4. БӨЛІМ ҚОРЛАРДЫ
ПАЙДАЛАНУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
Күшті жақтары
Мектептерде ынтымақтастық рухы басым
Мұғалімдердің ынтымақтастық үшін мүмкіндіктері бар
Қазақстандағы мектептерде мұғалімдердің бір-бірімен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндігі
бар. Қазақстанда мектеп аясында кәсіби даму мүмкіндіктерінің кезеңділігі мен қарқындылығы
елеулі болып көрінеді. Мектеп аясында кәсіби даму мүмкіндіктері мектеп мұқтажын
қанағаттандыруға байланысты сабақ беру тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Мұғалімдер
өз әріптестерінің қандай даму мақсаттарын көздейтінін, ынтымақтастық үшін қандай
бағыттарының бар екенін (әдістемелік бірлестіктерде бірлескен жұмыс арқылы) және олардың
бірлескен әрекеттері мектептерде кәсіби оқу қауымдастығын жасауға ықпал ететінін біледі.
Мұғалімдер мектептердің әлеуметтік активін толықтыра отырып, топта/командада жұмыс істеу
қабілетін дамытуға тиіс. Бұл үшін дара курстар аз болады, тіпті олар институционалдық
қажеттіліктерге сай келсе де; мектеп деңгейіндегі әдіс-тәсілдердің тиімділігі көбірек болуы
мүмкін. Финляндия, Сингапур, Жапония және Канада тәжірибесі мектептер деңгейіндегі
стратегиялардың жақсы мәдениетті жасай алатындығын көрсетеді, бұл мәдениет төңірегінде
мұғалімдер бір-бірін қолдап, жақсаруға итермелейді, бара-бара қызметшілердің және, демек, білім
алушылардың барлығы ерте ме, кеш пе үйренеді (Харгривс және Фуллан, 2012). Іс жүзінде жоғары
тиімді елдерде, әдетте, көңіл мұғалімдердің жеке-жеке дамуына емес, ал мектептің бүкіл
педагогикалық ұжымын үздіксіз жетілдіруге аударылады. Кейбір елдерде, мысалы, Қытайда
(Шанхайда) және Финляндияда білімді және білім беру зерттеулерінің әдістемелерін қолдана
отырып, іс жүзінде сыни көзқараспен өзін-өзі талдау жоғары оқу мекемелерінде, сондай-ақ өзін-өзі
талдау тәжірибесінің «оқшауланған шеңберін» жасай отырып, мектептерде іске асырылады
(ЭЫДҰ, 2011с).
Мектептегі басшы функциялары бөлінген және оқу жұмысын басқаруды қамтиды
Бірнеше қызметкердің арасында басшы міндеттерін бөлу туралы заңнамалық белгіленген
талап Қазақстанда өкілеттіктерді беру процесінің дамуына жағымды ықпал етуі мүмкін негізді
құрайды. Нормативтік талаптар бірнеше жеке ресми басшы лауазымдарын көздегенімен,
стратегиялық және педагогикалық жетекшілікті бір уақытта бір адам жүзеге асыра алмайды деп
мойындайды. Бұл, бір көшбасшыға негізделетін басшылық етудің дәстүрлі үлгісімен
салыстырғанда, мектептің жетекші құрамы лидерлік әлеуетті арттыру және мектептің орнықты
жақсаруына жәрдемдесу үшін негіз болып табылады деген көптеген ғылыми қорытындыларға
сәйкес келеді (ЭЫДҰ, 2008; Харрис, 2012). Бірнеше ресми лауазымдардың болуы басшылықтың
сабақтастығын қамтамасыз етуі мүмкін, бұл Қазақстандағы мектеп директорлары контингентінің
жастық құрылымы аясында бірнеше жылдан кейін ерекше маңыздылығы бар мәселеге айналуы
мүмкін.
Алайда іс жүзінде мектептерде басшы міндеттерін тарататын дәреже және, тиісінше,
ұйымдастыру нәтижелеріне және дара тиімділікке оң ықпал ете алатын дәреже күмән тудыруы
мүмкін. Ресми және ресми емес талаптар мектеп директорларының мектеп ішіндегі барлық
кадрларды пайдалану қабілетін шектейді, себебі, мысалы, директорлар басшы кадрлардың саны
мен функциялары туралы шешім қабылдай алмайды. Директордың міндеттерін басқа жетекші
қызметкерлерге іс жүзінде беру дәрежесі әртүрлі мектептерде ерекшеленеді және әрбір
директордың жеке басқару әдісіне тәуелді болады (АТО, 2014). Сарапшылар белгілеген
мектептердің басшы командаларының мүшелері арасында көзқарастардың ортақтығы мен өзара
іс-қимыл деңгейі басшы функцияларын берудің деңгейлес құрылымы үстінен иерархиялық үлгінің
басым болуы туралы куәландырады.
Сондай-ақ Қазақстанның тағы да бір жақсы жағы басшылықтың оқу жұмысына
қаншалықты көңіл аударатыны болып табылады. Қазақстанда мектеп директорларына жүктелетін
көптеген функциялар білім алушылардың үлгерімін арттыруға ықпал ететін оқу жұмысын басқару
жөніндегі функциялармен байланысты. PISA-2012 зерттеуінің деректері көрсеткендей,
қазақстандық мектеп директорларының айтуынша, оқу жұмысын басқару қазақстандық
4. БӨЛІМ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
мектептерде, ЭЫДҰ елдеріндегі орта көрсеткішпен салыстырғанда, кең таралған (4.2-сурет). Білім
алушылардың оқу жетістіктерінің артуын табысты қамтамасыз ететін мектеп басшыларының
тәжірибесі жөніндегі зерттеу көрсеткендей, мектеп басшыларына ең басты қызметке – сабақ
беруге және оқытуға көбірек назар аудару қажет (Робинсон және басқалар, 2008 ж.; Дей және
басқалар, 2009). Көптеген жоғары тиімді жүйелерде мектеп директорлары өз уақытының шамамен
80% оқуды жақсарту бойынша жұмысқа және мұғалімдердің кәсіби мүмкіндіктерін дамытуға және
уәждемеге арнайды, және олардың функциялары мен стимулдары мектепке әкімшілік етуге емес,
ал оқу жұмысын басқаруға шоғырландырылған (McKinsey, 2010).
Білім алушылар 9 сыныпқа дейін сыныптан сыныпқа табысты өтеді
Білім алушылар 10-сыныпқа дейін әртүрлі бағдарламаларға бөлінбейді
Білім алушылардың әртүрлі білім беру бағдарламаларына бөлінуі 10-сыныпқа дейін
жүргізілмейді, бұл барлық білім алушылардың 9-сыныпты қоса алғанда, бірдей бағдарлама
бойынша оқитынын білдіреді. Білім алушыларды бөлу үшін оңтайлы кезеңді бағалау қиын
болғанымен, көптеген зерттеулер кіші жасында әртүрлі бағдарламалар бойынша оқу үшін білім
алушыларды іріктеу әділдікке зиян тигізеді және жалпы үлгерімнің жақсаруына әкелмейді
(Славин, 1990; Ханушек және Вусманн, 2005; Ванде Верхорст және Мийс, 2010). «Анағұрлым
жоғары жетістіктері бар» бағдарламалардың білім алушылары оқуда үздік жетістіктерін
көрсеткенімен, олардың жетістіктері «жоғары жетістіктері азырақ» бағдарламалардың білім
алушыларының төмен бағаларымен жойылады (Шолфилд, 2010).
ЭЫДҰ көптеген елдері кешенді білім шараларын енгізді және бағдарламаларға алғаш рет
бөлу үшін жас шамасын көтерді немесе оны білім беру процесінің басқа кезеңіне, әдетте негізгі
орта білімнің соңына қарай ауыстырды. Ең соңғы реформалардың бірі Польшада өткізілген, онда
бағдарламаларға ерте бөліну бір жылға, яғни 15 жасқа ауыстырылды. Бұл реформа ең нәтижелі
білім алушылардың үлгеріміне зиян тигізбей, білім алушылар, әсіресе кәсіби бағдарламаларға
түскен білім алушылар арасында үлгерімінің айтарлықтай жақсаруына әкелді (Вишневски, 2007).
Саясаттақарастырылғандай, мектептер сыныптарды әртүрлі әлеуметтік жағдайымен білім
алушыларды және әртүрлі қабілеті бар білім алушыларды, ұлдар мен қыздардың санын бірдей
етіп, жасы және оқу жылы бойынша қалыптастыратын болады. «Көп жылғы» оқудың («циклді
жүргізу») бастауыш сыныптардың оқушылары үшін бірқатар артықшылықтары бар. Халықаралық
әдебиет көрсеткендей, «циклді жүргізу» оқу бағдарламасын жүзеге асыруда сабақтастықты
қамтамасыз етеді, мұғалім мен білім алушылар бір-біріне үйренетін уақытты қысқартады,
оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар арасында берік байланыстардың дамуына ықпал етеді, бұл
білім алушылардың оқу жетістіктерінің жақсаруына әкелуі мүмкін (Барбер, 2013). Бұл әсіресе
әлеуметтік қауқарсыз отбасылардан шыққан білім алушылар үшін маңызды болса керек.
Қайталап оқу өте сирек орын алады, және білім алушылардың үлгерімін жақсартуға мүмкіндігі
бар
Қазақстанда қайталап оқу өте сирек кезде орын алады. Қайталап оқыту стратегиясы білім
алушылардың оқуын қолдауға бағытталған, бірақ ол тиімсіз және тым қымбат болып шықты. Оқу
жылы бойы оқудағы олқылықтарды еңсеру үшін кейбір қолдау стратегиялары іске асырылуда,
мысалы, сыныптан тыс түзетуші сабақтар, емтихандарды қайтадан тапсыру және келесі жылдың
басына дейін қосымша үй жұмысын орындау мүмкіндігінің көмегімен. Дегенмен сарапшылар жиі
кезде мектеп үшін тікелей шығыстарға әкеп соғатын, дара және қарқын шаралардың көмегімен
білім алушылардың сабақта артта қалуын болдырмау үшін ерте қолдаудың дұрыс
ұсынылмайтынын айқындады.
Қазақстанда қайталап оқудың төмен деңгейін қайталап оқудың академиялық пайдалығы аз
және қысқа мерзімді екенін, ал қаржы шығындары жекелеген адамдар үшін де, қоғам үшін де көп
екенін көрсететін көптеген әдебиет көздері қолдайды (ЭЫДҰ-дағы қысқаша шолу, 2012а).
Қайталап оқыған жылы оқуда жақсы өзгерістер болуы мүмкін, себебі білім алушылар бұрын
өздері өткен бағдарлама бойынша оқида, бірақ, бұл жақсы өзгерістер әдеттегідей келесі жылдары
жойылады. Қайталап оқудың ұзақ мерзімді әлеуметтік және академиялық теріс ықпалы бар, себебі