Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет65/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   100

3. ҚОРЛАРДЫ БӨЛУ 
 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
3. A2-ҚОСЫМША 
ПОЛЬШАДАҒЫ ЖӘНЕ ЛИТВАДАҒЫ ЖАН БАСЫНА ШАҚҚАНДАҒЫ 
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ФОРМУЛАСЫ   
Литвадағы және Польшадағы жан басына шаққанда қаржыландыру формулалары мектептер 
арасындағы  ресустарды  бөлудің  бір-біріне  қарама-қайшы  екі  мысалы  болып  табылады  (Левачич 
2011;  Херчински  2011).  Бұл  формулалар  төменде  сипатталған  (білім  беру  қызметінің  құнын 
анықтауға  арналған екі қадамның  да  сығымдалған  салыстырмалы  шолуы  Херчинскиде  берілген 
(2009).  3.A2.1-кестеде  Литва  және  Польшаның  формуласының  негізгі  құрамдас  бөліктеріне 
қысқаша шолу жасалады.   
Литвада мектептерді қаржыландыру формуласы   
Елде  «оқушылар  кәрзеңкесі»  деген  атпен  танымал  Литвалық  қаржыландыру  формуласы 
барлық 60 муниципалитетте қолданылады. Ол мұғалімдердің, әкімшілік және кәсіби қызметкерлер 
құрамының  (техникалық  қызметкерлер  құрамының  жалақысын  қоспағанда)  жалақысын, 
оқулықтарды,  оқу  материалдары  мен  әдістемелік  құралдарын,  мұғалімдердің  біліктіліктерін 
арттыру  мәселелерін,  педагогикалық  және  психологиялық  қызмет  түрлерін,  оқушыларға  кәсіби 
бағдар беруді, когнитивті даму мүмкіндіктерін қарастыратын білім беру үрдісін қаржыландыруға 
арналған  арнайы  гранттың  көлемін  анықтайды.  «Білім  беру  ортасы»  деп  аталатын  білім  беру 
шығындарының  басқа  бөлімі  жергілікті  атқарушы  органдардың  жалпы  табыстары  есебінен 
қаржыландырылады  және  оқушылардың  кәрзеңкесіне  жатқызылмайды.  Білім  беру  ортасы 
төмендегілерден  тұрады:  техникалық  және  әкімшілік  қызметкерлер  құрамының  жалақысы, 
коммуналды  қызметтердің  төлемі,  мектепті  ұстау,  мектепке  арналған  ұсақ-түйек  сауда 
қаражаттары. Бұл жерде мектеп бюджетінің екі бөлігі де жалақыға қарасты кейбір шығындардан 
тұратындығын ескере  кеткен  жөн, сонымен қатар  мұнда  жалақыға  қатысты  болып  табылмайтын 
кейбір шығындар да есепке алынады.  
Грант әрбір мектеп үшін жеке-жеке есептеледі, одан соң белгілі бір муниципалитетте барлық 
мектептер бойынша қосылады. Грант муниципалитетке жалпы көлемі бойынша аударылады, және 
муниципалитетке  әрбір  мектеп  үшін  қандай  қаражат  сомасының  қарастырылғандығы 
хабарланады.  Алайда,  муниципалитет  мектептер  арасындағы  грант  сомасының  5%  қайта 
қарастыруға  құқылы  болып  табылады.  Бұл  өте  күшті  механизм.  Мысалы,  үлкен  қала  мектебі 
гранты сомасының 2% шағын ауылды жердегі мектептің пайдасына қайта қарастыру бюджетті еке 
еселендіруге мүмкіндік бере алады.  
Қаржыландырудың  жан  басына  шаққандағы  негізгі  сомасының  («оқушылар  кәрзеңкесі»  деп 
аталады)  қала  мектептерінің  5-8  сыныптардағы  бір  оқушыға  байланысты  мөлшері  оқу 
бағдарламасының стандарттары негізінде анықталады, ол үшін сыныптағы оқушылар санының 25 
болуы  қамтамасыз  етіледі.  Мұғалімдердің  жалақысын  арттыру  немесе  оқу  бағдарламасына 
өзгертулер  енгізу  жағдайында  формула  жан  басына  шаққандағы  қаржыландырудың  негізгі 
сомасын  автоматты  түрде  қайта  есептеп  шығара  алады.  Бұл  сома  мыналардан  тұрады:    a) 
мұғалімдердің жалақысы (оқу бғдарламасы және сыныптың  нормативтік мөлшері негізінде), оның 
үлесіне оқушылар себетінің  85% тиесілі, b) мектепті басқару (мектептің мөлшеріне байланысты), 
оның үлесіне оқушылар себетінің 9% тиесілі, c) оқулықтар, мұғалімдерді оқыту, оқу материалдары 
мен басқалары, оқушылар себетінің 6% құрайды.  
Бұдан  басқа,  формула  қаржыландырудың  жан  басына  шаққандағы  сомасын  есептеу  кезінде 
оқушылардың әр түрлі топтары үшін пайдаланылатын жүзден  астам коэффициенттен тұрады. бұл 
коэффициенттер оқушылардың әр түрлі топтары арасындағы айырмашылықтарды көрсетеді. Олар 
мыналардан құралады: a) әр түрлі педагогикалық жүктемені көрсететін оқыту деңгейлері бойынша 


3. ҚОРЛАРДЫ БӨЛУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
коэффициенттер (бастауыш, негізгі, орта), b) әр түрлі үлес шығындарын көрсететін сыныптардың 
әр түрлі нормативтік мөлшерлерінің коэффициенттері (аса үлкен емес мектептер үшін 10 оқушы, 
үлкен  емес  мектептер  үшін  15,  орта  мектептер  үшін  20  және  қала  мектептері  үшін  25),  
c)  оқушылардың  әр  түрлі  сипаттамалары  бойынша  коэффициенттер,  оның  ішінде  арнайы  білім, 
үйде  оқыту,  ересек  оқушылар,  мектепке  дейінгі  мекемеге  баратын  балалар,  бейформалды 
оқытумен айналысатын оқушылар қамтылған. Нәтижесінде формула өте күрделі бола түспек.   
Польшада мектептерді қаржыландыру формуласы  
Польшалық  қаржыландыру  формасы  елде  «алгоритм»  деген  атаумен  танымал,  орталық 
бюджет тарапынан 3 000 астам жергілікті атқарушы органдарға  ұсынылатын білім беру грантын 
есептеу  барысында  қолданылады,  ол  шамамен  олар  бастауыш  және  негізгі  жалпы  білім  беруге 
жауап  беретін  2 500  гминді  (бірінші  деңгей),  орта  білім  беру  (академиялық  және  кәсіби)  және 
мектептер  қатарына  жатқызылмайтын  білім  беру  ұйымдарының  (кәсіби  жетілдіру  орталықтары, 
айрықша  қажеттіліктерге  ие  оқушыларға  арналған  орталықтар,  педагогикалық  және 
психологиялық  қызмет  түрлері,  мұғалімдердің  біліктіліктерін  арттыру  және  басқалары)  білімі  
үшін жауап беретін 380 повиатты (екінші деңгей), және аймақтық немесе ұлттық мәндегі белгілі 
бір  мектептер  мен  аймақтық  білім  беру  ұйымдарының  қатары  үшін  жауап  беретін  16  өзін-өзі 
басқару құрылымдарын (мұғалімдерді даярлаумен айналысатын өңірлік ұйымдар, педагогикалық 
колледждер, педагогикалық кітапханалар) (үшінші деңгей) құрайды. Бір ғана формула жергілікті 
мемлекеттік басқарудың барлық үш деңгейіне және олардың тарапынан орындалатын білім беру 
функцияларына  қатысты  пайдаланылады.  Формулаға  сәйкес,  білім  беру  гранты  әрбір  жергілікті 
мемлекеттік  басқару  органы  үшін  есепке  алынған  оқушылардың  санына  пропорционалды  түрде 
бөлінеді.  Грант  үшін  қарастырылатын  қаржыландырудың  жалпы  сомасы  ел  көлемінде  есепке 
алынған  оқушылардың  жалпы  санына  бөлінеді.  Ол  барлық  жергілікті  мемлекеттік  басқару 
органдары тарапынан есепке алынады және қол жеткізілген сома «қаржыландыру стандарты» деп 
аталады,  және  сәйкес  жан  басына  шаққанда  есепке  алынған  сома  болып  табылады. 
Муниципалитет тарапынан алынатын білім беру гранты муниципалитет бойынша есепке алынған 
оқушыладың санын қаржыландыру стандартына көбейту арқылы шығарылады. 
3.A2.1-
кесте Польша мен Литвада қаржыландырудың негізгі элементтерін салыстыру 
Мәселе   
Литва  
Польша  
Білім беру грантының 
қаражатының жалпы көлеміне 
қатынасы 
Жалпы көлемі формуланы 
қолдану нәтижесі болып 
табылады 
Жалпы көлемі қаржыландырудың 
жан басы сомасының есебімен 
қолданылатын параметр болып 
табылады 
Мұғалімдердің 
еңбекақыларының артуының 
ықпалы 
Жалпы көлемі мен 
қаржыландырудың жан басы 
сомасының автоматты артуы    
Қажетті келіссөздер  
Оқу бағдарламасының артуының 
ықпалы   
Жалпы көлемімен 
қаржыландырудың жан басы 
сомасының автоматты артуы  
Қажетті келіссөздер 
Отынға баға өсімінің ықпалы   
Ықпал етпейді  
Қажетті келіссөздер 
Оқушылардың санының 
азаюының ықпалы   
Егер басқа параметрлер 
өзгермесе, жалпы көлемі азаяды   
Жалпы көлемі мен 
қаржыландырудың жан басы 
сомасының автоматты артуы   
Муниципалитетпен алынатын 
соманың мектеп бірлестігіне 
ықпалы   
Ықтимал азаюы  ( егер мектеп 
өлшемі ұлғайса) 
Ықпал етпейді  
Қаржыландыруға ерекше 
қажеттіліктер мен оқушылар 
бойынша коэффициенттерінің 
артуының ықпалы 
Муниципалитеттер үшін 
қаржыландырудың тиісті көлемі 
мен қаржыландырудың жалпы 
көлемінің артуы 
Ерекше қажеттіліктері бар 
оқушыларға қызмет көрсететін 
мектептер пайдасына қарапайым 
мектептерден қаражатты бағыттау 
Дереккөз: Авторлар 


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау