Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет84/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   100

4. БӨЛІМ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
қолдануы  және  жоғары  күтудің  мәдениеті.  Бағдарламаны  үш  жыл  жүзеге  асырғаннан  кейін 
оқушылар  математика  пәні  бойынша  тесттерде  стандарты  ауытқудан  21%  -  ға  нәтижелерін 
жақсартты, ал оқушылардың төмен және жоғары көрсеткіштері арасындағы ажырау айтарлықтай 
төмендеді.  Бұдан  басқа,  бағдарламаның  аса  құнды  аспектісі  оқушылар  үшін  репетиторлық 
нәтиженің шамамен 14%  -ға жақсаруына әкелді, бұл оқытудағы тиімділіктен  – 10% айтарлықтай 
жоғары,  ал  орта  мектептерде  оқитын  оқушылар  үшін  бұл  көрсеткіш  аса  әсерлі  математика 
бойынша стандарты ауытқудан  - 60% құрайды. Бес «жақсы тәжірибенің» көбісін Қазақстанда да 
колдануға болады, бұл төмен оқушылардың үлгерімін айтарлықтай арттырады. 
Оқушыларды қолдаудың жүйелі саясатын әзірлеу 
Жүйелі  қолдау  тиімділігі  аз  немесе  нашар  мектептерді  жақсартудың  басты  шарты  болып 
табылады.  3-Тарауда  баяндалғандай  жан  басына  қаржыландырудың  жаңа  жүйесі  мектептерге 
бөлінетін  ресурстардың  көлемін  анықтау  кезінде  мектептер  арасындағы  айырмашылықты  және 
мектеп ішіндегі оқушылар арасындағы айырмашылықты ескеруге тиісті. Оның үстіне, тиімділігі аз 
мектептерде  жаңашылдықтарды  қолдау  үшін  нақты  стратегияларды  әзірлеу  керек.  Онтариода 
(Канада), Шанхайда (Қытай), АҚШ-та және Уругвайда жүзеге асырылатын табысты стратегиялар 
4.2.-Қосымшасында баяндалған. 
Оқушылардан күтілетін үміттерді арттыру 
Оқушылар қабілеттері бойынша топтаспауына көбірек назар аудару керек. Бұл оқушыларды 
топтастыруға қатысты қазіргі талаптардың күшейтуін қажет етуі мүмкін. Салыстыру үшін әр түрлі 
қабілеттері бар оқушылардан тұратын сыныптар ішіндегі қабілеттер бойынша топтарды пайдалану 
мұғалімдерге  оқушылардың  қажеттіліктеріне  сәйкес  оқытуды  түзетуге  мүмкіндік  береді  және 
кейбір жағдайларда пайдалы болып табылады (Славин, 1987). 
Оның  үстіне,  мемлекет  оқушылардың  сенімділігін  арттыру  және  оларды  биік  мақсаттарға 
жетелеу  үшін  тәлімгерлік  және  кәсіптік  бағыттау  бойынша  қызметтерді  кеңейту  мүмкіндігін 
қарастыру  мүмкін.  Тәлімгерліктің  және  кәсіптік  бағыттаудың  болмауы  оқушылардың  жеке 
тәжірибесімен  және  өмірлік  үміттермен  ғана  шектелуі  мүмкін  дегенді  білдіреді.  Ресурстардың 
шектелуіне  байланысты,  ең  біріншіден,  нашар  оқушыларға  және  қауіп  тобына  жататын 
оқушыларға  көңіл  аудару  керек,  себебі  зерттеулер  көрсеткендей  мұндай  шаралар  оқушылардың 
осы топтарына ең үлкен әсер етуі мүмкін екен (ЭЫДҰ, 2012 а). Қазақстандағы жоғары білім беру 
секторының  мөлшерін  және  тану  деңгейін  ескере  отырып,  мемлекет  нұсқалардың  бірі  ретінде 
нашар оқушылар арасында үміттерді арттыру бойынша іс-шараларға жоғары оқу орындарын тарту 
болуы  мүмкін.  Мысалы,  Австралияда  университеттердің  қызметкерлері  мен  Виктория 
Университетінің  студенттері  шағын  жинақталған  отбасылардан  және  этникалық  төмен  адамдар 
арасынан  шыққан  оқушылар  арасында  оқудағы  үміттерін  арттыру  бойынша  іс-шараларға 
қатысады. 
4.2-
ендірме АҚШ-та, Онтариода (Канада), Шанхайда (Қытай) және Уругвайда мектептерді жүйелі қолдау 
АҚШ-та  «Барлығы  үшін  табыс»  деген  бағдарлама  жұмыс  істейді,  ол  барлық  мектептерде  мектеп  алды 
топтардан  бастап,  6  сыныпқа  дейінгі  оқушыларды  қамтиды  және  іс  жүзінді,  әрбір  оқушы  оқудың  негізгі 
дағдыларын  игеруі  және  басқа  оқушылардан  қалмауы  үшін  ресурстарды  қамтамасыз  етеді.  Бағдарлама 
ауқымды,  ұлттық  рандомизацияланған  бақыланатын  сынақтар  шеңберінде  Америка  Құрама  Штаттарында 
бағалаудан  өткен  және  жақсы  және  нашар  оқушылардың  арасындағы  олқылықтарды  жауып  үлгерімді 
арттыруда  тиімді  деп  танылған;  орташа  алғанда,  «Барлығы  үшін  табыс»  бағдарламасына  қатысқан 
мектептердегі оқушылардың үлгерімі бақылаудағы мектептердегі салыстырылатын оқушыларға қарағанда 64 
пайызға жоғары болған. Бағдарламаның басты элементтері: і) бірлесіп оқытуды, тікелей оқытуды, тәжірибені, 
бағалауды және пікірді көздейтін бүкіл мектеп бойынша оқыту процессін; іі) толық күнге арналған мектеп алды 
білімді  қосатын  жалпы  мектеп  бағдарламасын  және  әрбір  сыныпқа  арналған  оқыту  бойынша  арнайы  іс-
шараларды,  оқушылардың  үйде  кешке  20  минут  бойы  өз  таңдауы  бойынша  кітаптарды  оқу  туралы  талапты 
қоса  отырып;  ііі)  арнайы  дайындалған  жүргізушілер  және  мамандандырылған  мұғалімдер  20  минут  бойы  әр 
күні барлық оқушылармен, сыныптастарынан қалып жатқан оқушылармен жеке-жеке жұмыс істейді; iv) тоқсан 
сайынғы бағалау және оқу бойынша оқушылардың топтарын қайта топтастыру, оқу бойынша бір деңгейдегі әр 
түрлі  жастағы  оқушыларды  қосатын;  v)  отбасыларды  қолдауда  және  ата-ананың  қатысуын  арттыруда 
көмектесу  үшін  әрбір  мектепте  жұмыс  істейтін  мәселелерді  шешу  бойынша  тобы;  vі)  оқу  бойынша 


4. БӨЛІМ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
бағдарламаларды  іске  асыруда  мұғалімдерге  көмек  беру  үшін,  тоқсан  сайынғы  бағалауды  басқару  және 
мұғалімдермен  араласуды  ынталандыру  үшін  мектепке  тәлімгер  ретінде  мұғалімдермен  жұмыс  істейтін 
фасилитатор. 
Онтариода  (Канада)  Нысаналы  араласу  бағдарламасы  (OFIP,  2006-2007  жылдан  бастап)  «үздіксіз 
жақсартуға  қол  жеткізуде  ерекше  қиындықтарға  тап  болатын»  бастауыш  мектептерге  нысаналы  қолдау 
көрсетеді, олар провинцияның органдары жүргізетін оқу, жазу және математика бойынша бағалау нәтижелері 
негізінде  анықталады  (3  және  6  сыныптарында).  OFIP  қаржыландыру  кәсібилік  даму  үшін,  оқушылар  және 
кәсіптік  оқыту  үшін  қосымша  ресурстар,  оқу,  жазу  және  арифметика  бойынша  тәлімгерлерді  тарту  және 
мұғалімге  ынтымақтастық  және  қосымша  оқыту  үшін  уақыт  бөлу  үшін  пайдаланылады.  2006-2007  жылы 
мектептер,  егер  34%  төмен  оқушылар  3-сыныпта  оқу  бойынша  провинцияның  стандартына  жеткен  болса, 
OFIP  қолдауын  алуға  мүмкіндіктері  болған.  Одан  басқа,  2009-2010  жылдан  бастап,  OFIP  бағдарламасын 
қаржыландыру  1 100 мектептерден  аса  берілген  болатын,  онда  75%  төмен  оқушылар  3  және  6 сыныптарда 
бағалау  нәтижелері  бойынша  провинцияның  стандартына  қол  жеткізген.  3  сыныпта  провинцияның 
стандартына  қол  жеткізген  оқушылардың  34%  төмен  мектептер  саны  2002-2003  жылдан  бастап  2010-2011 
жыл  бойынша  үштен  екіге  қысқарған  (19%  бастап  6%),  үлгерімі  төмен  оқушылары  бар  бастауыш  мектептер 
санының қысқаруындағы елеулі табысы туралы айтар болсақ. 
Елеулі  әлеуметтік-экономикалық  теңсіздікке  қарамастан,  Шанхай  (Қытай)  жоғарғы  орташа  ұпайға  және 
«әлсіз мектептерді» мықты мектептерге айналу арқылы жүйені жақсарту бойынша күштердің көмегімен PISA 
бойынша  мектептер  нәтижелерінде  шамалы  шашыраңқылыққа  қол  жеткізген.  Бұл  шаралар  мыналардан 
тұратын: і) ұқсас деңгейге дейін барлық мектептердің инфрақұрылымын жүйелі жаңарту; іі) нашар оқушыларға 
қызмет  көрсететін  мектептер  үшін  қаржылық  трансферттер  жүйесін  жасау  және  жоғары  білікті  мұғалімдерді 
жақсы  мектептерден  нашар  мектептерге  уақытша  немесе  тұрақты  ауыстыру;  ііі)  жоғары  тиімді  аудандардың 
және мектептердің тиімділігі аз аудандармен және мектептермен ынтымақтастық, оның шеңберінде олардың 
әрқайсысының  атқарушы  органдары  тәжірибе  алмасады,  өздерінің  білімді  дамытудың  жоспарларын 
талқылайды,  мәселелерді  шешу  үшін  жұмыс  істейді,  оқыту  бағдарламаларымен,  оқыту  материалдарымен 
және  озық  тәжірибелермен  бөліседі;  іv)  «мықты»  мемлекеттік  мектептерге  «әлсіз  мектептерді»  басқару 
бойынша  жауапкершілікті  беру  және  оқу  жұмысын  басқару  үшін  тәжірибелі  мұғалімдер  тобын  жіберу.  Бұл 
шаралар  әлсіз  мектептерге  ғана  емес,  сондай-ақ  мықты  мектептерге  де  көмектесті,  мысалы,  мұғалімдердің 
қызмет бойынша көтерілу мүмкіндіктерін берді (ЭЫДҰ , 2011 с). 
Уругвай  соңғы  жылдары  оқушылардың  оқудағы  жетістіктерін  тез  жақсартты.  Сапаны  арттыру  бойынша 
шаралар  мектептердегі  педагогикалық  басқаруды  күшейтуге  бағытталған  таңдалған  бағасы  негізінде 
әзірленген болатын. Бұл бағалау кластерлік оқытумен және мұғалімдерді қолдаумен қатар бүкіл оқу жыл бойы 
білім  органдарына  ақпаратты  стратегиялық  тәжірибеге  айналдыруға  көмектесті.  Деректер  оқушылардың 
оқудағы жетістіктері алты жыл ішінде кейбір сыныптарда 30 пайызға артқанын көрсетеді. Әлсіз мектептердің 
жұмысын жақсарту үшін арнайы шаралар қабылданған болатын. Оқытудағы  теңсіздікті еңсеруге бағытталған 
маңызды  шаралар  мыналардан  тұратын:  тестілеу  нәтижелерінен  гөрі  кедейліктің  көрсеткіштері  негізінде 
қаржылық  ресурстарды  бағыттау  және  әлсіз  аудандарда  және  мектептерде  мұғалімдерге  нысаналы  қолдау 
көрсету үшін тестілеу нәтижелерін пайдалану. 
Дереккөз:  Славин  Р.  Е.  және  Н.  А.  Мэддлен  (2010),  Барлығына  арналған  сәттілік:  мектеп  реформаларындағы  жою  және 
ерте  араласу,  в  Дж.  Мис  және  Дж.  Экклс  (ред.),  мектептерді,  мектептегі  оқытуды  және  адам  дамуын  зерттеу  жөніндегі 
нұсқаулық,  Routledge,  Нью-Йорк;  ЭЫДҰ    (2011c),  АҚШ  үшін  PISA  сабақтары,  Күшті  мектептер  және  білім  берудің  сәтті 
реформалары,  ЭЫДҰ  ,  Париж.  ЮНЕСКО  2008,  Барлығына  арналған  білім,  Ғаламдық  мониторингілік  ееп  2009:  Теңсіздікті 
жеңу: басшылық ету неге маңызды, 3-бөлім, 145-170 б.б. 
Жынысы бойынша оқушылардың жіктелуін шектеу 
5-11  сыныптарда,  жынысы  бойынша  бөлінген  сыныптарға  қатысты  мемлекеттің 
стандарттарды  қайта  қарауға  ұсынылады.  Еңбекке  баулуға  қатысты  сабақтар  бөлініп 
жүргізілгенмен,  ЭЫДҰ    көптеген  елдерінде  бұл  тәжірибе  басқа  пайдаланылмайды  екен.  Қыздар 
да,  ұлдар  да  дәстүрлі  стереотиптік  дағдыларды  игеруі  мүмкін,  қыздардың  және  ұлдардың 
стандартты емес сабақтарға қатысуына ынталандыру үшін әр түрлі жолдар анықталған (Луфкин, 
2007). 
Мектептерде оқу уақытын пайдалануын қайта қарау 
Бірнеше ауысымға жұмыс істейтін мектептердің санын қысқарту бойынша күштерді қолдау 
Қазақстанға  үш  ауысымға  жұмыс  істейтін  мектептердің  санын  жою  бойынша  күштерді 
жалғастыру керек, және кіші оқушылардың екі ауысымға жұмыс істейтін мектептердің ықпалын 


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау