1- жағдай
Журналист министрлік басшылығы тарапының дөрекі
қарсы шығуына ашуланды және басшыдан өзін
сабырлы ұстауды сұрады, оған келесідей жауап
қайтарылды «Мен барлығымен осылай сөйлесемін!».
Әңгімелесу барысында залдан жеңіл сыннан тұратын
«өткір» сұрақ қойылды. Басшыға жүгіну формасы
ұнамады. Ол сұраққа БАҚ өкілдерімен сөйлесудегі
субординацияны сақтамай, дөрекі жауап берді.
Оқиға министрліктердің бірінің басшысы қатысқан
брифингті өткізу уақытында орын алды.
Талдау
Тұжырым
Осы жағдайда мемлекеттік қызметші тарапынан әдеп
нормаларының шеңберінен шықпау және дөрекілік
көрсетілмеу керек еді.
Бұл
жағдаяттан байқағанымыздай,
мемлекеттік
қызметшінің іс-әрекеті БАҚ өкілінің итермелеуімен
жасалды.
Жария сөз сөйлеу
кезінде және БАҚ-пен
өзара қарым-
қатынаста әрбір
айтқан сөзімізге
жауапты екенімізді
есте сақтауымыз
қажет.
Бізге қызметтік
қолдануға арналған
ақпаратты таратуға
және
талқылауға
болмайды.
Мемлекеттік қызметшінің әдебі
және мінез-құлық нормалары
36
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
2- жағдай
Талдау
Тұжырым
Бұқаралық ақпарат
құралдарының өкілдері
облыстық деңгейде
ұйымдастырылған
жиналыс уақытында
Ішкі саясат
басқармасының бас
маманын ұйықтап
жатқан күйінде
видеоға түсірген. Осы
жағдай жергілікті БАҚ-
та жарияланған және
осылайша мемлекеттік
қызметші имиджіне
нұқсан келтіре отырып,
қоғам тарапынан
негативті сынға
ұшыраған.
Аталған жағдайда
мемлекеттік
қызметшінің әрекеті
Әдеп кодексінің
нормаларына қайшы
келеді. Іс-шара ресми
сипатта өткендіктен,
оған қоғам мен
әріптестері тарапынан
сын тудыруы мүмкін
ситуацияларға жол
бермеу қажет еді.
Нәтижесінде
қоғамда
мемлекеттік қызметші
туралы негативті пікір
туындады.
Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметшілердің беделі мен
имиджіне зиян келтіретін әрекеттерге жол бермеуі тиіс. Біз
мемлекеттік қызметшінің жағымды бейнесін қалыптастыруымыз
керек.
37
1.7 Әлеуметтік желілерді пайдалану
Мемлекеттік қызметші әлеуметтік желіні
қолданған кезде интернет желісінің басқа
қолданушыларымен әңгімелесуде сыпайылылық
танытуы қажет, өз парақшасында құпия немесе
жабық ақпаратты жарияламауы,
қазіргі
конституциялық құрылымды өзгертуге,
сепаратизмге немесе егемендіктен бас тартуға
шақыратын қолданушыларды достар тізіміне
қабылдамауы тиіс.
Сұрақ: Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің
әлеуметтік желідегі аккаунттарына мониторинг жүргізу
барысында бедел түсіретін сипаттағы менің
фотосуреттерімді анықтады. Мен бала күтімі бойынша
демалыстамын, әлеуметтік желідегі аккаунттарды қолдану
бойынша талаптардың маған да қатысы бар ма?
Жауап: Сіз мемлекеттік қызметші ретінде қызметке
тұрғанда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік
қызметшілерінің Әдеп кодексімен таныстыңыз. Бала күтімі
бойынша демалыс осы Кодекс талаптарының әрекет етуін
тоқтатпайды. Осыған байланысты, Сізге қоғам тарапынан
сын тудыруға себеп бола алатын фотосуреттерді әлеуметтік
желілерде жарияламау қажет.
Жауап: Сізге жоғарыда аталғандарды жасауға тыйым
салынбаған, бірақ бұл ретте сіз анық емес ақпаратты,
«қызметтік пайдалану үшін» санатындағы ақпаратты
таратпауыңыз, хат алмасуларда тұрпайы лексиканы
қолданбауыңыз, мемлекеттік және басқа да тілдерге, сондай-
ақ Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен
қарауыңыз қажет.
Сұрақ: Жұмыстан тыс уақытта әлеуметтік желіде өзімнің
жұмыс тәжірибем туралы айта және өзекті проблемалар
туралы топтық талқылауларда пікірімді білдіре аламын ба?
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
38
Жағдай
Талдау
Тұжырым
Кейбір фотосуреттерде мемлекеттік қызметші
алкогольді ішімдіктерді ішу кезінде достарының
ортасында тұр, сондай-ақ ұшақта, бизнес-класта
жасалған, тікұшақпен серуендегі, көптеген
клубтардағы және т.с. фотосуреттер бар.
Суреттер Жерорта теңізінің оңтүстік жағалауында 5
жұлдызды қонақ үйде жасалған. Атап өтетін жәйт, бұл
қонақ үй бірнеше мәрте Еуропадағы үздік қонақ үй
ретінде танылған және әлемдегі ең қымбат қонақ үй
болып есептеледі.
Орталық атқарушы органдардың бірінің басқарма
басшысы жаңа жылдық мейрамдардан соң интернетке
демалыстағы фотосуреттерін салғаннан кейін, олар
әлеуметтік желі қолданушыларының сынына ұшырады.
Осы мемлекеттік
қызметшіге қатысты тәртіптік
сипаттағы шараларды қабылдау керек, себебі мұндай
мінез-құлық мемлекеттік қызметшінің өзінің және
мемлекеттік органдардың басқа да қызметкерлерінің
беделін түсіруге әкеп соғады.
Бұл жағдайда мемлекеттік қызметшінің іс-әрекеттері
итермелеуші сипатқа ие, себебі интернетке салынған
фотосуреттердің мазмұны әлеуметтік желі
қолданушыларының негативті реакциясын тудырды.
Әлеуметтік желілерді қолдануда бізге әділ, кәсіби, жауапты
болуымыз және жалпыға ортақ
моральдық әдеп нормаларын
сақтауымыз қажет.
39
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары