттық немесе өңірлік деңгейде әзірленген өзін-өзі бағалаудың
құралдарымен, сондай-ақ осы үрдісті орындауға көмектесетін нұсқаулықтарымен мектептерді
қамтамасыз ету болып табылады.
Оқушылардың нәтижелерімен бірге жариялау үшін мектептер туралы ақпаратты
қалыптастыру
Көптеген елдерде жүргізілген тиімділік зерттеулерімен расталатын мектеп деңгейінде
оқушылардың үлгерімі мен оқушылардың көлемі арасындағы үлкен байланыстың арқасында
айырмашылықты көрсету үшін мектептер деңгейінде ҰБТ нәтижелері бойынша барлық
жарияланымдарды көрсетуге ұсынылады, мысалы, оқушылардың әлеуметтік-экономикалық
жағдайында. Кейбір елдерде оқушылардың жетістіктері туралы деректер мектептің ұқсас