Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет34/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   147

80
2-ТА РА У
еститін адамдармен  бірге жұмыс істеу), кереңдікті мәдениет емес,  суб- 
мәдениет деп қарастырған жөн. Есту импланттарын қолданатын саңы- 
рау  балалар  ACT  тілін де  оқуы  керек деп  ойлайтындар  -  балалардың 
кереңдер әлемінде де, еститіндер әлемінде де өздерін ыңғайлы сезінуі 
үшін  мультимәдениет  үлгісі  пайдалы  деп  біледі.  Естімейтін  балалар 
қазіргі  заманда  өмір  сүруге  бейімделе  алады  деп  есептейтіндер -  бұл 
балалар  қол  символдары  арқылы  сөйлесуді  ешқашан  үйренбей,  тек 
импланттарды қолданып сөйлеуді, естуді үйренсе есту әлемінде толық 
ассимиляциялануына мүмкіндіктері бар деп пайымдайды.
Мәдени әркелкілік пен өзгеріс 
бастаулары
Мәдениет  ортақ  және  ортақ  емес  проблемалардьщ  шешімдерін  таба- 
ды.  Дайын  шешімдердің  өз  айырмашылықтары  болады.  Бұл  айыр- 
машылыққа  қоршаған  орта,  оқшаулану,  мәдени  араласу  (диффузия), 
технология,  бұқаралық ақпарат құралдарының әсері және  басым мә- 
дени тақырыптар себеп болады.
I   Күннен-күнге заманауи 
I   технологиялартезтаралуда.Жаңа 
қүралдар адамзат қоғамының негізгі 
қажеттіліктерін қанағаттандыра 
алады және олар қазіргі заманауи 
мәдени үлгілерге сай келеді. 
Көшбасшылар уақыттың, орналасқан 
мекенінің немесе өз билігінің 
мәдени негіздеріне қарамастан, 
өз ізбасарларымен тиімді қарым- 
қатынас орнатуға ұмтылады.
Қоршаған орта
Неліктен  француздар  Аустралияның  байырғы  түрғындарынан  ерек- 
шеленеді немесе финдер наваходан өзгеше? Мұның бір себебі- олардың 
өмір сүру оргасының жағдайы әртүрлі болуы. Бұл жағдайлар экономи- 
каның қандай түрі өркендеуі мүмкін екенін, киім мен азық-түліктің 
қай түрлерінің қолайлы екендігін және олардың жетіспеушілік неме­
се молшылық шамасын анықтауға көмектеседі.
Оқшаулану
Бір мәдениег басқа мәдениеттермен өзара  әрекетке түсуден бас тартқан 
кезде бірегей нормалар мен құндылықтарды дамытуы ықтимал. Егер оқ- 
шаулану басқа адамдармен араласу мүмкіндігінен айырса (мысалы, осы 
уақытқа дейінгі Жаңа Гвинея тауларында), онда мәдениет еш өзгеріссіз өз 
жолымен жалғасуы мүмкін. Дегенмен XIX ғасырдан бері ешбір мәдениет 
басқа мәдениеттерден оқшауланып қала алмайтын болды.
Мәдени сіңісу (диффузия) - 
бір мәдениеттің немесе 
субмәдениеттің қүрамдас 
бөліктерін басқа мәдениетпен 
біріктіру процесі.
Мәдени сіңісу
Егер мәдениеттердің тұрақтылығы мен бір-бірінен өзгешеленуіне бас- 
ты  себеп -  оқшаулану  болса, мәдениеттің  өзгеруі мен уақыт өте келе 
басқа  мәдениетке  ұқсас  болып  кетуінің  негізгі  себебі  мәдени  сіңісу 
(диффузия)  болып  табылады.  Мәдени  сіңісу  -   бір  мәдениеттің  неме­
се  субмәдениеттің құрамдас бөліктері басқа мәдениеттің бір бөлігіне 
айналу  процесі.  Мысалы,  Мехико  қаласының  көптеген  тұрғындары 
McDonald’s  гамбургерлерінің  тұрақты  түтынушылары  болып  қана 
қоймай,  біртіндеп  мексикалық  отбасылық  тагам  қүндылығына  де­
ген дәстүрлі сенімдерін тез тамақтану қүндылығына деген сеніммен 
алмастырды. Сонымен қатар америкалықтар енді жыл сайын кетчуп 
соусымен қоса сальса соусын да сатып алады.
Кең  ауқымда  алғанда,  мәдени  сіңісу  мәдениет  жаьандануына 
айналады, яғни мәдениет элементтері (сән тенденциясы, музыкалық


МӘДЕНИЕТ
81
ЖАҺАНДЫҚ  КӨЗҚАРАС
Назар
аударыңыз
Голланд мәдениетінің 
сабақтастығы  мен 
өзгерістері
Н
идерланды  -   Батыс  Еуропадағы 
кіш ігірім  мемлекет,  шығысында 
Германиямен,  оңтүстігінде  Бельгия- 
мен,  солтүстігінде  және  батысында 
Солтустік  теңіэбен  шектеседі.  Елдің 
дәстүрлі  мәдениеті  өз  қорш аған  ор 
тасына  бэйланысты  мәңызды  фактіні 
қалыптастырды:  елдің  төрттен  бір 
бөлігі теңіз деңгейінен төмен, ал үштен 
екісін  су  басу  қаупі  бар.  («Нидерланд» 
сөзі голланд тілінде «төмен ел» дегенді 
білдіреді.)  Нидерландты  алапат  су тас- 
қынынан  қорғайты н  ж алғы з  нәрсе  -  
бөгеттер мен жасанды қүм  төбелердің 
желісі.
Бірнеше  ғасыр  бүрын  басгалған 
осы  желіні  қүру  жане  сақтау  қажет- 
тілігі 
голланд 
қоғам ы ны ң  барлық 
қүрылымын елдің жалпы қауіп-қатерін 
мойындауға  мәжбүрледі  және  оларды 
су  тасқынының  алдын  алу  үшін  үнемі 
бірлесіп  жүмы с  істеуге  міндеттеді
Көптеген  адамдар осы  жағдай  голланд 
қогамының  барлық  қүрылымдары  ара 
сында  толеранттылықты,  консенсусты 
және  өзара  қолдауды  бағалайтын  мә- 
дениеттің  қалыптасуына  мүм кіндік  ту 
ғызды  деп  санайды  (Shorto 2009;  Mares 
&  Robben,  2011)  Мысалы.  Нидерландта 
кәсіподақтар  жүмысы  жолға  қойылған, 
сондықтан  ереуілдер  сирек  кездеседі, 
себебі  кәсіподақтар,  жүмы с  берушілер 
және  мемлекет барлық тараптарға  лай­
да  экелет'н  келісімдер  жасау  үшін  бір- 
лесіп  жүмы с  істейді  (Fuller  2004,  Mares 
& Robben 2011). Теңіэ Нидерландқа қауіп 
төндірсе де, оның экономикасы  мен  мә- 
дениетіне негіэ болды.  Елдің теңізге жа- 
қын орналасуы, сондай-ақ бірнеше эко- 
номикалық  маңызы  зор  өзендер  мен 
порттардың  (әсіресе,  Роттердамның) 
болуы  көптеген  голландтықтардың  те 
ңізші. балықшы кәсібімен айналысуына 
мүм кіндік  берді  Бүл,  әрине,  материал 
дықмәдениеттің көптеген қырларының 
(адамдардың тамақтануының, киінуініц 
және  т.б.)  негізін  қалады.  Сонымен  ка ­
тар  осы  табиғат  байлықтары  голланд-
тықтардың фермерлер  мен трейдерлер 
ретінде  Еуропа  мен  бүкіл  әлемге  өз 
өнімдерін  тасымалдауына  және  сату- 
дың  арэан  жолын  табуына  мүмкіндік 
берді.  Халықаралық  саудаға  шығу  Ни­
дерланд  халқын  үлт  байлығына  үлес 
қосатын  кеэ  келген  адамды  еліне,  діні- 
не  немесе  үлтына  қарамастан  қүшақ 
жайып  қарсы  алуға  үйретті.  Бул  Гол­
ланд  мәдени  қүндылығы  ретінде  толе 
ранттылықты  нығайтты.  Суық  қыспен 
үйлескен су қорының болуы  конькимен 
сырғанау мен хоккейдің танымал спорт 
түріне  (бүкіл  Еуропада  өте  танымал 
футболға  қосымша)  айналуына  ықпал 
етті.  Сол  сияқты  дымқыл,  лас  жерде 
жүмы с  істейтін  фермерлердің  аяғынан 
сыз  өткізбейтін,  мықты  қуралдар  мен 
сиырдың  түяқтарынан  тамаша  қорғай- 
тын  ағаштан  жасалған  шабата  (сабо) 
аяқкиім і  голландтықтардың  күнделікті 
өмірінің бір бөлігіне айналды.
Бүл  -   табиғи  ортәның  голланд  мә- 
дениетін  қалыптастыруына  келтірілген 
кейбір мысалдар ғана.
талғамдар және мәдени құндылықтар) бүкіл әлемге таралады. Бүгінгі 
таңда Мумбай, Сенегал немесе Перудегі такси жүргізушілері өз радио- 
сынан америкалық танымал музыканы тыңдайды, ал америкал ықтар 
француз және қытай мейрамханаларында тамақтану мүмкіндігіне ие 
болды.  Болашақта  мәдениеттің жаьандануы  интернеттің арқасында 
тез қарқын алмақ.
Мәдениеттің  жаьандануы  -   осы  тарауда  талқыланатын  ауқым- 
ды  жаьандану  тақырыбының  бір  бөлігі.  «Жаьандық  көзқарастар: 
Голланд  мәдениетінің  сабақтастығы  мен  өзгерістері»  бөлімі  табиғи 
ортаның  ұлттық  мәдениетке  қалай  эсер  ете  алатынын  мысалмен 
дәлелдейді.
Технология
Мәдениетке  ықпал  ететін  құралдар,  оның  нормалары  мен  құн- 
дылықтарына, сондай-ақ экономикалық және әлеуметтік қатынас- 
тарына  да  эсер  етеді.  Мысалы,  Facebook  әсіресе  жастар  арасында 
құпиялыққа  қатысты  көзқарасты  айтарлықтай  өзгертті.  Қазіргі 
кезде  көптеген  жастар  ата-аналары  көріп  қалса  қаншама  жайсыз- 
данатынына  қарамастан, желіде құпия ойларын,  күнделікті жаңа- 
лықтарын  бөлісуді,  сондай-ақ  ашық  фотосуреттерін  жариялауды 
қалыпты жағдай деп санайды. Сонымен қатар бұл жаңа технология 
тек құпиялылыққа  қатысты  көзқарасқа  ғана  емес, құпиялылыққа
6-251


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау