Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет23/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   100

«Мектептегі қорларды тиімді пайдалану» Елдік шолуы: Қазақстан 2015 
© ЭЫДҰ және Дүниежүзілік банк, 2015 
 
 
 
2-БӨЛІМ 
МЕКТЕПТЕРДЕ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ БАСҚАРУ 
Қазақстандық  білім  жүйесі  қатаң  орталықтандырылған.  Білім  беру  ресурстарын  пайдалануды 
басқару  ауқымды  орталықтандырылған  жоспарлауды,  нормалардың  бөлшектік  жүйесін  және 
әкімшілік  басқарудың  ең  төменгі  деңгейлері  шешімдерді  қабылдау  процесінде  де  және 
бюджеттендіруге  қатысты  анағұрлым  жоғары  деңгейлерге  бағынатын  нақты  иерархияны 
қамтиды. Негізгі қатысушылар Президент және оның Әкімшілігі, Білім және ғылым министрлігі, 
Ұлттық  экономика  министрлігі  (ЭБЖМ),  ҚМ,  облыстар,  аудандар  және  мектептердің  өздері 
болып  табылады.  Білім  беру  саласы  шамшыл  реформалар  (мысалы,  12-жылдық  білім  беруді 
енгізу,  мектептерді  қаржыландырудың  жаңа  үлгісі)  өткізілетін  басым  сала  болып  табылады. 
Бұл  реформалар  «Қазақстан  2050:  бір  ел,  бір  халық,  бір  тағдыр»  даму  стратегиялары  мен  ҚР 
білім  беру  саласын  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы 
сияқты  стратегиялық  құжаттарда  көрсетілген  көрініс  арқылы  анықталған.  Осы  реформалар 
білімге  бөлінетін  қаражатты  арттыру  жөніндегі  ниетпен  және  әлеуетпен  және  бір  оқушыға 
арналған шығыстар орта есеппен алғанда ЭЫДҰ бойынша және басқа көрші елдерге қарағанда 
төмендеу  болып  қалатынын  түсіне  отырып  өткізіледі.  Ұзақ  мерзімді  орталықтандырылған 
жоспарлау  білім  беру  саласындағы  саясаттың  реттілігін  қамтамасыз  етеді,  ал  нормалардың 
кешенді  жүйесі  мектептерге  білім  органдарының  шешімдеріне  қатысты  кепілдікті  көздейді. 
Дегенмен,  жеткіліксіз  жергілікті  және  мектеп  дербестігі  ресурстарды  тиімді  пайдалануға 
кедергі келтіреді, сондай-ақ олардың шарттары мен мәнмәтінін есепке ала отырып, жергілікті 
қажеттіліктерге әсер ету қабілеті де шектеулі болып табылады. Бұдан басқа, бюджетаралық 
трансферттер  жергілікті  қажеттіліктер  үшін  жеткіліксіз  және  нәтижесінде  әр  түрлі 
өңірлерде,  елді  мекендерде  және  мектептерде  бір  оқушы  басына  арналған  шығындардың 
айтарлықтай айырмашылығына әкелетін шағын ғана теңестіруді білдіреді.  


2. МЕКТЕПТЕРДЕ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ БАСҚАРУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
 
 
Осы  бөлім  мектептегі  білім  беру  жүйесіндегі  ресурстардың  пайдаланылуын  басқару 
мәселелеріне арналған. Онда ресурстарды пайдалану тиімділігінің мектепте білім беру жүйесінің 
негізгі  элементтеріне,  мысалы,  шешім  қабылдау  жөніндегі  құқықтарды  бөлуге,  оқыту 
құрылымына, ата-аналық таңдау деңгейіне немесе жеке сектор көлеміне әсері талданады.  Сондай-
ақ,  ол  мектептегі  білім  беру  үшін  қолда  бар  ресурстардың  деңгейі  мен  олардың  дереккөздері 
мәселесіне  де  қатысты.  Бұдан  басқа,  онда  ресурстарды  пайдалануды  жоспарлау  (мысалы, 
басымдықтар мен міндеттерді анықтау, ресурстарды пайдалану үшін жауапкершілікті бөлу) және 
ресурстардың  тиімді  пайдаланылуын  жақсарту  жөніндегі  шараларды  іске  асыру  (мысалы,  тиісті 
мүдделі тараптармен ресуртарды пайдалану туралы консультация және өзара іс-қимыл) мәселелері 
талқыланады.   
Мәнмәтін және ерекшеліктер 
Мектепте ресурстарды пайдалану бойынша жауапкершіліктерді бөлу  
Қазақстандық білім жүйесі қатты орталықтандырылған. Мектептердің ресурстарды пайдалану 
бойынша  міндеттерді  бөлу  мектептегі  білім  беру  жүйесін  басқарудың  жалпы  жүйесіне  сәйкес 
келеді, ол 1-бөлімде сипатталған. Қазақстандық білім беру жүйесін басқару құрылымы әкімшілік 
басқарудың  әр  түрлі  деңгейлері  шешімдер  қабылдау  құрылымы  бөлігінде  де  және  бюджеттік 
процесс бөлігінде  де анағұрлым  жоғары  деңгейлерге бағынатын,  бұрынғы кеңес  үкіметі  үлгісіне 
өте  ұқсас.  Мектептердің  ресурстарын  пайдалану  бойынша  міндеттерді  қатысы  бар  тараптар 
бойынша жалпы бөлу төменде және қызмет саласы бойынша 2.1-кестеде сипатталған:  

 
Президент  және  Президент  Әкімшілігі  білім  жүйесін  дамыту  үшін  нақты  және  толық 
бағыттарды қамтамасыз етеді, олардың нәтижелері үшін ҚР БҒМ есептілікті және ерекше 
маңызы бар бастамалардың мониторингін қамтамасыз етеді. 

 
ҚР Білім және ғылым министрлігі білім беру саласындағы құзырлы орталық орган болып 
табылады.  ҚР  БҒМ  білім  беру  саласында  нормативтік-құқықтық  актілердің  іске 
асырылуын,  сондай-ақ  білім  беру  бюджеттерінің  жобаларын  дайындауды  қоса  алғанда, 
білім  беру  жүйесін  стратегиялық  жоспарлауды,  басқару  мен  қаржыландыруды 
қамтамасыз  етеді.  Министрлік  бірқатар  негізгі  мәселелерді  реттейді:  оқу 
бағдарламаларын,  оқу  жоспарлары  мен  оқыту  бағдарламаларын,  оқушыларды  бағалау 
жүйесін әзірлеуді ұйымдастыру, кейбір қаржы ресурстарын бөлу және басқару. Өңірлік, 
жергілікті  деңгейлерде  және  мектеп  деңгейінде  қабылданатын  шешімдердің  көпшілігі 
тиісті нормативтік-құқықтық актілер шеңберінде қабылданады. 
ҚР  БҒМ  адами  және  қаржылық  ресурстарды  басқарудағы  икемділікті  қамтамасыз  ету 
үшін: мемлекеттік кәсіпорындар (52 дала зерттеулері кезінде), акционерлік компаниялар 
(8)  және  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестіктер  (1)  нысанында  өзіне  бағынышты 
бірнеше  мекеме  мен  ұйым  құрды.  Осы  ұйымдардың  көпшілігі  соңғы  10  жыл  ішінде 
құрылды  және  сапаны  қамтамасыз  ету,  статистика  немесе  жобаларды  басқару  сияқты 
бағыттарда  мамандандырылады.  Осылайша,  Білім  беру  статистикасы  және  бағалау 
ұлттық  орталығы  (БСБҰО)  білім  беру  статистикасы  мен  бағалаудың  кейбір  деректерін 
жинау мен талдау үшін жауапты болады
1
. Тағы бір, біздің тақырыбымызға қатысты ұйым 
–  мектептерді  қаржыландырудың  жаңа  үлгісін  құруға  жауапты  Қаржы  орталығы. 
Ақпараттық-талдау  орталығы  Министрліктің  халықаралық  жобаларын  іске  асырады, 
мысалы,  ЭЫДҰ  өткізетін  білім  беру  жүйесіне  шолулар.  Біліктілікті  арттыру  ұлттық 
орталығы  («Өрлеу»)  мектеп  мұғалімдері  мен  басшыларына  арналған  кәсіптік  даму 
мүмкіндіктерін  әзірлеу  мен  қамтамасыз  етуге  жауапты  болады.  «Назарбаев  зияткерлік 
мектептері» ДБҰ (НЗМ) педагогикалық шеберлік орталығы НЗМ-де педагогикалық және 
институционалдық  инновацияларды  әзірлеу  мен  енгізуді,  сондай-ақ  оларды  басқа 
мектептерге  таратуды  қолдайды.  Соңында,  Ұлттық  білім  академиясының  жанындағы 
Шағын  жинақталған  мектептерді  дамыту  орталығы  шағын  жинақталған  мектептердің 
тиімділігін бақылау және жақсартуларға жәрдемдесу үшін құрылған болатын.  


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау