Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. Қозыбаев атындағы



жүктеу 2,05 Mb.
Pdf просмотр
бет56/80
Дата26.12.2019
өлшемі2,05 Mb.
#24967
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   80

115 
 
білмегеннің баласы қозы баға білмейді». Бала тәрбиесі  – тек ананың емес, ата-ананың 
екеуінің де міндеті»-деген жанды сөздерін халқына насихаттады [1]. 
Бүгінгі  заманда  отбасы  «жанға  арналған  баспана»  ретінде,  адамға  ең  қажетті 
қолдаумен  қорғау  орны  болып  отыр.  Отбасылық  байланыс  жұмысқа  қабілеттілікті 
тиімді  қалыпқа  келтіреді  және  толыққанды  рухани  өмірдің  алғышартын  құрайды. 
Отбасылық байланыс отбасы рухы мен оның стилімен анықталады. Отбасы – бұл өзара 
тығыз байланысқан ерекше әлем, адам қызметтерінің барлық бағыттарының бір бүтінге 
айналуы, қарым-қатынастар, ойлар, жақын адамдардың сезімі. 
Отбасы  тәрбие  берудегі  адамның  өмір  бойы  жүріп  өтетін  алғашқы  баспалдақ 
болып саналады. Дәл сол отбасында адамгершілік негіздері қалыптасады, өзін-өзі ұстау 
әдебі қалыптасады, баланың ішкі әлемі ашылады және жеке қасиеттері мен қабілеттері 
қалыптасады.  Ол  баланың  өзін  қабылдауына  ықпат  етеді,  оның  әлеуметтік  және 
шығармашылық  белсенділігіне  сүйеу  болады.  Отбасында  баланың  алғашқы 
әлеуметтенуі  жүзеге  асады.  Отбасылық  жағдай,  әлеуметтік  ахуалды  қосқанда, 
айналысатын  кәсіп,  материалдық  қамтамасыз  ету  және  ата-аналардың  білім  деңгейі, 
көп  жағдайда  баланың  өмірлік  жолын  айқындайды  [2].  Отбасында  ғана  индивид 
өміріндегі  алғашқы  тәжірибесін  алады,  сондықтан  баланың  қолайлы  немесе  қолайсыз 
отбасында  тәрбиеленгендігінің  маңызы  зор.    Өкінішке  орай  қазіргі  кезеңде  
қалыптасқан  әлеуметтік  нормаға  сай  келмейтін  отбасылар  саны        көбеюде.  Осы 
отбасылар    жасөспірімдердің  әлеуметке  қарсы  мінез-құлықты  балалардың  пайда 
болуына  әсерін  тигізіп  отыр.  Педагогикалық  әсердің  формасы,  әдісі  мен  құралдарын 
дұрыс таңдамау әдетте баланың бойына оны қоғаммен бұрыс қарым-қатынас, әдет пен 
қажеттіліктердің  пайда  болуына  әкеледі.  Көбіне  ата-  аналар  баланың  өздерінің  тілін 
алғанын тәрбие  көреді. Сондықтан олар көбінесе баланы түсінуге тырыспайды, қайта 
көбірек  үйретіп,  ұрсып,  ұзақ  сөгуге  әзір  тұрады,  осы  жерде  олар  ұрсудың  тірі  әңгіме 
емес екендігін, ересектер шынайылылық деп қабылдаса да, бала түсінбейтін жайттарды 
ұғындыру  болып  табылатынын  ұмытып  кетеді.  Мұндай  суррогаттық  тәрбиенің  тәсілі 
ата-ананы  қанағаттандырса  да,  осылай  тәрбиеленген  бала  үшін  мүлдем  пайдасы  жоқ 
(тіпті қауіпті) [3]. Отбасылық тәрбиенің бір ерекшелігі  - баланың көз алдында өз ата-
аналарының  күнделікті  өздерін  ұстауы,  мінез-құлықтарының  болуы.  Оларға  еліктей 
отырып,  бала  оң  мен  теріс  қылықтарды  көшіріп  алады,  қоғам  қабылдамайтын  өзара 
қарым-қатынастар  ережесіне  үйренеді.  Аяғында  бұл  мінезқұлықтың  бейәлеуметтік 
және  құқыққа  қарсы  формалары  қалыптасады.  Отбасылық  тәрбиенің  айрықша 
ерекшеліктері ата- аналар кезігетін қиындықтар қатарында, олар жіберген қателіктерде 
анық  көрінеді,  бұл  олардың  балаларының  тұлғасының  қалыптасуында  теріс  әсер 
қалдырмауы  мүмкін  емес.  Алдымен,  өз  балаларының  дамуы  мен  тұлғалық  қалыптасу 
мәселесіне  атаананың  жеке  көзқарасытарымен  анықталатын  отбасылық    тәрбиенің 
стиліне  байланысты.  Оқушының  әлеуметтенуіне  әлеуметтік  педагогтың  ықпалы  әсер 
етеді.  А.В.Мудриктің  айтуынша,    әлеуметтік  педагог-  әлеуметтену  контексінде 
әлеуметтік  тәрбиені  яғни  арнайы  құрылған  ұйымдарда  жүзеге  асырылумен  қатар 
тәрбие  негізгі  қызметі болып  табылмайтын  ұйымдарда  да  жүзеге  асырылатын  барлық 
жастық топтар мен адамдардың әлеуметтік категориясының тәрбиесімен айналысатын 
маман [4]. 
Қолайсыз отбасы  –  бұл  өмір  сүрудің  белгілі  бір  бағытында  немесе  олардың 
бірнешеуінде  қатар  әлеуметтік  статусы  төмен,  оларға  артылған  қызметтерді  атқара 
алмай отырған отбасылар, олардың бейімделушілік қасиеттері біршама төмен, баланың 
отбасылық  тәрбиесінде  үлкен  қиындықтар  бар,  нәтижесі  аз.  Әлеуметтік  педагогтың 
отбасымен  жүргізетін  жұмысы  үш  негізгі  компонентті  қамтиды:  білім  беру, 
психологиялық  және  медиациялық.  Білім  беру  –  бұл  оқыту  мен  тәрбиелеуде  көмек 


116 
 
көрсету.  Психологиялық  компонент  әлеуметтік-психологиялық  қолдау  және  түзету 
болып  бөлінеді.  Қолдаудың  мақсаты  –  қысқа  мерзімді  дағдарыс  кезеңінде  отбасында 
оңтайлы микроклимат құру. Тұлғааралық қарым-қатынасты түзету негізінен отбасында 
балаға  психикалық  зорлық-зомбылық  көрсетілсе,  оның  невропсихиатриялық  және 
физиологиялық  бұзылыстарға  әкеледі.  Зорлық-зомбылықтың  бұл  түріне  қорқыту, 
баланы  қорлау,  оның  абыройы  мен  қадір-қасиетін  қорлау,  сенімнің  бұзылуы 
жатады.Қазіргі  қоғамда  қолайсыз  отбасылардың  санының  өсуінің  өзектілігі  сол,  бұл 
саладағы  жоғары  білікті    мамандардың  аз  болуы,  әсіресе  әлеуметтік  педагогтар  мен 
психологтардың  жетіспеушілігі.  Әлеуметтік  саланың  дамымағандығы  және 
отбасындағы қиындықтарды шешуге бағытталған білікті мамандардың жеткіліксіздігі, 
қоғамдағы ахуалға кері әсерін тигізеді.  
Әлеуметтік  педагогтың  отбасымен  жұмысындағы  негізгі  міндеті  –  бұл 
дағдарыстық жағдайды шешу. Назар аударатын жайт  оларға  уақытылы ескерту жасау 
және бейтараптандыру. Әлеуметтік педагог, педагогикалық проблемаларды қоспағанда, 
отбасымен  жұмыс  жасай  отырып,  әлеуметтік,  экономикалық,  медициналық  және 
психологиялық  тапсырмалардың  шешімін  табады.  Әлеуметтік  педагогтың  басты 
мақсаты  –  отбасының  ішкі  күштерін  дағдарысты  жеңуге  жұмылдыру.  Ол  үшін 
біріншіден,  мәселені  талдау  қажет.  Екіншіден,  маманды  қатыстыра  отыра  отбасына 
ақыл-кеңестер  беру,  үшіншіден,  дағдарыстан  шығу  жолын  іздестіру.  Бала  тәрбиелеу, 
А.С.Макаренко  айтқандай  біздің  өміріміздің  ең  маңызды  саласы.  Балалар  –  тарихты 
туындататын, еліміздің болашақ азаматтары, болашақ аналар мен әкелер. Дұрыс тәрбие 
–  бұл  біздің  бақытты  қарттығымыз,  жаман  тәрбие  –  бұл  біздің  болашақ  қайғы 
қасіретіміз, көз жасымыз, басқа адамдар алдында, еліміздің алдында кінәміз. 
                                                                                   Әдебиеттер 
1. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы жолдауы.   
2. 
Шелег Л.А. Неблагополучная семья как объект социально-педагогической деятельности // Тез. 
Второй всероссийской науч. конф. «Психологические проблемы современной российской 
семьи» (25–27 октября 2005 г.). Ч. 3 / 
Под общ. ред. д-ра психол. наук В.К. Шабельникова и канд. психол. наук А.Г. Лидерса: В 3 ч. 
М., 2005. 
3. 
Василькова Ю.В. Методика и опыт работы социального педагога: Учебное пособие для 
студентов высших учебных заведений. - М., 2001 5. Гарбузов, Исаев, Захаров И.И. Семейная 
адаптация 
4. 
Степанов В.Г. Психология трудных школьников: Учеб. пособие для учителей и родителей. М., 
1997. 
 
УДК 37.013.42 
 
ТОЛЫҚ ЕМЕС ОТБАСЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ ЖҰМЫСЫНЫҢ 
ӘДІСТЕРІ МЕН ФОРМАСЫ 
 
Пердебаева А.С. 
        ( «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 4курс студенті) 
Черниязова А.Ж. 
( «Арнайы және әлеумметтік педагогика» кафедрасының аға оқытушысы) 
 
        Елбасымыз  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  мақаласында  «Егер  жаңғыру 
елдің  ұлттық-рухани  тамырынан  нәр  ала  алмаса,  ол  адасуға  бастайды»  деп  ұлттық 
жаңғырудың  негізгі  алғышарттарын  айқындап  берді.  Халқымыздың  осындай  тамыры 
терең  кеткен,  тарихымен  бірге  жалғасып  келе  жатқан  рухани  байлықтарының  бірі 
отбасы  құндылықтары.  Отбасылық  саясатқа  2017  жылы  республикалық  бюджеттен 


жүктеу 2,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   80




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау