Сабақтың тақырыбы Жылу қозғалтқыштары. Тоңазытқыш машиналар Жалпы мақсат



жүктеу 49,25 Kb.
Дата28.11.2017
өлшемі49,25 Kb.
#2393
түріСабақ


Пәні


Физика 8 сынып

Сабақтың тақырыбы

Жылу қозғалтқыштары.

Тоңазытқыш машиналар

Жалпы мақсат

Жылу қозғалтқыштары және оның бөліктері, жұмыс істеу принціптері, іштен жанатын қозғалтқыштар, поршеньді бу қозғалтқышынан бу турбинасының артықшылығы, газ турбиналары және олардың қолданылуы, тоңазытқыш машиналар бойынша түсінік қалыптастыру, жаңа тақырып бойынша алған білімдерін қолданып, өз ойын айта білуге , жүйелі түрде ойлауға ,ізденуге бағыттау , білімге деген құштарлығын арттыру, алған білімдерін тиянақтай отырып , тапқырлыққа ізденіп шешім қабылдауға , ауызбіршілікке , ойын жинақтай білуге еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Қарастырылған модуль

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлану, АКТ. Талантты және дарынды балаларды оқыту, оқудағы көшбасшылық, бағалау

Оқыту нәтижелері

Теорияны тәжірибеде үйлестіре алады, салыстырады, сараптайды, білімдерін жинақтайды, жұппен және жеке жұмыс істеуді біледі, топ ережесі сақталады, уақытты тиімді пайдаланады, тапсырма орындауда, тестпен жұмыс және тәжірибе көрсетуде шеберлік танытады

Түйінді идеялар

Жұппен және жеке жұмыс істей алады, өз алдына ізденеді, өзін-өзі реттейді.

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды екі топқа бөлу:

І топ: «Қозғалтқыш»

ІІ топ «Тоңазытқыш»

Мұғалімнің ісәрекеті



Оқушының іс – әрекеті



Тақырып бойынша оқушының өз алдына жұмыс істеуге бағыт бағдар беру

Сыни тұрғыдан ойлана отырып, оқушылар жұппен келісіп, жұмыс барысымен танысып, берілген тапсырманы орындайды

Ұй жұмысын тексеру

  1. Термодинамиканың бірінші заңы қалай тұжырымдалады?

  2. Термодинамиканың бірінші заңының жалпылама сипаты қалай қорытындыланады?

  3. Термодинамикалық процестерді атаңдар

  4. Қандай прцесс адиабаталық деп аталады?

  5. Не себепті ауаны сыққанда ол қызады?

  6. Қайтымды және қайтымсыз процестерге мысалдар келтіріңдер және оларды түсіндіріңдер.

  7. Термодинамиканың екінші бастамасының физикалық мәні неде?




Сабақ мақсатымен таныстыру

Жылу қозғалтқыштары және оның бөліктері, жұмыс істеу принціптері, іштен жанатын қозғалтқыштар, поршеньді бу қозғалтқышынан бу турбинасының артықшылығы, газ турбиналары және олардың қолданылуы, тоңазытқыш машиналар

Жаңа сабақ



Ішкі энергия – энергияның арзан түрлерінің бірі. Оны әр түрлі отын түрлерін жағу арқылы алады, соның есесбінен пайдалы жұмыс атқаруға болады. ішкі энергияның механикалық энергияға айналуы адамдардың практикалық қызметінде және техниканың дамуы үшін маңызы зор. Бұл айналулар жылу қозғалтқыштары деп аталытын жылу машиналарының көмегімен жүзеге асырылады.

Жылу машиналары деп жүйенің ішкі энергиясының бір бөлігін механикалық энергияға айналдыратын және соның есебінен жұмыс істейтін құрылғыларды айтады.

Қарапайымм жылу қозғалтқышы дегеніміз – қабырғасына нығыз кептелген, жоғары-төмен қоқозғала алатын, поршені бар металл цилиндр. Ондағы отынның ішкі энергиясы поршеньнің механикалық энергиясына айналады.

Электр энергиясы жылу және атом станцияларында өндірілетіні сендерге мәлім. Олардың генераторлары бу немесе жоғары температураға дейін қыздырылған газ арқылы қозғалтқыш білігін поршеньнің, шатунның және иінді біліктің жәрдемінсіз тікелей айналдырады. Мұндай қозғалтқыштарды бу немесе газ турбиналары деп атайды.

Қарапайым бу турбинасының негізгі жұмыс бөлігі – ротор, ол білікке айнала

орналасқан қалақшалар бекітілген дискіден тұрады.

Бу қазанынан арнайы каналдар арқылы ротор қалақшаларына бағытталады. Соплоларда бұ ұлғаяды да, оның қысымы төмендейді, бірақ будың ағып шығу жылдамдығы артады. Бұл будың ішкі энергиясы ағыстың кинетикалық энергиясына алмасқанын білдіреді.

Термодинамиканың екінші заңына сәйкес кері цикл процесі өздігінен жүре алмайтындықтан, тоңазытқыштар сыртқы энергия көзімен, мысалы, электр желісімен жұмыс істейді. Бұл жерде жұмысты тоңазытқыштың электр қозғалтқышы жсайды.

Тоңазытқыш машинаның негізгі агрегатының құрылымды: агрегат компрессордан, конденсатордан, буландырғыштан және кран немесе вентиль.

Конденсатор мен буландырғыштың суытқыш жүйесі – жеңіл буланатын зат фреонмен немесе аммиакпен толтырылады, олар жұмыстық дене болып табылады.


Тапсырма

Екі топқа тақырыпқа байланысты логикалық сұрақтар қою арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту

  1. Электр желісіне жалғанған тоңазытқыштың есігін ашып қою арқылы бөлмедегі ауаның температурасын суытуға бола ма?

  2. ІЖҚ жану қозғалтқышының жұмысына ауа райы әсер ете ме?

  3. Энергетика саласы мен көлікте жылу машиналарын кеңінен қолдану қошаған орта үшін қандай кері нәтижелерге алып келеді?




Қорыту

  1. Қандай машиналарды жылу қозғалтқыштары деп атайды?

  2. Кез келген жылу қозғалтқыштарының бөліктерін атаңдар?

  3. Барлық жылу қозғалтқыштардың жұмыс істеу принципі қандай?

  4. Поршеньді бу қозғалтқышының бу турбинасының артықшылығы неде?

  5. Газ турбиналары қайда қолданылады?

  6. Тоңазытқыш қондырғылары дегеніміз не? Олардың жұмыс істеу принципі қандай?

  7. Тоңазытқыштың құрылымындағы бөліктердің атын және олардың атқаратын қызметін атаңдар.

Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушылардың іс-әрекеті



Оқушылардың жауап нәтижелерін тексеру

Жұмыс нәтижесін қорыту

Бағалау

Топ көшбасшысы топ мүшелерінің әр кезең бойынша формативті бағасын қояды

Үйге тапсырма беру: § 23-25 оқып келу



жүктеу 49,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау