32
1-ТА РА У
Әлеуметтану дегеніміз не?
Әлеуметтік өмір туралы білгіміз келгенде ең алдымен, көпшілігімізді
қызықтыратыны жеке тұлғалар туралы мына сияқты сауалдардың
жауабы: «Тереза неге өзін сыйламайтын ер адамдармен араласа бе-
реді?», «Майк неге ауруға шалдыққанға дейін ішуді тоқтатпайды?»,
«Spice Girls тобы кейбіреулерге неге ұнайды?». Көп жылдан бері білетін
адамдарымыз үйленгенде немесе жұмыс орындарын өзгерткенде ай-
тарлықтай өзгеретініне таңғаламыз.
Егер Тереза әлемдегі жар таңдай алмайтын жалғыз әйел болса,
ал Майк ішкілікке салынған жалғыз еркек болса, онда олардың мі-
нез-құлқын жеке басының ерекшелігіне қарап түсінуге тырысар едік.
Алайда өзгелермен қарым-қатынасы сәтсіз болып, маскүнемдікке ұшы-
рап жататындар жиі кездеседі. Біз, сондай-ақ ерлермен салыстырғанда
әйелдердің қарым-қатынасты сақгау үшін өз мүдделерінен көбірек бас
тартатынын, ал еркектер басына қиын іс түссе араққа салынатынын да
білеміз. Тереза мен Майкты түсіну үшін олардың жағдайын кеңінен қа-
растыру қажет, яғни кейбір топтарды басқалардан өзгеше әрекет жасауға
итермелейтін себептерді зерттеуіміз керек.
Тіпті одан да кеңірек ауқымда қоғамның адамдарға қалай эсер
ететінін зерттеу керек болады. Қоғам - қауымдастық пен ұлтты не
месе географиялық аумақты, экономикалық, мәдени және саяси бай-
ланыстарды және жеке мінез-құлық пен өзара әрекеттесуге қатысты
сенімдерді тоғыстыратын, үзақ уақыт өмір сүретін үлкен топтастық.
Әлеуметтану - әлеуметтік топтарды, әлеуметтік өзара әрекеттесуді
және қоғамды жүйелі түрде зерттейтін ғылым. Ғылымның бұл саласы
Терезаның, Майктың, басқалардың да басына түсуі ықтимал өмірдегі
жағдайларға баса назар аударады.
Қоғам - тұрақты қауымдастық,
ұлт немесе бір аумақтағы,
экономикалық, мәдени және саяси
байланыстарды және әлеуметтік
сенімдерді тоғыстыратын үлкен
топтастық.
Әлеуметтану - адамзат қоғамын,
әлеуметтік топтарды және
әлеуметтік өзара әрекеттерді
жүйелі түрде зерттейтін ғылым.
Әлеуметтік құрылым - белгілі бір
қоғамды құрайтын топтық қарым-
қатынастардың қайталанып
отыратын үлгілері.
Әлеуметтік қиял - жеке адам
мәселесін, негізгі әлеуметтік
құрылымдарды, аз дегенде
ішінара түсінуді көрсететін
қабілет.
Әлеуметтік қиял
Әлеуметтанудағы ең негізгі ұгымдардың бірі - әлеуметтік қүрылым.
Әлеуметтік қүрылым - белгілі бір қоғамды құрайтын топтық қа-
рым-қатынастардың қайталанып келіп отыратын үлгілері. Ол тек мі-
нез-құлық сияқты жекелеген проблемаларды ғана емес, білім алуды,
неке қүруды қалай ұйымдастыру керектігі сияқты кеңірек контексте-
гі проблемаларды да қамтиды.
Әлеуметтік қиял деп жеке адамның проблемасын түсінуді, кец
әлеуметтік құрылымдарды, аз дегенде ішінара (Миллс 1959,15) түсіну-
ді көрсететін қабілетті айтамыз. Ч. Райт Миллстің пікірінше, әлеумет-
тік қиял дегеніміз - жеке бастағы қиындықтарды (мысалы, кедейлік,
ажырасу немесе сеиімнің жоғалуы), аса маңызды қоғамдық проблема,
жалпыға ортақ проблема деп түсіну. Миллстің айтуынша, көп нәрсені
біз толықтай бақылай алмаймыз, көптеген қүбылыстар қоғамның
түзілуінен келіп шығады да бізден тыс жүзеге асып жатады. Мысалы,
Миллс былай деп жазады:
100 мыңға жуы қ түрғыны бар қалада тек бір адам ғана жүмыссыз болса, бүл -
оныңжеке басына қатысты жайт, солай болатұра көмектесу үшін сол адамның
мінез-құлқын, оныңдағдыларын және мүмкіндіктерін қарастырамыз. Бірақ50
миллион адамнан тұрагын елде 15 миллион адам жұмыссыз болса, бұл - ортақ
(қоғамдық) проблема, бірақ оны жеке тұлганың мүмкіндіктері аясында шеше
алмаймыз. Мүмкіндіктердіц құрылымы бұл жерде іске аспайды. Проблема
дүрыс қойылуы үшін және ықтимал шешімдер ауқымды болуы үшін тек жеке
басқа қатысты жайттар мен жеке түлғалардың жагдайын емес, қогамның эко-
номикалы қж әне саяси институтгарын қарастыруталап етіледі (1959,9).
ҚОҒАМ ТУРАЛЫ ІЛІМ
33
1.1-КАРТА Әрштаттағы жұмыссызересекадамдардыңүлессалмағы
ДЕРЕККӨЗ: АҚШ Еңбек статистикасы бюросы (2011а).
WOVrANA
NORrw D
akota
MINNESOTA
WISCONSIN
WVOMlWf.
INDIANA
COLORADO
KANSAS
KENTUCKY
CJKiAfARKANSAS
TEXAS
lOUfSIANA
ALASKA
=3-
"Ни
I— v K
\
4 S S .
;
w w
«°*5"4 ■
\
v
Жумыссыздықдеңгейі
Төмен: 6% не одан томен
О Орта: 7-8%
^
Жоғары: 9% не одан жоғары
Күнделікті өмірде біз тарихтың, экономикалық ерекшеліктер мен
әлеуметтік құрылымдардың өмірге тигізетін әсерін сирек байқаймыз.
Егер бала нашақор болса ата-ана өздерін кінәлайды; мектепте нашар
оқыса көпшілік оқушының өзін жазғырады. Әлеумегтік қиялды да-
мыту дегеніміз - осы сияқты мысалдардың қогамдағы жағдайлардың
салдары екенін және оны адамның өзі толық бақылай алмауы мүмкін
екенін түсіну.
Мысалы, кейбір адамдардың мектепте нашар оқуы олардың
ақылсыз немесе жалқау болғандығынан емес, отбасыньщ қажетті
қаржылық немесе психологиялық қолдау көрсете алмауынан. Кей-
бір оқушылардың іні-қарындастарына көмектесу үшін аптасьша са-
бақтан тыс 30 сағаттай жұмыс істеуіне тура келеді. Енді біреулеріне
жақсы оқу қиынға соғады, себебі олардың отбасылары колледждің
нені талап ететінін немесе колледждің оқушыларына сабаққа дайын-
далу үшін тыныштық қажет екенін түсіне бермейді. Керісінше, кей-
бір студенттердің оқу үлгерімін жақсартуға бар мүмкіндік жасалған:
ата-аналары оқу ақысын төлеп, күнделікті шығындарын өтеп, пси-
хологиялық қолдау көрсетіп отырады, тіпті ноутбук, iPad және жаңа
автокөлік те әпереді. Кім колледжден шығып қалады, ал кім оқуды
ойдағыдай бітіреді - бұл жағын ата-аналардың әлеуметтік жағдайы
анықтауы мумкін. Бұл проблеманы 12-тарауда талқылаймыз. Кең
мағынада алғанда баланың табысқа жетуі немесе сәтсіздікке үшыра-
уы әлеуметтік факторларға байланысгы.
Әлеуметтік қиял - әлеуметтанудың басты бағыты, ол - өз өміріміз
бен басқа адамдардың өмірін әлеуметтік құрылымның бір бөлігі ретін-
әлеуметтану және сіз
Қазіргі экономикалық ахуалға
байланысты үйсіз қалған
жандарды білетін шығарсыз.
Мүмкін олар өздері ойлағаннан
көбірек сомаға ипотека алып, оны
төлей алмай қалған болар. Ал
әлеуметтік қиял сізге олардың
мәселесін кеңірек ауқымда қарауға
мүмкіндік береді, мысалы, олар
жұмыс орындары жабылып
қалатын салада жұмыс істеуі
мүмкін немесе ипотекалық несие
берген банк оларды шамадан тыс
көп қарыз алуға мәжбүрлеген не
пайыздық үстемені шамадан тыс
арттырған болуы ықтимал.
3-251
Достарыңызбен бөлісу: |