2. МЕКТЕПТЕРДЕ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ БАСҚАРУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
жұмыс істейді және мектеп іс-шараларын ұйымдастыруды қолдайды. Ата-аналар
комитеті, әдетте, мектептің ұйымдастырушылық сипаттағы әр түрлі шешімдері бойынша
консультациялық топ ретінде әрекет етеді және мектеп іс-шараларын ұйымдастыруға
көмектеседі. Қамқоршылық кеңестері енгізілгенге дейін мектептер өз қалауынша оларды
қоршаған қоғамдармен әріптестік орнатқан. Әдетте, мұндай әріптестік мектептің жалпы
ата-аналар жиналысымен сайланатын ата-аналар комитетінің нысанын алатын.
Білімнің әртүрлі деңгейлері арасындағы үйлестіру ауқымды орталық жоспарлаумен,
нормативтік құжаттардың толық жүйесімен және күшті иерархиямен қамтамасыз етіледі (білім
жүйесі ішінде нормаларды толығырақ түсіну үшін 3-бөлімді қараңыз). 2012 жылы қабылданған
«Қазақстан-2050: бір ел, бір халық, бір тағдыр» даму стратегиясы елдің ұзақ мерзімді келешектегі
жалпы көрінісін айқынайды. Білім беру секторында оны 2010 жылы қабылданған, БДМБ
толықтырады. БДМБ іске асыру үшін өз кезегінде жылдық жопарлар мен білім беру саласындағы
өзге де стратегиялар үшін негіз болған бесжылдық жоспар әзірленген. Қысқа мерзімді келешекке
Президенттің ел халқына жыл сайынғы жолдауы жаңа бастамалар туралы түсінік және олардың
негізінде кейін әдетте стратегиялық салалық құжаттар мен заңдар әзірленетін стратегияларды
қайта құру мүмкіндігін береді. Ұқсас тәртіп бойынша облыстар мен аудандар мемлекеттік және
облыстық жоспарлар негізінде өздерінің әр түрлі кезеңдерге арналған жалпы және салалық
жоспарларын айқындайды.
2.1-
кесте Қызмет салалары бойынша ресурстарды пайдалану жөніндегі міндеттерді бөлу
Бағыт
Міндеттерді бөлу
Жүйені жалпы басқару
Стратегиялық
даму
Президент Әкімшілігі білім беру жүйесін дамыту үшін бағыттарды қамтамасыз етеді,
кейін оларды ҚР БҒМ стратегиялық және операциялық жоспарлар шеңберінде іске
асырады.
Оқу
бағдарламасы
ҚР
БҒМ міндетті пәндер тізбесін, бағдарламалар мен оқу жоспарларын анықтайтын
орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттрын әзірлеуді ұйымдастырады.
Әр мектеп пәндер бойынша оқу сағаттарын бөліп және сыныптан тыс іс-шараларды
анықтап өз оқу жоспарын әзірлейді.
Оқушылар
үлгерімін
бағалау
ҚР БҒМ Ұлттық біріңғай тестілеу (ҰБТ) мен оқу жетістіктерін сырттай бағалауды (ОЖСБ)
қоса алғанда, оқушыларды бағалау жүйесінің дамуына жауап береді. Бұл функция
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне және Ұлттық тестілеу орталығына
берілген.
Мектептер үшін
ресурстарды
бөлу
ҚР БҒМ мектептерді қаржыландырудың ережелері мен әдістемесін әзірлейді. Үкімет
облыстар мен аудандарға мектептер арасында үлестіру үшін қаржыландыруды береді.
Үкімет мектеп ұжымының жалақысын белгілейді, ол білім беру саласындағы жергілікті
атқарушы органдардың бюджетімен толықтырылуы мүмкін.
Нысаналы
топтар
Министрлік және басқа орталық органдар ерекше қарауды талап ететін оқушылардың
белгілі бір санаттарын (мысалы, тіл бойынша, дарынды балалар, мүмкіндіктері шектеулі
балалар, аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балалар) қолдау үшін
жауапты
болады. Қолдау беру орталық, өңірлік және жергілікті басқару органдарының
жауапкершілігі болуы мүмкін.
Мектептердің қызметі
Мектептер
желісі
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті мектептердің қызметін жүзеге асыруға
лицензиялар беруге жауапты, сондай-ақ мектептерді жабу туралы шешім қабылдайды.
Сонай-ақ, ЖАО егер оқушылар саны мектептер қызметін жүзеге асырудың мемлекеттік
қағидаларында белгіленген көрсеткішке жетпесе немесе егер мектеп қауіпсіздік пен
денсаулық сақтау бойынша талаптарға сәйкес келмесе, мектепті жабу туралы шешім
қабылдай алады. Егер елді мекенде қолданыстағы басқа мектеп болмаса, ЖАО
оқушылар үшін жақындағы мектепке дейін тегін көлік ұйымдастыруы тиіс.
Мектеп
күнтізбесі және
оқу уақыты
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауымен оқушылардың үзілісі белгіленеді, ҚР
БҒМ мектеп күнтізбесін, пәндер тізбесін және оларға бөлінетін сағаттар санын, апта
ішіндегі оқу жүктемесін бөлуді белгілейді. Мектептер сыныптарды құрайды, пәндер
мұғалімдерінің жүктемесін түзейді және сабақ кестесін құрастырады.
Сынып көлемі
Сыныптың ең үлкен көлемін және сынып көлемі ерекшеленуі мүмкін жағдайларды
орталық органдар анықтайды. Облыстар мен аудандар алдын ала қарастырылған
2. МЕКТЕПТЕРДЕ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ БАСҚАРУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
параметрлер бойынша сынып көлемін өзгерте алады.
Мектептерге
қабылдау және
оқушыларды
топтастыру
Министрлік мектепке қабылдау критерийлерін реттейді. Мектеп директоры оқушыларды
қабылдау туралы шешім қабылдайды.
Үлгерімі нашар
оқушыларды
қолдау
Оқуда қиындықтарға тап болатын оқушыларды қолдау жөніндегі стратегияның түрі,
кезеңділігі мен қарқындылығы мектептің толық қарауы бойынша анықталады.
Белгілі ресурстар
Мектеп
әкімшілігі
Мектеп әкімшілігінің құрылымы да орталықтан белгіленеді. Жергілікті билік орындары
мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес мектептер директорларын тарту және
жұмыстан босату үшін жауап береді. Мектептер директорлары оқу, әдістемелік, тәрбие
және басқа жұмыс (мектептің түрі мен типіне байланысты) жөніндегі орынбасарларды
тағайындайды. Мектептер директорлары сондай-ақ мектеп жұмысының жоспарын
(мерзімдері мен жауапты тұлғалары көрсетілген, мектеп қызметін сипаттайтын құжат)
әзірлеуге де жауапты болады.
Адами
ресурстар
Орталық органдар мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің типтік
штаттарын және педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың
лауазымдар тізбесін белгілейді. Мектеп директоры мұғалімдер мен қосымша
персоналды жалдау мен тағайындауды жүзеге асырады; басқару құрылымын, штаттық
кестені және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді; олардың кәсіптік
дамуы үшін жағдайлар жасайды; педагогикалық кеңесті басқарады; белгіленген тәртіпте
қызметкерлерді аттестаттауды өткізеді; қызметкерлерге көтермелеулер береді және
жаза қолданады; мұғалімнің жүктелуі туралы шешім қабылдайды (кейбір жағдайларда
бұл мұғалімдерді жұмыстан шығаруға әкеледі).
Физикалық
ресурстар
ҚР БҒМ инфрақұрылым, жарақтандыру және мектептерде бар болуға тиіс оқу
материалдары мәселелерін реттейді. ЖАО олардың қамтамасыз етілуіне жауапты
болады, ал мектептер оларды білім беру процесінде пайдалануы тиіс.
Мектептер
сондай-ақ өзінің бюджеті, кадрлары мен активтері бойынша есептілікті тұрақты негізде
беру үшін жауапты.
Дереккөздер: АТО материалдары негізінде (2014), «Мектептерде ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру саясаты:
Қазақстан бойынша елдің негізгі есебі»
www.ЭЫДҰ.org/edu/school/schoolresourcesreview.htm
қолжетімді.
БДМБ білім беру жүйесінің сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық реформалардың
шамшыл бағдарламасын қамтиды (1-бөлімді қараңыз). Білім беру ресурстарын жоспарлау мен
пайдалануға айтарлықтай әсер ететін үш негізгі бастама басталды: міндетті оқыту кезеңін
11 жылдан 12 жылға дейін ұзарту (12-сыныпты енгізу), шағын жинақталған мектептерді қолдау
үшін ресурстық орталықтар құру және мектептерді қаржыландырудың жаңа моделі.
Мектептегі білім беру жүйесін қаржыландыру
Мемлекеттік кірістер
Қазақстанның мемлекеттік қаржыландыру жүйесі қатаң орталықтандырылған және
мемлекеттік кірістердің жалпы көлемі, көп шамада, орталық деңгейде анықталады. Қосалқы
ұлттық органдардың ағымдағы шығындарының көп бөлігі бөлінген салықтар мен бюджетті
жәрдемқаржылар жүйесі арқылы қаржыландырылады. Елдің 16 өңірі (14 облыс пен
республикалық маңызы бар 2 қала, Астана және Алматы) табыс салығыны және оған байланысты
олардың аумағында алынатын төлемдерді толық алады. Аудандар мен облыстық маңызы бар
қалалар мүлік салығын және кейбір акциз салықтарын толығымен алады. 2013 жылы мектептерді
қаржыландыруға жергілікті бюджеттен білім беруге арналған барлық шығындардың 74%-ы
немесе ЖІӨ-нің 1,8%-ы бөлінді. Сонымен қатар, республикалық бюджет үлесі 2002 жылғы 12%-
бен салыстырғанда екі есе өскен 2006 жылдан бастап 25-29% шегінде тұрақты болып қалады
(АТО, 2014). Қаржыландырудың көп бөлігін ЖАО қамтамасыз етсе де, олар мектеп
ресурстарының тиісті деңгейін өз қалауынша қамтамасыз ете алатын салалар шектеулі. ЖАО жер
салығын
2
қоспағанда салық салу базасын немесе ставкасын анықтай алмайды. Салықтарды тікелей
Қаржы министрлігі және жергілікті деңгейдегі қандай да бір орган алдында есеп бермейтін оның
аумақтық бөлімшелері алады. ЖАО тек өңірлік немесе ұлттық органдардан қарыз ала алады, бұл
олардың күрделі шығындарды қаржыландыру қабілетін шектейді (Махмұтова, 2006).