Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет67/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   100

4. БӨЛІМ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
Осы  бөлімде  мектеп  жүйесінің  әртүрлі  деңгейлерінде  кез  келген  басымдықтар  мен  қол 
жеткізу  жөніндегі  бағдарламаларға  бағытталған  ережелер  мен  практикалар  арқылы  ресурстарды 
қалай  тиімді  пайдалануға  болатыны  талданады.  Оның  ішінде,  ресурстарды  пайдалану  кезінде 
оқушылардың қажеттіліктері қалай ескерілетіні (мысалы, мектеп ішінде оқушыларды топтастыру; 
оқушыларды қолдау жүйелері; мектептен ерте кетуді болдырмау бағдарламалары); оқу ресурстары 
мен  оқу  уақыты  жақсартуды  талап  ететін  басым  мәселелерге  оңтайлы  ден  қою  мақсатында 
оқушылардың  арасында  қалай  бөлінетіні  (мысалы,  сыныптардың  көлемі,  мұғалімдер  мен 
оқушылардың арақатынасы, мұғалімдердің уақытын пайдалану); оқушылардың оқу уақыты қалай 
ұйымдастырылатыны  (мысалы,  сабақтардың  ұзақтығы,  оқу  күнінің  ұзақтығы);  мектеп 
басшылығының  қалай  ұйымдастырылып,  бөлінгені;  тиімді  сабақ  беру  мен  оқытуға  ықпал  ететін 
шығармашылық ортаны жасау үшін мектеп ресурстарының қалай ұйымдастырылатыны (мысалы, 
ата-аналармен және жергілікті халықпен жұмыс істеу); мұндай ортаны қолдау үшін материалдар 
мен  мектеп  объектілері  қалай  қолданылатыны  (мысалы,  ұзартылған  күн  топтарына  арналған 
объектілерді  не  жазғы  мектептерді  пайдалану,  «бетпе-бет»  оқуға  толықтыру  ретінде  АКТ 
пайдалану) қаралады.  
Мәнмәтін және сипаттамалар 
Мектептерді кадрлармен қамтамасыз ету  
Қазақстанда  мектептерді  кадрлармен  қамтамасыз  ету  мамандандырудың  жоғарғы 
дәрежесімен  және  үлкен  көлемімен  сипатталады.  «Мемлекеттік  білім  беру  ұйымдары 
қызметкерлерінің  үлгі  штаттары  және  педагог  қызметкерлер  мен  оларға  теңестірілген  адамдар 
лауазымдарының  тізбесі»  (ҚРҮ  № 77  қаулысы,  2008  жыл)  мектеп  түріне,  білім  деңгейіне  және 
қалыптастырылатын  сыныптардың  санына  байланысты  әрбір  мектеп  үшін  талап  етілетін  басшы 
және  қосымша  персоналдың  санын  айқындайды.  4.A1 қосымшасы  қалыптастырылған 
сыныптардың саны бойынша педагог қызметкерлер болып табылмайтын мектеп қызметшілерінің 
толық тізбесін және тиісті жұмыс жүктемесін қамтиды.  
Мектеп басшылығы 
Мектепке  жетекшілік  ету  жөніндегі  міндеттер  мектепте  барынша  көп  өкілеттіктерді 
иеленетін мектеп директоры және оның орынбасарлары арасында бөлінеді. Басшы функцияларын 
бөлу  заңнамада  бекітілген  және  мектептерде  нақты  белгіленген.  ҚРҮ  № 77  қаулысына  сәйкес, 
әрбір мектептің мынадай міндеттері бар бір директоры және оның үш орынбасары болуы мүмкін:  

 
Мектеп  директоры:  нормативтік  талаптарға  сәйкес  мектепті  жалпы  басқару;  мектеп 
жоспарын, штатын және сыныптар санын бекіту; мектептің басқа басшы қызметшілерін 
тағайындау  және  мұғалімдерді  жұмысқа  қабылдау;  педагогикалық  жетілу  және  кәсіптік 
дамуға  жәрдемдесу;  мектеп  қызметкерлері  арасында  көтермелеулерді  үлестіру; 
қауіпсіздікті  және  оқу  материалдарының,  жабдық  пен  физикалық  инфрақұрылымының 
жаңартылуын  қамтамасыз  ету;  нашар  оқитын  оқушыларды  қолдау  және  белгіленген 
ауданда  мектепке  келмей  жүрген  балалардың  сабаққа  қатысуын  қамтамасыз  ету; 
әкімшілік органдардың алдында есеп беру.  

