4. БӨЛІМ ҚОРЛАРДЫ
ПАЙДАЛАНУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
шараларына қатысады. Мектептің оқу-көмекші персоналының ең көп таралған санаты Қазақстанда
лаборант болып табылады, мысалы, физика, химия, биология және информатика пәндерінен.
Олардың жұмысы зертханаларды күтіп-ұстаудан, эксперименттерді даярлаудан, мұғалімдерге
зертханалық сабақтарды өткізуге көмектесуден тұрады.
Мектептің басқа персоналы
Мектептерге ҚРҮ № 77 қаулысына сәйкес көптеген көмекші персоналды жалдауға тура
келеді. Жалпы алғанда, мектептердің күнделікті қызметін қолдау үшін 13 басқа кәсіби санат
қарастырылады (мысалы, бухгалтер, психолог, медбике, кітапханашы, әкімші, хатшы, жөндеу
шебері, күзетші, вахтер) (4.A1 қосымшасын қараңыз). Әрбір санатта лауазымдардың саны мектеп
түріне, білім деңгейіне және қалыптастырылған сыныптардың санына байланысты болады.
Мектептің және оқушылардың жұмысын ұйымдастыру
Нормативтік талаптардың ауқымды жүйесі бүкіл ел бойынша оқу жағдайында теңдікті
қамтамасыз етуге бағытталған. Мұғалімдерге қатысты нормативтік талаптар, мұғалім-оқушы және
мектептің санитариялық жағдайының арақатынасы мектеп ішінде оқушылардың көбін
салыстыруға болатын жағдайға тап болатынын білдіреді. Көптеген мектептерде оқушылар оқудың
белгілі жылында иеленетін машықтарды айқындайтын, сол бір ғана бағдарлама бойынша білім
алады. Оқулықтар барлық мектептерде де беріледі; жаңа оқулықтар мұғалім үшін құралмен және
бағдарламалық қамтамсыз етумен бірге келеді.
Мектепті таңдау және оқушыларды қабылдау саясаты
Оқушылар өздері тұрып жатқан аудандағы мектепке басымдық тәртіппен қабылдануы
мүмкін, бірақ олардың елдегі кез келген мектепке баруға құқығы бар. Егер түскен өтінімдердің
саны сыныптардың рұқсат етілген мөлшерінен асқан болса, онда бар орындардың саны аудандық
органдармен келісу бойынша бір оқушыға шаққанда кемінде 2,25 м
2
келеді деген шартпен
көбейтілуі мүмкін және егер орын бәрібір аз болса, өтініш берушілер мектепке бекітілген ауданда
тұрады деген шартпен жаңа сынып ашылуы мүмкін. Белгілі бір оқу бейіні бар мектептердің түсу
емтихандарын өткізуге құқығы бар. Зерттеу деректеріне сәйкес, ата-аналар өз балаларына мектепті
таңдау кезінде басшылыққа алатын өлшемнің ең маңыздысы үйге жақын болуы және сабақ беру
сапасы болып табылады (ҰБСБО, 2013).
Сыныптардың көлемі және оқушылар мен мұғалімдердің арақатынасы
Қазақстандағы сыныптардың орташа көлемі салыстырмалы түрде үлкен емес: бастауыш
білімде – 17,7 оқушы, негізгі орта білімде – 18,1 және жалпы орта білімде – 15,6 (2012 жылы
ЭЫДҰ бойынша орта көрсеткіш бастауыш және негізгі орта білімде тиісінше 21 және 24 еді,
ЭЫДҰ 2014a). Осы көрсеткіштердің астарында облыстар мен қалалардың арасында елеулі
айырмашылықтар тұр:
Солтүстік Қазақстан облысындағы бастауыш білімдегі 9,9 оқушыдан
Алматы қаласында бастауыш білімде 25,6 оқушыға дейін. Шағын мектептердегі сыныптардың
орта мөлшері (8,4 білім алушы) басқа мектептерге қарағанда (20,8 білім алушы), екі есе аз
(4.1-кесте). Дәл осылайша, білім алушылар мен мұғалімдердің арақатынасы ЭЫДҰ елдерімен
салыстырғанда төмен болып табылады. Ел бойынша орта көрсеткіш 8,5 тең және ол Солтүстік
Қазақстан облысындағы 5,5-тен Астана қ. 14,9-ке дейін өзгереді (4.1-кесте). ЭЫДҰ бойынша орта
көрсеткіш бастауыш, негізгі орта және орта білімде тиісінше 15, 14 және 14 тең (ЭЫДҰ, 2014a).