1- жағдай
Инновациялық
технологиялар саласына
мемлекеттік бағдарламаны
енгізу бойынша жобаны
қарастыру кезінде жақында
тағайындалған министрдің
орынбасарымен (ер адам)
және қаржы департаментінің
директоры (әйел) арасында
ұрыс орын алды.
Министрдің орынбасары егер
жоба белгіленген мерзімде
іске аспаса, онда
департамент басшылығына
тәртіптік жаза
қолданылатынын ескертті.
Сонымен бірге оның кәсіби
практикасында көбіне әйелдер
алға қойылған міндеттердің
орындалу мерзімін
бұзғандығын айта өтті.
Министр орынбасарының
байбаламына департамент
директоры оның ескертулері
әділетсіз деп жауап қайтарды.
Осы жағдайдан кейін министр
орынбасары мен департамент
директорының арасындағы
қарым-қатынас шиеленісті, бұл
соңғысының өз еркімен
жұмыстан кетуіне алып келді.
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
Талдау
Әрбір басшы мәжбүрлеудің, оның ішінде жыныстық
тиістілігінің негізінде ешқандай формасы мемлекеттік
қызмет жағдайында орын алуына жол берілмейтіндігін
есте сақтауы қажет.
Бұл жағдайда қол астындағы әйел қызметкерге
функционалдық міндеттерді орындау бойынша қоқан-лоқы
қолданылғандықтан, басшының іс-қимылы біржақты
сипатқа ие.
24
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
Тұжырым
Біз ұжымымыздағы гендерлік теңдікті бағалаймыз. Біз үшін
айналадағы адамдарға қатысты келіспейтін, дөрекі, әдепсіз,
кемсітушілік және ар-намысқа тіл тигізетін сөздер қабылданбайды.
Әрбір әріптестің дағдыларын және қабілеттерін бағалау, оның ар-
намысын құрметтеу және қоқан-лоқы арқылы міндеттерді орындауға
мәжбүрлемеу қажет. Тату, үйлесімді, тәртіпке бағынатын ұжым өз ісін,
жиі шиеленістер болатын ұжымға қарағанда, тез әрі жақсы
орындайды.
25
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
Мемлекеттік мекемелердің бірінде бірінші басшының туған
күнін тойлау құрметіне орай сыйлық сатып алу үшін
қызметкерлерден ақшалай қаражат жинау
ұйымдастырылған. Жағдайды зерделеу барысында осы
ұйымның бухгалтері әрбір қызметкерден 3000 теңгеден,
шамамен 75000 теңге болатын соманы жинағаны
анықталды. Жиналған қаражатқа кәдесый түріндегі
бағалы сыйлық сатып алынған.
2- жағдай
Аталған жағдайда мемлекеттік қызмет және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, қызметтік әдеп
нормалары бұзылған. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық
өкiлеттiктерiн атқаруына байланысты азаматтар мен заңды
тұлғалардың көрсетілетiн қызметтерін жеке мақсаттарында
пайдаланбауы, қарамағындағы мемлекеттік
қызметшілерден лауазымдық өкілеттіктерінен тыс
тапсырмалар орындауын талап етпеуге, сондай-ақ
өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген
функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында
өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге
адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында
бетімен кетушілік үшін сыйлықтарды немесе көрсетілетін
қызметтерді қабылдамауы тиіс.
Талдау
Тұжырым
Мемлекеттік қызметте кез келген түрдегі және нысандағы алым-
салықтарды алу мен кәсіби емес қарым-қатынас жағдайларына жол
берілмеуі тиіс. Мемлекеттік қызметшілер өздеріне қызметтік
өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар алу бойынша
сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды, бұларды
орындамау қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке алып
келеді.
26
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
27
Жеті күндік мерзімді бұзу (шотқа білмей келіп түскен
ақша бойынша – екі апталық мерзім), сондай-ақ
мемлекеттік функцияларды орындауға байланысты
сыйлықтар қабылдау - қылмыстық не әкімшілік
жауаптылыққа тартуға негіз болуы мүмкін.
2) жария түрде немесе ресми іс-шаралар кезінде берілген
сыйлықтар тапсырылуы тиіс.
Бұл ретте, сыйлықты алғаш рет алу (құны 2 АЕК-тен кем
немесе 4 242 тг.) сыйлықты алу туралы бұрын
жасалған заңды әрекеттер үшiн алдын ала
уағдаластық болмаған кезде, онша маңызды
болмауына байланысты қылмыс болып табылмайды.
Алайда, бұл әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады
(ӘҚБтК – нің 677-бабы «заңсыз материалдық сыйақы алу»,
айыппұл - 600 АЕК немесе 1 272 600 тг.), сондай-ақ
мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық
жасағаны үшін (теріс себептер бойынша жұмыстан босату)
тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
Айта кету керек, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік
қызметі туралы» Заңға сәйкес, бұл шектеулер мемлекеттік
қызметшіге көтермелеу ретінде берілген бағалы
сыйлықтарға қолданылмайды.
Осылайша, мемлекеттік қызметші өзінің қыхметтегі
бағыныстыларынан немесе оның қызметтік өкілеттіктері
қолданылатын өзге де адамдардан сыйға тарту
себептеріне қарамастан (мереке күндері, туған күндері,
қызметі бойынша жоғарылауы, жұмысқа орналасуы және
т.б.), сондай-ақ сыйлықтың түріне, санына, құнына және
өзге де сипаттамаларына қарамастан (кәмпиттер, торттар,
кәдесыйлар және т.б.) сыйлық қабылдауға құқылы емес.
Сонымен қатар, ресми тұлғаларға мүліктік пайда, игіліктер
мен артықшылықтар алу үшін сыйлықтар беруге және
қызметтен тыс қызмет көрсетуге тыйым салынады.
Үкіметтің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен
бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет
меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу,
сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына
сай, сыйлық алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн
ішінде арнайы мемлекеттiк қорға:
1) мемлекеттік қызметші білмей келіп түскен;
Достарыңызбен бөлісу: |