 
Директордың  оқу  жұмысы  жөніндегі  орынбасары:  сабақ  берудің  озық  тәжірибесін 
жинау  мен  таратуды  қоса  алғанда,  педагогикалық  біліктілікті  арттыру  саласындағы 
жұмысты  үйлестіреді  және  басқарады;  мектептің  білім  беру  қызметін  жоспарлау, 
мысалы,  сабақ  кестесін  әзірлеу,  қолданыстағы  нормаларға  сәйкестігін  қамтамасыз  ету; 
мұғалімдерді  жинауға  қатысу  және  олардың  кәсіби  дамуына  жәрдемдесу;  мектепті 
бағалауды,  мұғалімдерді  және  оқушылардың  жетістіктерін  бағалауды  ұйымдастыру; 
қауіпсіздікті және жабдық пен материалдардың жаңартылуын қамтамасыз ету.  

 
Директордың  тәрбие  жұмысы  жөніндегі  орынбасары:  сыныптан  тыс  іс-шараларды 
ұйымдастыру  және  олардың  сапасын  қамтамасыз  ету,  және  үйде  оқитын  балаларды 
оқыту  және  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  оқыту;  кадрларды  жинауға  қатысу,  аға 
консультанттарды,  ұзартылған  күн  топтарындағы  мұғалімдерді  және  үйде  оқытумен 


4. БӨЛІМ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
айналысатын  мұғалімдерді  басқару  және  олардың  кәсіптік  дамуына  жәрдемдесу; 
жергілікті  халық  өкілдерімен,  құқық  қорғау  органдарымен,  ата-аналарымен  және  ата-
аналар комитетімен өзара іс-қимыл жасау.  

 
Директордың шаруашылық жұмыс жөніндегі орынбасары: материалдық және қаржылық 
ресурстарды  басқару,  сатып  алу  және  олар  бойынша  шығындарды  бақылау  (мысалы, 
жөндеу,  компьютерлер);  мектеп  аумағын  абаттандыру,  көгалдандыру  және  жинау 
бойынша  жұмысты  басқару;  өрт  қауіпсіздігі,  еңбекті  қорғау  бойынша  ережелердің 
сақталуын  қамтамасыз  ету;  мектептің  бас  ғимаратында  технологиялық  және 
энергетикалық жабдықтың пайдаланылуын бақылау.  
Басшы  лауазымдарының  саны  мен  жауапкершілігі  әр  түрлі  мектептерде  оның  көлеміне 
байланысты  ерекшеленеді.  Бастауыш  мектептерде  мектептің  басты  басшы  қызметкері,  егер  
мектепте  кемінде  8  сынып  және  240  оқушы  болса,  ресми  түрде  директор  болып  танылады.  Ең 
кішкентай мектептердің (алты сыныптан аз) бірде-бір орынбасары болмайды. Алтыдан онға дейін 
сыныптары  бар  мектептер  лауазымдық  бірліктің  жартысына  оқу  жұмысы  және  тәрбие  жұмысы 
үшін  жауапты  болатын  орынбасарды  алуға  тиіс,  бірақ  шаруашылық  жұмыс  жөніндегі  міндеттер 
орынбасар  лауазымына  жатпайды.  Жиырмадан  астам  сыныптары  бар  мектептердің  оқу  және 
тәрбие  жұмысы  жөніндегі  орынбасардың  1,5  лауазымдық  бірлігі  болуы  тиіс,  ал  30-дан  астам 
сыныбы  бар  мектептер  әрбір  лауазымға  екі  орынбасардан  алуға  тиіс.  Екі  тілде  сабақ  беретін 
мектептерде  әрбір  тілге  оқу  жұмысы  жөнінде  бір  орынбасардан  және  тәрбие  жұмысы  жөнінде 
тағы бір орынбасардан тағайындалады. Бұдан басқа, гимназия және инновациялық мектеп сияқты 
мамандандырылған  мектептердің  арасында  әкімшілік  менеджерлерді  тарту  тәжірибесі  көп 
қолданылады  (Мұхтарова  және  Медени,  2013).  Мектеп  басшылары  туралы  қосымша  ақпарат           
3-бөлімде ұсынылған.   
Өз жұмысында ең табысты және мол тәжірибесі бар мұғалімдер мектептің оқу-әдістемелік 
бірлестігін  басқаруы  мүмкін  немесе  біржолғы  бастама  ретінде  өзіне  семинарларды, 
конференцияларды  және  басқа  мектеп  шараларын  өткізу  бойынша  міндеттерді  алуы  мүмкін. 
Қазақстан мектепке баратын оқушылардың ең көп саны бар, PISA зерттеуіне қатысатын елдердің 
қатарына  кіреді,  бұл  зерттеуде  директорлар  белгілейтіндей,  мұғалімдер,  кем  дегенде,  айына  бір 
рет  мектепке  қатысты  шешімдерді  қабылдауға  қатысады  (72%),  мектепті  үздіксіз  жетілдіру 
мәдениетін дамытады (79%), өз басқару тәжірибесін талдайды (57%) (тиісінше, ЭЫДҰ елдеріндегі 
72%, 70% және 29% салыстырғанда) (ЭЫДҰ, 2013a).  
Мұғалімдер 
Мұғалімдер  мектеп  персоналының  басым  көпшілігін  құрайды.  Мұғалім  контингентінің 
қызмет ету саласы 3-бөлімде ұсынылған. Сыныптардағы балалардың аздығы және оқушылар мен 
мұғалімдердің арақатынасы бір мектепте мұғалімдердің көп болуына әкеледі. Екі тілде оқытатын 
мектептерде  мұғалімдер,  әдетте,  өздері  оқытатын  тіл  бойынша  бөлінеді.  Мектеп  ішінде 
мұғалімдер  оқу-әдістемелік  бірлестіктерге  қатысады,  олар  оқуды  ұйымдастыру  және  оқыту 
тәжірибесінің мәселелерін талқылау үшін үнемі жиналады.  
Мұғалімдердің,  олардың  жұмысын  әркелкі  ететін  функцияларды  мектепте  орындау  үшін 
кейбір  мүмкіндіктері  бар.  Бұл  енді  ғана  жұмыс  істей  бастаған  мұғалімдерге  тәлімгерлік  етуді, 
мектептің  әдістемелік  бірлестігін  басқаруды,  белгілі  бір  мектеп  бастамаларын  үйлестіру,  мектеп 
мұғалімдерінің  кәсіптік  одағында  төрағалық  етуді  қамтуы  мүмкін.  Осы  функциялар  уақытша 
болуы  мүмкін  және  мектеп  басшысының  өтініші  бойынша  орындалуы  мүмкін.  Мектеп 
басшылығының  мектеп мұғалімдері  арасында белгілі  бір  уақытша функцияларды  тарату  құқығы 
бар.   
Оқу-көмекші персонал  
Қазақстанда  басты  функциясы  мұғалімнің  жұмысына  көмек  көрсетуден  тұратын 
персоналды  тарту  тәжірибесі  жоқ.  Басқа  елдерде  мұндай  оқу-көмекші  персонал,  әдетте, 
мұғалімдерге сабақ өткізуге көмектеседі, оқушыларға қолдау көрсетеді және мектептің ортақ оқу 


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау