Кіріспе
Басқа әлеуметтанушылар сияқты, бұл оқулықтың авторлары да әлеу-
меттанудың қуат-күшін қай кезде сезінгендерін нақты біледі. Мәсе-
лен, Роуз Уейтс магистратурада оқып жүргенде «Зерттеу әдістері» пә-
нін оқытагын профессордың үнемі қол көтерген қызға емес, жігітке
сөз беретінін байқайды. Бұған дейін ол тек жақсы дайындалып кел-
гендер, алдыңғы қатарда отыратындар, оқытушыны өзіне
қарата ала-
тындар семинардағы пікірталасқа белсене қатысады деп ойлайтын.
Кейіннен барып ол профессордьщ қыздарды елемеуі қоғамньщ әйел
затына деген көзқарасын білдіретінін аңдады. Соның арқасында, Роуз
қоғамдағы қыздар мен әйелдерге қатысты стереотиптік пікірлерді,
оларды кемсітетін мінез-құлық пен ұстанымдарға жол ашатын билік
құрылымын, сол мінез-құлық пен ұстанымдардың салдарын, әйел-
дерге қарсы деструктивті әрекеттердің алдын алудың жолдарын зерт-
тей бастады.
Осы мысалдан байқағанымыздай, әлеуметтану - адамдардың әре-
кеттерін, оларды сол әрекеттерді жасауға итермелеп тұрған жалпы
қоғамдық контексті түсінуге мүмкіндік беретін қүралдарды ұсынады.
Әлеуметтану жеке өмірімізде, елде және қоғамда кездесетін шағын әрі
ауқымды мәселелердің барлығын қарастырады. Шағын көлемде ол
қарапайым адамдардың тұрмыс-тіршілігін - отбасылы болу (кейде
ажырасу), жұмысқа тұру, бала өсіру, көңіл көтеру сияқты жайттарды
қарастыруы мүмкін. Ал кең ауқымда әлеуметтану үйсіздік, денсау-
лық сақтау реформасы, қоршаған ортаның азуы, кедейлік және соғыс
сияқты маңызды ұлттық және халықаралық проблемалардың түйі-
нін іздейді. Бұл оқулық студенттердің әлеуметтану тұрғысынан ойлау
қабілетін арттырып, осы сияқты проблемаларды жете түсініп, оларды
шешуге құлшынысын арттыруды көздейді.
Басты ұстанымдар
Бұл кітап екі түрлі ұстаным жүйесінің аясында жазылған. Біріншіден:
біз нақтылық, тепе-теңдік, сыни ойлау, түсініктілік және жаца зерт-
теулерді пайдалану сияқты үстанымдарды негізге алдық. Екіншіден:
нәсіл, тап және гендер; ғаламдық проблемалар және Америка жаста-
рының күнделікті тұрмыс-тіршілігі сияқты басты тақырыптарга
көбірек көңіл бөлдік.
Нақтылық. «Әлеуметтану негіздері» шағын, ықшам оқулықпен оқыту-
ды қалайтын профессорлардың талабын қанағаттандыруға арналған.
Біздің мақсатымыз - семестрлік жүйемен сабақ беретіндер үшін кі-
тапты шағын етіп, онда студенттердің әлеуметтануға қызығушылы-
ғын оята алатындай мазмұнды мәтіндерді топтастыру. Егер студент-
тер белгілі бір тақырыптың тереңіне сүңгігісі келсе, онда оны басқа
қосымша әдебиеттерден оқи алады.
Теңгерім. Бүл оқулықтың басты мақсаты - әлеуметтанудың басты үш
бағытына жан-жақты, объективті көзқарастарды ұсыну. Бүл бағыт-
тардың әрқайсысы I тарауда сипатталған. Келесі бөлімдерде әр бағыт
туралы нақтырақ айтылады. Бұл бағыттардың әрқайсысына қатысты
30
КІРІСПЕ
көзқарасы әртүрлі болса да, оқытушылар бұл оқулықты еркін пайда-
лана алады.
Сыни ойлау. Профессорлар мен студенттер оқулықтың өн бойынан
сыни ойлауға, интеллектуалдық пікірталасқа жетелейтін түрлі мате-
риалдарды таба алады.
Түсініктілік. Кітаптың бұрынғы басылымдары сияқты, бүл нұсқа-
ны да студенттердің оқуына жеңіл, қызықты етіп жазуға тырыстық.
Оның үстіне бұл оқулықта біз визуалдық материалдарға көбірек ден
қоятын студенттерге арнап - көрнекі суреттер, карталар мен сызба-
ларды молынан пайдаландық.
Жаңа зерттеулер. Бұл кітапта саладағы ең соңғы зерттеулерге, со-
нымен бірге атеизмнің белең алуы, экономикалық дағдарыс сияқты
«күйіп тұрған» тақырыптарға көбірек көңіл белуге күш салдық. Сту
денттерге жаңа нәтижелерді ұсынып, соңғы мәліметтерді беру үшін
басты журналдарға, салалық басылымдарға баса ден қойдық.
Нәсіл, тап және гендер проблемаларына ерекше назар аудару.
«Әлеуметтану негіздері» оқулығы нәсіл, тап және гендер проблемала
рына баса мән береді. Бұл тақырыптардың әрқайсысына белек тарау
арнадық, әрі бұл жайттар «Америкадағы әралуандық секцияларында,
басқа да бөлімдерде кеңінен талқыланады.
Ғаламдық проблемалар. «Әлеуметтану негіздерінің» бұл басылы-
мында да басты ғаламдық проблемаларға кеңінен орын берілді. Мұны
әсіресе «Ғаламдық проблемаларға көзқарас» деген таблицалардан, ға-
ламдық стратификация, әлемдегі денсаулық сақтаудың жайы туралы
бөлімдердегі
әлемдік діндер, ана өлімі проблемалары жөніндегі карта-
лардан, әр бөлімдегі тақырыптық зерттеулерден және таблицалардан
байқауға болады.
Студенттердің күнделікті өмірі. Бүл кітаптың негізгі мақсаты - сту-
денттерді әлеуметтанудың тұжырымдамалары мен бағыттарына қы-
зықтыра білу. Бұл үшін біз қазіргі жастардың күнделікгі өмірінен мы-
салдарды көп келгірдік.